Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбына және кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.31. N 725 Қаулысымен.

      Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк және көлiк құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.

      2. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi олардың балансына беру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:
      "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдау;
      2010 жылға дейiн қызметтік жеңіл автомобильдер паркiн жаңартпау.
      Ескерту. 2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.31. N 725 , 2009.03.24. N 388 Қаулыларыымен.

      3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
      1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдасын;
      2) 2010 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;
      3) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.24. N 388 Қаулысымен).
      Ескерту. 3-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.31. N 725 , 2009.03.24. N 388 Қаулыларымен.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдарды қаржыландыруды қызметтік автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.

      5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар үшін ұқсас Нормативтер әзiрлеу мен бекіту және қызметтік автомобильдердi пайдалану шығыстарының лимитi шегiнде көлiк қызметiн көрсетуге жасалған шарттарға қатаң сәйкес қаражаттардың жұмсалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

      7. Осы қаулы 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің              
1999 жылғы 27 мамырдағы       
N 663 қаулысымен бекітілген      

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің
тиістілік нормативі

       Ескерту. Тиістілік нормативі жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2009.08.06. N 1189 Қаулыcымен.

Р/с
N

Мемлекеттік органның атауы

Лауазымның атауы

Автомобильдер саны

Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа)

1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км)

қызметтік (1 бірлік)

кезекші (оның ішінде автобустар)

1

2

3

4

5

6

7

1


Парламент Палатасының Төрағасы

1



2600

Премьер-Министр

1



2600

Мемлекеттік хатшы

1



2600

2

Президент Әкімшілігі

Президент Әкімшілігінің Басшысы

1



2600

Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

1



2600

Президенттің көмекшісі

1



2600

Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы

1



2000

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

1



2000

Президент Кеңсесінің бастығы

1



2000

Президенттің Баспасөз хатшысы

1



2600

Президенттің Протокол бастығы

1



2600

Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы

1



2000

Астана қаласында

15



2600

Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету


5


2600

Қонақтарға арналған


25


***

3

Президенттің Іс басқармасы

Президенттің Іс басқарушысы

1



2600

Президенттің Іс басқарушысының орынбасары

1



2600

Аппарат, ведомство басшысы

1



2000

4

Парламент

Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары

1



2600

Тұрақты комитет төрағасы


1


2000

Депутаттар


3-не 1 бірлік


2600

5

Парламент Аппараты

Парламент Палатасының аппарат басшысы

1



2000

Парламенттің аппарат басшысының орынбасары

1



2000

Қонақтарға арналған


4


***

6

Премьер-Министрдің Кеңсесі

Премьер-Министрдің орынбасары

1



2600

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

1



2600

Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары

1



2000

7

Конституциялық Кеңес

Төраға

1



2600

Конституциялық Кеңес мүшелері

1

1


2000

Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы

1



2000

8

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы)

Төраға

1



2600

Төрағаның орынбасары

1



2600

Есеп комитетінің мүшелері

1



2000

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері


5-не 2 бірлік


2600

Есеп комитетінің аппарат басшысы

1



2000

9

Жоғарғы Сот

Жоғарғы Соттың Төрағасы

1



2600

Жоғарғы Сот алқасының төрағасы

1



2600

Жоғарғы Соттың судьялары


3-не 1 бірлік


2600

Жоғарғы Соттың аппарат басшысы

1



2000

Жоғарғы Соттың аппарат басшысының орынбасары

1



2000

Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасы

1



2000

Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасының орынбасары

1



2000

10

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар

Сот төрағасы

1



2600

Сот алқасының төрағасы

1



2600

11

Аудандық және оларға теңестірілген соттар

Сот төрағасы

1



2600

12

Бас прокуратура

Бас прокурор, Бас әскери прокурор

1



2600

Бас прокурордың, Бас әскери прокурордың орынбасары

1



2600

Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы

1



2000

Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары

1



2000

13

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар

Прокурор

1



2600

Прокурордың орынбасары

1



2600

14

Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар

Прокурор

1



2600

15

Министрліктер мен агенттіктер

Министр

1



2600

Агенттік төрағасы

1



2600

Министрдің орынбасары

1



2600

Агенттік төрағасының орынбасары

1



2600

Жауапты хатшы

1



2600

16

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі

1



5000

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары

1



5000

Облыстық мәслихат хатшысы

1



2600

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы

1



2600

17

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі

1



3900

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары

1



3900

Аудандық мәслихат хатшысы

1



2000

Аудандағы қала, қаладағы, селодағы, селолық округтегі, кенттегі, ауылдағы аудан әкімі

1



3900

18

Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны:






100-ге дейін



1

3000-нан көп емес

***

100-ден 200-ге дейін



2

3000-нан көп емес

***

200-ден 300-ге дейін



3

3000-нан көп емес

***

300-ден 500-ге дейін



4*

3000-нан көп емес

***

500-ден жоғары мемлекеттік органдардың орталық аппаратына, олардың ведомстволарын қоса алғанда, көлік қызметін көрсету



5

3000-нан көп емес

***

19

Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны:






100-ге дейін



1

3000-нан көп емес

***

100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету



2

3000-нан көп емес

***

20

Арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету



1

3000-нан көп емес

***

21

Облыстық бюджеттен қаржыландыр ылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету



1

3000-нан көп емес

***

22

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету



1

3000-нан көп емес

***

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін

** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады

*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді