Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1018

Қолданыстағы
      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын Z990389_ атқару үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi несиелер беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды және бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк бiлiмдiк несиелендiру бағдарламасының әкiмшiлерi болып белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен екi айлық мерзiмде мемлекеттiк студенттiк несие беру тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісi жөнiндегi агенттiгiнен түсетiн несиелiк ресурстарды қабылдау және оларды мемлекеттiк бiлiмдiк несие бойынша жоғары бiлiмдi мамандар даярлауды жүзеге асырушы заңды тұлғаларға аудару үшiн, сондай-ақ қарыз алушылардың қаражатты қайтаруын есепке алу және бақылау үшiн белгiленген тәртiппен Астана қаласы Қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы Бiлiм және

ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiн депозиттiк шот 
ашуды камтамасыз етсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825  
              қаулысымен. 

P001825_

 
     
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнің
                                        1999 жылғы 20 шілдедегі
                                           N 1018 қаулысымен
                                              бекiтiлген
     
     Казақстан Республикасыньң жоғары оқу орындарында
      мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi
     
                    1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ереже мемлекеттiк білімдiк және мемлекеттiк студенттiк несиелердi беру үшiн Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңында көзделген каражатты пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне мемлекеттік бiлiмдiк несиелендiру бойынша кадрларды даярлауға, осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген сомалар шегiнде, қаражат бөледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгі несие берудi жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен бюджетке қайтарылуына бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік бiлiмдiк несиелендiру бағдарламасының әкімшiлерi (бұдан әрi - Уәкiлетті органдар) болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      4. Мемлекеттiк бiлiмдiк және мемлекеттiк студенттiк несиелер республиканың жоғары оқу орындарында (бұдан әрi - жоғары оқу орындары) оқу үшiн қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының тұрақты кiрiс көзi бар еңбекке қабiлеттi азаматының немесе заңды тұлғаның кепiлдiгiн ұсынуы арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрi - қарыз алушылар) теңгемен берiледi. Қарыз алушылардың жекелеген санаттарына (жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және т.б.) мемлекеттік білімдік және мемлекеттiк студенттiк несиелер көрсетiлген кепiлдiк берусiз, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен берiледi.
      Басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын ұлты қазақ адамдардың мемлекеттiк бiлiмдiк несиелер мен мемлелеттiк студенттiк несиелер алуға Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең құқығы бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      5. Несие қаражатын бөлу ай сайын жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiмдiк несие 15 (он бес) жылға дейiн, мемлекеттiк студенттiк несие 10 (он) жылға дейiн мерзiмге берiледi. Несие мерзiмiн есептеу үш жақты несие келiсiмi (бұдан әрi - үш жақты келiсiм) жасалған күннен басталады. Қарыз алушының несиенi өтеуi жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн алты айдан соң басталады. Төлемдер Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi - Қаржы орталығы) депозиттiк шоты арқылы жылына кемiнде екi рет кезеңдiлiкпен республикалық бюджетке теңгемен төленедi. <*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825  
              қаулысымен. 

P001825_

 
     6. Қаржы орталығы үш банкi күнi ішiнде несиелердi өтеу немесе 
игерiлмеген несие қаражаттарын қайтару шотына түскен қаржыларды 
республикалық бюджет кiрiсiне аударады.
     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825  
              қаулысымен. 

P001825_

 
     7.
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825  
              қаулысымен. 

P001825_

 
     
            2. Мемлекеттік бiлiмдік несиенi беру
     
     8. Мемлекеттiк бiлiмдiк несие - кәсiби бiлiм беруге ақы төлеу 
үшiн окушыларға берiлетiн мақсатты несие.


      9. Мемлекеттiк бiлiмдiк несие талапкерлердi кешендi тест байқауынан өткiзудiң нәтижелерi бойынша берiлетiн мемлекеттiк сертификаттардың балдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыстың көлемiнде конкурстық негізде берiледi.
      10. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      11. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі талапкерлердi тест байқауынан өткiзудi және елдiң жоғары оқу орындарына мемлекеттiк бiлiмдiк несиенi алуға талапкерлердi iрiктеудi ұйымдастырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      12. Талапкер мемлекеттік бiлiмдiк несиенi алуға өзi оқитын мамандықты және жоғары оку орнын таңдайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне оның ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарының мамандықтары бойынша талапкерлердi тест байкауынан өткiзудiң және мемлекеттік бiлiмдiк несиенi алуға талапкерлердi iрiктеудiң нәтижелерiн бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      14. Уәкiлеттi органдар заем алушыға жоғары оқу орнын, мамандығын, несие алушыға мемлекеттiк бiлiмдiк несиенi алуға құқық беру туралы хабарлама бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      15. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
                қаулысымен. P001825_
      16. Заем алушы, жоғары оқу орны мен Қаржы орталығының арасында несие беру сәтiндегі бағамен, оқудың бүкiл мерзiмiне теңгемен жоспарланатын несиенiң мөлшерi, несиенiң мақсаты, несиенi берудiң шарттары мен өтеудiң мерзiмдерi, тараптардың мiндеттемелерi, оның iшiнде заем алушының несиенi қайтаруды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемесi (тұрақты табыс көзi бар, бiр немесе одан да көп еңбекке қабiлеттi азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кепiлгерлiгi) көзделетiн үш жақты келiсiм жасалады. <*>
      Кәмелетке толмаған қарыз алушылар ата-аналарының, асырап алушылардың немесе қорғаншылардың келісімімен үш жақты келісім жасайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      17. <*>
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      18. Қаржы орталығы, Уәкiлеттi органдар берген заем алушылардың тiзiміне сәйкес, несие қаражатын тiкелей жоғары оқу орындарының шотына нысаналы мақсат бойынша қолма-қол ақшасыз аударуды жүзеге асырады. Заем алушыларға мемлекеттiк бiлiмдiк несиенiң есебiне қолма-қол ақша қаражатын беруге тыйым салынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      19. Оқу бiткеннен кейiн Қаржы орталығы заем алушыға оның оқуына жұмсалған бюджеттiк қаражаттың жалпы сомасы туралы хабарлама бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      20. Дәлелді себеппен (ауру) мемлекеттік білімдік несие бойынша оқуды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, оның оқуына жұмсалған соманы осы Ереженің 5-тармағында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті. Дәлелсіз сипаттағы себептермен (академиялық үлгермеуіне, оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін және т.б. бұзуына байланысты) мемлекеттік білімдік несие бойынша оқуын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, оның оқуына жұмсалған соманы оқуды тоқтатқан күнінен бастап бір жыл ішінде қайтаруға міндетті. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      21. Қарыз алушыға академиялық демалыс берілген жағдайда несие мерзімі қарыз алушы, жоғары оқу орны және Қаржы орталығы арасындағы үш жақты келісімге тиісті қосымша келісімді ресімдеу арқылы академиялық демалыс кезеңіне ұзартылады. Уәкілетті органның бұл қарыз алушының несиесі бойынша қаржы бөлуі академиялық демалыс кезеңіне тоқтатылады және студенттің оқуын жалғастыруы туралы жоғары оқу орны бойынша бұйрық шыққаннан кейін қайтадан басталады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_

               3. Мемлекеттiк студенттік несиенi беру

      22. Мемлекеттiк студенттiк несие - оқып жатқан адамға тамақтануға, тұруға және оку әдебиеттерiн сатып алуға арналған шығындарды iшiнара өтеуге берiлетiн мақсатты несие.
      23. Уәкiлетті органдар жоғары оқу орындарына мемлекеттiк студенттік несиелердi төлеу қорының лимитгерiн хабарлайды.
      24. Жоғары оку орны мемлекеттiк студенттiк несие алуға талапкерлердi iрiктейдi. Бұл ретте, бiрiншi кезекте, мемлекеттiк студенттiк несие жетiм-студенттерге, ата-ана қамқорлығынан айырылған студенттерге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан студенттерге және емтихандық сессияның қорытындысы бойынша жоғары көрсеткiш алған студенттерге берiледi. Аталған талаптар қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен расталуы керек.
      25. Жоғары оқу орны жүргізiлген iрiктеудiң нәтижелерi туралы мәлiметтердi Уәкiлеттi органдарға хабарлайды.
      26. Уәкiлеттi органдар заем алушыға бiр жыл оқуға арналған несиенiң мөлшерiн теңгемен көрсете отырып, мемлекеттiк студенттiк несие алуға құқық берiлгенi туралы хабар бередi.
      27. <*>
      ЕСКЕРТУ. 27-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      28. Заем алушы, жоғары оқу орны мен Қаржы орталығының арасында несие беру сәтiндегі бағамен, оқудың бүкiл мерзiмiне теңгемен жоспарланатын несиенiң мөлшерi, несиенiң мақсаты, несиенi берудiң шарттары мен өтеудiң мерзімдерi, тараптардың мiндеттемелерi, оның iшiнде заем алушының несиенi қайтаруды қамтамасыз ету жөнiндегі мiндеттемесi (тұрақты табыс көзi бар бiр немесе одан кеп еңбекке қабiлетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кепiлгерлiгi) көзделетiн үш жақты келiсiм жасалады. Үш жақты келiсiм бiр оқу жылына жасалады және әрбiр келесi оқу жылында қайта жасалуы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      29. Қаржы орталығы, жоғары оқу орындары бөлiнiсiнде заем алушылардың тiзiмдерiне сәйкес, несие қаражатын тiкелей жоғары оқу орындарының шоттарына нысаналы мақсаттар бойынша қолма-қол ақшасыз аударуды жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының студенттік несие қаражатын беруі үш жақты келісім шарттарына сәйкес қолма-қол ақшамен немесе қарыз алушылардың кәртішке-шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      30. <*>
      ЕСКЕРТУ. 30-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      31. Дәлелді себеппен (ауру) оқуды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, берілген студенттік несие сомасын осы Ереженің 5-тармағында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті. Дәлелсіз сипаттағы себептермен (академиялық үлгермеуіне, оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін және т.б. бұзуына байланысты) немесе өз тілегі бойынша оқуын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, оның оқуына жұмсалған соманы оқуды тоқтатқан күнінен бастап бір жыл ішінде қайтаруға міндетті. <*>
      ЕСКЕРТУ. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_

            4. Несие қаражатының мақсатты пайдаланылуын
                   және несиелердiң өтелуiн бақылау

      32. Уәкiлеттi органдар несие қаражатының уақытылы және мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ қаражаттың бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады.
      33. Қаржы орталығы түскен несие қаражаттарының сомалары туралы белгіленген нысан бойынша қарыз алушылар, мамандықтар мен курстар бөлінісінде тоқсан сайын Уәкілетті органдарға мәліметтер беріп отырады. Бұл ретте мәліметтерде қарыз алушылардың мемлекеттік білімдік несиелендіру шеңберінде жасасқан шарттарының нөмірлері мен күндері көрсетілуі тиіс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825
               қаулысымен. P001825_
      34. Заем алушы басқа жоғары оқу орнына ауысқан, оған академиялық демалыс берiлген, ол оқудан шығарылған және заем алушының басқа да ауысулары болған, не заем алушының жоғары оқу орнымен байланысы үзiлген жағдайда, жоғары оқу орны бұл туралы Уәкiлеттi органға және Қаржы орталығына дереу хабарлайды. <*>

     ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825         
              қаулысымен. 

P001825_

 
     35. Уәкілетті мемлекеттік органдар жоғары оқу орындарына аударылған 
несие қаражаттарының сомалары туралы, мамандықтар топтары бойынша жоғары 
оқу орындары мен қарыз алушылар бөлінісінде несиелерді өтеу және 
игерілмеген қаржыларды қайтару сомалары туралы жыл сайын Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлігіне мәліметтер беріп тұрады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 35-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1825 
              қаулысымен. 

P001825_

 


  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.