"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 951. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен. ~P000456

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456  қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді;<*>
      2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
1999 жылғы 9 шілдедегі   
N 951 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:  
      реттік нөмірі 25-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-2. "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру
             орталығы (ҚЖАО) республикалық
             мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
             жүргізу құқығында)                   Астана қаласы";
      бөлім, реттік нөмірі 474-жол мынадай редакцияда жазылсын:
            "Қазақстан Республикасының Қаржы
            министрлігі Мемлекеттік мүлік және
            жекешелендіру комитеті
     474.   "Қазақстан инвестициялық компаниясы"
            (KAZIC) республикалық мемлекеттік кәсіпорны
            (шаруашылық жүргізу құқығында)       Алматы қаласы";

      2. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1119  қаулысымен .

      3. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекет үлестік қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізілімі туралы ережеде:
      5-тармақтың күші жойылды деп танылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626  қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазынашылық мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету";            
      11-тармақтың 23) және 24) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің құрылымында:
      "Ақпараттық технологиялар басқармасы" деген жолдың күші жойылды деп танылсын.