Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 мамыр N 663

Қолданыстағы
      Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк және көлiк құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.
      2. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк жеңiл автомобильдердi олардың балансына беру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:
      "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;
      2001 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;
      көлiк қызметiн көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 P981336_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында мiндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінiң шегiнде ғана жасау ұсынылсын.
      3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
      1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдасын;
      2) 2001 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;
      3) көлiк қызметін көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 P981336_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында міндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінің шегiнде ғана жасасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдарды қаржыландыруды қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.
      5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар үшін ұқсас Нормативтер әзiрлеу мен бекіту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалану шығыстарының лимитi шегiнде көлiк қызметiн көрсетуге жасалған шарттарға қатаң сәйкес қаражаттардың жұмсалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңдарда белгіленген 
тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған  
шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
     7. Осы қаулы 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
       
                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           1999 жылғы 27 мамырдағы
                                         N 663 қаулысымен бекітілген
     
     Ескерту. Қосымшаның атауы өзгерді, 6 баған алынып тасталды - ҚР       
              Үкіметінің 2000.03.06. N 359 қаулысымен. 

P000359_

 
     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.22. N 1098           
              қаулысымен. 

P011098_

 
     
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін
        көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік 
                             Нормативі
<*>

 ________________________________________________________________________
|N |  Меморгандардың |    Лауазымның        |Автомобильдерсаны |Қозғалт. 
|р/|      атауы      |      атауы           |__________________|қыштың 
|с |                 |                      |қызметтік|кезекші |көлемі,   
|  |                 |                      | жеңіл   |        |текше см.
|  |                 |                      |(1 бірл.)|        |           
|__|_________________|______________________|_________|________|_________
|1 |        2        |          3           |   4     |   5    |   6    
|__|_________________|______________________|_________|________|_________
|1 |                 |Парламент Палатасының |   1     |        |     
|  |                 |Төрағасы              |         |        |           
|  |                 |Премьер-Министр       |   1     |        |     
|  |                 |Мемлекеттік Хатшы     |   1     |        |     
|__|_________________|______________________|_________|________|
|2 |Президент        |Президент Әкімшілігі. |   1     |        |     
|  |Әкімшілігі       |нің басшысы           |         |        |           
|  |                 |Қауіпсіздік Кеңесінің |   1     |        |     
|  |                 |Хатшысы               |         |        |           
|  |                 |Президенттің Көмекшісі|   1     |        |     
|  |                 |Президент Әкімшілігі  |   1     |        |     
|  |                 |Басшысының орынбасары |         |        |           
|  |                 |Президенттің хаттама. |   1     |        |     
|  |                 |лық қызметінің басшысы|         |        |           
|  |                 |Президент Кеңсесінің  |   1     |        |     
|  |                 |меңгерушісі           |         |        |           
|  |                 |Парламент Сенатындағы |   1     |        |     
|  |                 |Президенттің өкілі    |         |        |           
|  |                 |Парламент Мәжілісінде.|         |        |           
|  |                 |гі Президенттің өкілі |   1     |        |     
|  |                 |Президент баспасөз    |         |        |           
|  |                 |қызметінің басшысы    |   1     |        |     
|  |                 |Қонақтарға арналған   |         |   18   |     
|__|_________________|______________________|_________|________|
|3 |Президенттің Іс  |Президенттің Ісін     |   1     |        |     
|  |Басқармасы       |Басқарушы             |         |        |           
|  |                 |Президент Ісін Басқа. |   1     |        |      
|  |                 |рушының орынбасары    |         |        |           
|__|_________________|______________________|_________|________|
|4 |Парламент        |Парламент Палатасы    |   1     |        |     
|  |                 |Төрағасының орынбасары|         |        |           
|  |                 |Депутаттар            |         |3-не    |           
|  |                 |                      |         |1-бірл. |    
|  |_________________|______________________|_________|________|
|  |Парламент        |Парламент Палатасы    |   1     |        |      
|  |Аппараты         |аппаратының басшысы   |         |        |           
|  |                 |Парламент аппараты    |         |        |           
|  |                 |басшысының орынбасары |   1     |        |      
|  |                 |Қонақтарға арналған   |         |   4    |      
|__|_________________|______________________|_________|________|
|5 |Премьер-Министр. |Премьер-Министрдің    |   1     |        |     
|  |дің Кеңсесі      |орынбасары            |         |        |           
|  |                 |Премьер-Министр Кең.  |   1     |        |     
|  |                 |сесінің Басшысы       |         |        |           
|  |                 |Премьер-Министр Кеңсе.|         |        |           
|  |                 |сесі Басшысының орын. |   1     |        |      
|  |                 |басары                |         |        |           
|  |                 |Қонақтарға арналған   |         |   14   |     
|__|_________________|______________________|_________|________|
|6 |ҚР Президентіне  |Төраға (Бас Прокурор) |   1     |        |     
|  |тікелей бағынысты|Төрағаның (Бас проку. |   1     |        |      
|  |және есеп беретін|рордың) орынбасары    |         |        |           
|  |                 |Конституциялық Кеңес. |         |        |           
|  |мемлекеттік      |тің және Есеп комите. |         |        |           
|  |мекемелер        |тінің мүшелері        |   1     |    1   |      
|  |(оның ішінде     |                      |         |        |           
|  |Орталықсайлау.   |                      |         |        |           
|  |комы)            |                      |         |        |           
|__|_________________|______________________|_________|________|
|7 |ҚР Президентіне  |                      |         |        |           
|  |тікелей бағынысты|                      |         |        |           
|  |және есеп беретін|                      |         |        |           
|  |мемлекеттік      |                      |         |        |           
|  |мекемелердің     |                      |         |        |           
|  |аумақтық бөлімше.|                      |         |        |           
|  |лерi             |                      |         |        |           
|  |1) облыстың      |Бастық (төраға,       |   1     |        |      
|  |(республикалық   |прокурор              |         |        |           
|  |маңызы бар қала. |                      |         |        |           
|  |лардың және аста.|                      |         |        |           
|  |наның)           |                      |         |        |           
|  |2) аудандық      |Бастық (төраға,       |    1    |        |      
|  |                 |прокурор)             |         |        |           
|__|_________________|______________________|_________|________|
|8 |Жоғарғы сот      |Жоғарғы соттың        |   1     |        |     
|  |                 |Төрағасы              |         |        |           
|  |                 |Жоғарғы соттың        |         |        |           
|  |                 |Судьялары             |         |3-не    |      
|  |                 |                      |         |1 бірл. |           
|__|_________________|______________________|_________|________|
|9 |Облыстық, Астана |Сот төрағасы          |         |        |           
|  |және Алматы қала.|                      |         |        |           
|  |ларының соттары  |                      |    1    |        |      
|  |Аудандық соттар  |Сот төрағасы          |    1    |        |      
|  |Әскери соттар    |Сот төрағасы          |    1    |        |      
|__|_________________|______________________|_________|________|
|10|Министрліктер мен|Министр (Агенттіктің  |   1     |        |     
|  |Агенттіктер      |төрағасы)             |         |        |           
|  |                 |Министрдің орынбасары |   1     |        |      
|  |                 |(Агенттіктің төрағасы)|         |        |           
|  |                 |Министрліктер жанын.  |   1     |        |      
|  |                 |дағы комитеттің       |         |        |           
|  |                 |басшысы               |         |        |           
|__|_________________|______________________|_________|________|
|11|"Байқоңыр" ғарыш |Арнайы өкіл           |   1     |        |      
|  |аймағындағы ар.  |                      |         |        |           
|  |найы өкілдің     |                      |         |        |           
|  |аппараты         |                      |         |        |           
|__|_________________|______________________|_________|________|
|12|Орталық атқарушы |                      |         |        |           
|  |органдардың ау.  |                      |         |        |           
|  |мақтық бөлімшеле.|                      |         |        |           
|  |рі               |                      |         |        |           
|  |1)облыстың (рес. |Бастық                |   1     |        |      
|  |публикалық маңы. |                      |         |        |           
|  |зы бар қалалардың|                      |         |        |           
|  |және астананың)  |                      |         |        |           
|  |2) аудандық      |Бастық                |   1     |        |      
|__|_________________|______________________|_________|________|
|13|Меморгандардың   |                      |         |        |           
|  |орталық аппараты.|                      |         |        |           
|  |на көлік қызметін|                      |         |        |           
|  |көрсету І топ:   |                      |         |        |           
|  |Президент Әкімші.|Қызметкерлердің саны  |         |   1    |     
|  |лігі             |20-дан 50-ге дейін    |         |        |           
|  |                 |болғанда              |         |        |           
|  |Парламент аппара.|50-ден 100-ге дейін   |         |   2    |     
|  |ты               |                      |         |        |           
|  |Премьер-Министр. |100-ден 150-ге дейін  |         |   3    |      
|  |дің Кеңсесі      |                      |         |        |           
|  |Есеп комитеті    |150-ден 200-ге дейін  |         |   4    |      
|  |Бас прокуратура  |200-ден 250-ге дейін  |         |   5    |      
|  |Мемқызмет жөнін. |250-ден 300-ге дейін  |         |   6    |      
|  |дегі агенттік    |                      |         |        |           
|  |Сыбайлас жемқор. |                      |         |        |      
|  |лықпен күрес     |                      |         |        |           
|  |жөніндегі        |                      |         |        |           
|  |мем.комитет      |300-ден жоғары        |         |   7    |           
|  |Жоғарғы сот      |                      |         |        |           
|  |ІІ топ: 1 топта  |                      |         |   1    |     
|  |аталғандардан    |                      |         |        |           
|  |басқа, барлық    |                      |         |        |           
|  |мемлекеттік      |Қызметкерлердің саны  |         |        |           
|  |органдар         |50-ден 100-ге дейін   |         |        |           
|  |                 |болғанда              |         |        |           
|  |                 |100-ден 200-ге дейін  |         |   2    |      
|  |                 |200-ден 350-ге дейін  |         |   3    |      
|  |                 |350-ден 500-ге дейін  |         |   4    |      
|  |                 |500-ден 750-ге дейін  |         |   5    |      
|  |                 |750-ден 1000-ге дейін |         |   6    |      
|  |                 |1000-нан жоғары       |         |   7    |      
|  |                 |                      |         |        |
|  |ІІ-топ: І-топта  |Қызметкерлердің       |         |   1    |3000-нан   
|  |көрсетілгендерден|саны 50-ден 100-ге    |         |        |аспайды   
|  |басқа,           |дейін болғанда        |         |   2    |3000-нан  
|  |барлық           |100-ден 200-ге дейін  |         |        |аспайды 
|  |Мемлекеттік      |200-ден 350-ге дейін  |         |   3    |3000-нан  
|  |Органдар         |                      |         |        |аспайды
|  |                 |350-ден 500-ге дейін  |         |   4    |3000-нан  
|  |                 |                      |         |        |аспайды  
|  |                 |500-ден 750-ге дейін  |         |   5    |3000-нан  
|  |                 |                      |         |        |аспайды
|  |                 |750-ден 1000-ға дейін |         |   6    |3000-нан  
|  |                 |                      |         |        |аспайды
|  |                 |1000-нан жоғары       |         |   7    |3000-нан  
|  |                 |                      |         |        |аспайды
<*>

|__|_________________|______________________|_________|________|
         
         
    Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Нарбаев Е.