Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiнiң тұтастығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 P980246_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсіпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Тiзілім ұстаушы мемлекетке тиесілi бағалы қағаздардың бастапқы ұстаушысы болып табылады.";
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" және "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi N 951 P990951_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 34, 303-құжат):
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын";
2-тармақта:
1) тармақшадағы "Кәсiпорындардың жарғыларына" деген сөздер "Кәсiпорынның жарғысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "Кәсiпорындарды" деген сөз "Кәсiпорынды" деген сөзбен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары