"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын атқару үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігi несиелер беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды және бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк бiлiмдiк несиелендiру бағдарламасының әкiмшiлерi болып белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен екi айлық мерзiмде мемлекеттiк студенттiк несие беру тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, өзгерту енгізілді - 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
4. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнен түсетiн несиелiк ресурстарды қабылдау және оларды мемлекеттiк бiлiмдiк несие бойынша жоғары бiлiмдi мамандар даярлауды жүзеге асырушы заңды тұлғаларға аудару үшiн, сондай-ақ қарыз алушылардың қаражатты қайтаруын есепке алу және бақылау үшiн белгiленген тәртiппен Астана қаласы Қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiн депозиттiк шот ашуды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен, өзгерту енгізілді - 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi
Ескерту. Мәтінде "Қаржы орталығы", "Қаржы орталығының", "Қаржы орталығына" деген сөздер тиiсiнше "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)", "Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттің)", "Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N 1117 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1. Осы Ереже мемлекеттiк білімдiк және мемлекеттiк студенттiк несиелердi беру үшiн Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңында көзделген қаражатты пайдаланудың және оларды кейiннен қайтарудың тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгiне мемлекеттік бiлiмдiк несиелендiру бойынша кадрларды даярлауға, осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген сомалар шегiнде, қаражат бөледi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi несие берудi жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен бюджетке қайтарылуына бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік бiлiмдiк несиелендiру бағдарламасының әкімшiлерi (бұдан әрi - Уәкiлетті органдар) болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
4. Мемлекеттiк бiлiмдiк және мемлекеттiк студенттiк несиелер республиканың жоғары оқу орындарында (бұдан әрi - жоғары оқу орындары) оқу үшiн қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының тұрақты кiрiс көзi бар еңбекке қабiлеттi азаматының немесе заңды тұлғаның кепiлдiгiн ұсынуы арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрi - қарыз алушылар) теңгемен берiледi. Қарыз алушылардың жекелеген санаттарына (жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар) мемлекеттік білімдік және мемлекеттiк студенттiк несиелер көрсетiлген кепiлдiк берусiз берiледi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, өзгерту енгізілді - 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
5. Несие қаражатын бөлу ай сайын жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiмдiк несие 15 (он бес) жылға дейiн, мемлекеттiк студенттiк несие 10 (он) жылға дейiн мерзiмге берiледi. Несие мерзiмiн есептеу үш жақты несие келiсiмi (бұдан әрi - үш жақты келiсiм) жасалған күннен басталады. Қарыз алушының несиенi өтеуi жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн алты айдан соң басталады. Төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) (бұдан әрi - сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арқылы, несиенi өтеу кестесiне сәйкес жылына кемiнде екi рет кезеңдiлiкпен республикалық бюджетке теңгемен төленедi.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, өзгерту енгізілді - 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) үш банкi күнi ішiнде несиелердi өтеу немесе игерiлмеген несие қаражаттарын қайтару шотына түскен қаржыларды республикалық бюджет кiрiсiне аударады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
7.
(алынып тасталды)
Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
2. Мемлекеттік бiлiмдік несиенi беру
8. Мемлекеттiк бiлiмдiк несие - кәсiби бiлiм беруге ақы төлеу үшiн оқушыларға берiлетiн мақсатты несие.
9. Мемлекеттiк бiлiмдiк несие талапкерлердi кешендi тест байқауынан өткiзудiң нәтижелерi бойынша берiлетiн мемлекеттiк сертификаттардың балдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыстың көлемiнде конкурстық негізде берiледi.
10.
(алынып тасталды)
Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
11. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі талапкерлердi тест байқауынан өткiзудi және елдiң жоғары оқу орындарына мемлекеттiк бiлiмдiк несиенi алуға талапкерлердi iрiктеудi ұйымдастырады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
12. Талапкер мемлекеттік бiлiмдiк несиенi алуға өзi оқитын мамандықты және жоғары оқу орнын таңдайды.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне оның ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарының мамандықтары бойынша талапкерлердi тест байқауынан өткiзудiң және мемлекеттік бiлiмдiк несиенi алуға талапкерлердi iрiктеудiң нәтижелерiн бередi.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен, 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
14. Уәкiлеттi органдар заем алушыға жоғары оқу орнын, мамандығын, несие алушыға мемлекеттiк бiлiмдiк несиенi алуға құқық беру туралы куәлiк бередi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
15.
(алынып тасталды)
Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
16. Заем алушы, жоғары оқу орны мен Сенiм бiлдiрiлген өкiлдің (агенттің) арасында несие беру сәтiндегі бағамен (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жыл сайын бекiтiлетiн қаулысына сәйкес несие мөлшерiн оқу жылында 1 студенттi оқыту шығыстарына кейiннен индекстеу арқылы), оқудың бүкiл мерзiмiне теңгемен жоспарланатын несиенiң мөлшерi, несиенiң мақсаты, несиенi берудiң шарттары мен өтеудiң мерзiмдерi, тараптардың мiндеттемелерi, оның iшiнде заем алушының несиенi қайтаруды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемесi (тұрақты табыс көзi бар, бiр немесе одан да көп еңбекке қабiлеттi азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кепiлгерлiгi) көзделетiн үш жақты келiсiм жасалады.
Кәмелетке толмаған қарыз алушылар ата-аналарының, асырап алушылардың немесе қорғаншылардың келісімімен үш жақты келісім жасайды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
, 2003.04.30. N
420
қаулыларымен.
17.
(алынып тасталды)
Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
18. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент), Уәкiлеттi органдар берген заем алушылардың тiзiміне сәйкес, несие қаражатын тiкелей жоғары оқу орындарының шотына нысаналы мақсат бойынша қолма-қол ақшасыз аударуды жүзеге асырады. Заем алушыларға мемлекеттiк бiлiмдiк несиенiң есебiне қолма-қол ақша қаражатын беруге тыйым салынады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
19. Сенiм бiлдiрiлген өкіл (агент) оқу аяқталғаннан кейiн қарыз алушыға мемлекеттік білім беру несиелерi бойынша нақты оқу кезеңiне берiлген несиенiң жалпы сомасы, оны қайтарудың шарттары мен мерзiмi туралы хабарламаны, несиенi өтеу кестесiн бередi, ал қарыз алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) нақты тұратын және/немесе тiркелген жерi, жұмысқа орналасқан жерi, кепiлдiк берушiнiң кiрiстерi туралы мәлiметтер бередi.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
19-1. Қарыз алушыны басқа оқу нысанына ауыстырған кезде, сондай-ақ студенттер мемлекеттiк бiлiм беру несиесi негiзiнде оқу құқығынан бас тартқан жағдайда мемлекеттiк бiлiм беру несиесiн алу құқығын беру туралы куәлiк жарамсыз деп танылады.
Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
20. Науқастануына не мемлекеттiк білiм беру гранттары бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.
Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен не өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы оқуды тоқтатқан күннен бастап бiр жыл iшiнде оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.
Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда берiлген несие сомасын өтеу жөнiндегi мiндеттемелер кепiлдiк берушiге жүктеледi. Несиенi қайтару мерзiмi үш жақты несие келiсiмiнде көрсетiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Несиенi өтеу берілген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қарыз алушы оқу бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақырылған не қарыз алушы жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскен жағдайда несиенi өтеу әскери қызметтен өту және оқу кезеңiне, бiрақ екi жылдан аспайтын кезеңге тоқтатылады, бұл ретте несиенi өтеу кестесi несиенi өтеу мерзiмiн өзгертусiз түзетуге жатады. Төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру үшiн қарыз алушы Сенiм бiлдiрілген өкілге (агентке) армияға шақырылғандығын немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскендігін растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтiнiш беруi қажет.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
21. Қарыз алушыға академиялық демалыс берілген жағдайда несие мерзімі қарыз алушы, жоғары оқу орны және Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арасындағы үш жақты келісімге тиісті қосымша келісімді ресімдеу арқылы академиялық демалыс кезеңіне ұзартылады. Уәкілетті органның бұл қарыз алушының несиесі бойынша қаржы бөлуі академиялық демалыс кезеңіне тоқтатылады және студенттің оқуын жалғастыруы туралы жоғары оқу орны бойынша бұйрық шыққаннан кейін қайтадан басталады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
3. Мемлекеттiк студенттік несиенi беру
22. Мемлекеттiк студенттiк несие - оқып жатқан адамға тамақтануға, тұруға және оқу әдебиеттерiн сатып алуға арналған шығындарды iшiнара өтеуге берiлетiн мақсатты несие.
23. Уәкiлетті органдар жоғары оқу орындарына мемлекеттiк студенттік несиелердi төлеу қорының лимитгерiн хабарлайды.
24. Жоғары оқу орны мемлекеттiк студенттiк несие алуға талапкерлердi iрiктейдi. Бұл ретте, бiрiншi кезекте, мемлекеттiк студенттiк несие жетiм-студенттерге, ата-ана қамқорлығынан айырылған студенттерге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан студенттерге және емтихандық сессияның қорытындысы бойынша жоғары көрсеткiш алған студенттерге берiледi. Аталған талаптар қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен расталуы керек.
25. Жоғары оқу орны жүргізiлген iрiктеудiң нәтижелерi туралы мәлiметтердi Уәкiлеттi органдарға хабарлайды.
26. Уәкiлеттi органдар заем алушыға бiр жыл оқуға арналған несиенiң мөлшерiн теңгемен көрсете отырып, мемлекеттiк студенттiк несие алуға құқық берiлгенi туралы хабар бередi.
27.
(алынып тасталды)
Ескерту. 27-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
28. Заем алушы, жоғары оқу орны мен Сенiм бiлдiрiлген өкiлдің (агенттің) арасында несие беру сәтiндегі бағамен, оқудың бүкiл мерзiмiне теңгемен жоспарланатын несиенiң мөлшерi, несиенiң мақсаты, несиенi берудiң шарттары мен өтеудiң мерзімдерi, тараптардың мiндеттемелерi, оның iшiнде заем алушының несиенi қайтаруды қамтамасыз ету жөнiндегі мiндеттемесi (тұрақты табыс көзi бар бiр немесе одан кеп еңбекке қабiлетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кепiлгерлiгi) көзделетiн үш жақты келiсiм жасалады. Үш жақты келiсiм бiр оқу жылына жасалады және әрбiр келесi оқу жылында қайта жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
29. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент), жоғары оқу орындары бөлiнiсiнде заем алушылардың тiзiмдерiне сәйкес, несие қаражатын тiкелей жоғары оқу орындарының шоттарына нысаналы мақсаттар бойынша қолма-қол ақшасыз аударуды жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының студенттік несие қаражатын беруі үш жақты келісім шарттарына сәйкес қолма-қол ақшамен немесе қарыз алушылардың кәртішке-шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
30.
(алынып тасталды)
Ескерту. 30-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
31. Науқастануына не мемлекеттiк білiм беру гранты бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен қайтарады.
Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен немесе өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын оқуды тоқтатқан күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтарады.
Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда берiлген несиенi қайтару жөнiндегi мiндеттемелер кепiлдiк берушiге жүктеледi. Несиенi қайтару мерзiмi үш жақты несие келiсiмiнде көрсетiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Несиенi өтеу берілген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4. Несие қаражатының мақсатты пайдаланылуын және несиелердiң өтелуiн бақылау
32. Уәкiлеттi органдар несие қаражатының уақытылы және мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ қаражаттың бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады.
33. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) түскен несие қаражаттарының сомалары туралы белгіленген нысан бойынша қарыз алушылар, мамандықтар мен курстар бөлінісінде тоқсан сайын Уәкілетті органдарға мәліметтер беріп отырады. Бұл ретте мәліметтерде қарыз алушылардың мемлекеттік білімдік несиелендіру шеңберінде жасасқан шарттарының нөмірлері мен күндері көрсетілуі тиіс.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
қаулысымен
.
34. Заем алушы басқа жоғары оқу орнына ауысқан, оған академиялық демалыс берiлген, ол оқудан шығарылған және заем алушының басқа да ауысулары болған, не заем алушының жоғары оқу орнымен байланысы үзiлген жағдайда, жоғары оқу орны бұл туралы Уәкiлеттi органға және Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) дереу хабарлайды.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N
1825
қаулысымен.
35. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жыл сайын Қазақстан Республикасының Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органына жоғары оқу орындарына аударылған несие қаражатының сомасы туралы, мамандықтар топтары бойынша жоғары оқу орындары мен қарыз алушылар бөлiнiсiнде несиелердi өтеу және игерiлмеген қаражатты қайтару сомасы туралы мәлiметтер, Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қаржы-экономикалық негiздемелермен және есептеулермен бiрге мемлекеттiк бiлiмдiк және мемлекеттiк студенттiк несиелердi қайтарудың болжамды көлемi туралы мәлiметтер берiп тұрады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.30. N
420
қаулысымен.
36. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) Қазақстан Республикасы Көшi-қон полициясының қызметтерiмен (бұдан әрi - көшi-қон полициясы) келiсiм бойынша оларға Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) алдында мемлекеттiк бiлiм беру және мемлекеттiк студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтардың тiзiмiн бередi. Мемлекеттiк бiлiм беру және мемлекеттiк студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтар көшi-қон полициясына елден тысқары шығу мақсатымен өтiнiш жасаған жағдайда, көшi-қон полициясы Сенiм бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) әрбiр жағдай бойынша жеке хабардар етедi.
Ескерту. 36-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N
1117
(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.