Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456
қаулысымен
.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді;<*>
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 9 шілдедегі
N 951 қаулысымен бекітілген
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 25-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"25-2. "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру
орталығы (ҚЖАО) республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
жүргізу құқығында) Астана қаласы";
бөлім, реттік нөмірі 474-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті
474. "Қазақстан инвестициялық компаниясы"
(KAZIC) республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы";
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1119
қаулысымен
.
3. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекет үлестік қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізілімі туралы ережеде:
5-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
4. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1129
қаулысымен
.