Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк және көлiк құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк жеңiл автомобильдердi олардың балансына беру;
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:
"Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;
2001 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;
көлiк қызметiн көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N
1336
қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында мiндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінiң шегiнде ғана жасау ұсынылсын.
3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдасын;
2) 2001 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;
3) көлiк қызметін көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N
1336
қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында міндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінің шегiнде ғана жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдарды қаржыландыруды қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.
5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар үшін ұқсас Нормативтер әзiрлеу мен бекіту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалану шығыстарының лимитi шегiнде көлiк қызметiн көрсетуге жасалған шарттарға қатаң сәйкес қаражаттардың жұмсалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
N 663 қаулысымен бекітілген
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.03.06. N 359 , 2001.08.22. N 1098 , 2002.02.14. N 216 , 2005.03.18. N 248 , 2005.12.02. N 1185 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.08.08. N 745 , 2007.04.09. N 281 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің
тиістілік Нормативі
____________________________________________________________________
|N | Меморгандардың | Лауазымның |Автомобильдерсаны| Қозғалт.
|р/| атауы | атауы |_________________|қыштың
|с | | |қызметтік|кезекші|көлемі,
| | | | жеңіл | |текше см.
| | | |(1 бірл.)| |
|__|_________________|_________________|_________|_______|_________
|1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
|__|_________________|_________________|_________|_______|_________
1 Парламент Палатасының 1
Төрағасы
Премьер-Министр 1
Мемлекеттік Хатшы 1
___________________________________________________________________
2 Президент Президент Әкiмшiлiгiнiң 1
Әкiмшiлiгi Басшысы
Президенттің көмекшісі -
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1
хатшысы
Президенттің көмекшiсі 1
Президент Әкiмшілігi
Басшысының бiрiншi 1
орынбасары
Президент Әкiмшілігі
Басшысының орынбасары 1
Президент Кеңсесiнiң 1
бастығы
Президенттiң Баспасөз 1
хатшысы
Президенттің Протокол 1
бастығы
Президенттiң Парламенттегi
өкілдігінің басшысы 1
Қонақтарға арналған 25
Алматы қаласында көліктік
қызмет көрсету 15 14
____________________________________________________________________
3 Президенттің Іс Президенттің Ісін 1
Басқармасы Басқарушы
Президент Ісін Басқа. 1
рушының орынбасары
____________________________________________________________________
Ведомство басшысы 1
4 Парламент Парламент Палатасы 1
Төрағасының орынбасары
Депутаттар 3-не
1-бірл.
____________________________________________________________________
Парламент Парламент Палатасы 1
Аппараты аппаратының
басшысы
Парламент
аппараты
басшысының орынбасары 1
Қонақтарға арналған 4
____________________________________________________________________
5 Премьер-Министр. Премьер-Министрдің 1
дің Кеңсесі орынбасары
Премьер-Министр Кең. 1
сесінің Басшысы
Премьер-Министр Кеңсе.
сесі Басшысының орын. 1
басары
Қонақтарға арналған 14
____________________________________________________________________
6 ҚР Президентіне Төраға (Бас Прокурор) 1
тікелей бағынысты Төрағаның (Бас проку. 1
және есеп беретін рордың) орынбасары
мемлекеттік Конституциялық Кеңес.
мекемелер тің және Есеп комите.
(оның ішінде тінің мүшелері 1 1
Орталықсайлау. Орталық сайлау комис-
комы) сиясының хатшысы және
мүшелерi 1
Конституциялық Кеңес
Аппаратының басшысы 1
____________________________________________________________________
7 ҚР Президентіне
тікелей бағынысты
және есеп беретін
мемлекеттік
мекемелердің
аумақтық бөлімше.
лерi
1) облыстың Бастық (төраға, 1
(республикалық прокурор
маңызы бар қала. прокурордың орынбасары 1
лардың және аста.
наның)
2) аудандық Бастық (төраға, 1
прокурор)
____________________________________________________________________
8 Жоғарғы Сот Жоғарғы Соттың Төрағасы 1
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы 1
Жоғарғы Соттың судьялары 3-еуiне 1 бiрлiк
Жоғарғы Сот аппаратының басшысы 1
Жоғарғы Сот аппараты басшысының
орынбасары 1
9 Облыстық Сот төрағасы 1
және оларға Сот алқасының төрағасы 1
теңесті-
рілген
соттар
Аудандық Сот төрағасы 1
және оларға
теңестi-
рілген
соттар
____________________________________________________________________
10 Министрліктер Министр (Агенттіктің 1
мен Агенттік- төрағасы)
тер Министрдің орынбасары 1
(Агенттіктің төрағасы)
Министрліктер жанын. 1
дағы комитеттің
басшысы
____________________________________________________________________
11 "Байқоңыр" ғарыш Арнайы өкіл 1
аймағындағы ар.
найы өкілдің
аппараты
____________________________________________________________________
12 Орталық атқарушы
органдардың ау.
мақтық бөлімшеле.
рі
1)облыстың (рес. Бастық 1
публикалық маңы.
зы бар қалалардың
және астананың)
2) аудандық Бастық 1
3) өңiраралық Бастық 1
4) АЭА аумағында Бастық 1
____________________________________________________________________
13 Меморгандардың
орталық аппараты.
на көлік қызметін
көрсету І топ:
Президент Әкімші. Қызметкерлердің саны 1
лігі 20-дан 50-ге дейін
болғанда
Парламент аппара. 50-ден 100-ге дейін 2
ты
Премьер-Министр. 100-ден 150-ге дейін 3
дің Кеңсесі
Парламент Сенаты-
ның және Мәжілi-
сiнiң Аппараттары
Есеп комитеті 150-ден 200-ге дейін 4
Конституциялық
Кеңес
Бас прокуратура 200-ден 250-ге дейін 5
Орталық сайлау
комиссиясы
Мемқызмет жөнін. 250-ден 300-ге дейін 6
дегі агенттік
Жоғарғы сот
ІІ топ: 1 топта 1
аталғандардан
басқа, барлық
мемлекеттік Қызметкерлердің саны
органдар 50-ден 100-ге дейін
болғанда
100-ден 200-ге дейін 2
200-ден 350-ге дейін 3
350-ден 500-ге дейін 4
500-ден 750-ге дейін 5
750-ден 1000-ге дейін 6
1000-нан жоғары 7
ІІ-топ: І-топта Қызметкерлердің 1 3000-нан
көрсетілгендерден саны 50-ден 100-ге аспайды
басқа, дейін болғанда 2 3000-нан
барлық 100-ден 200-ге дейін аспайды
Мемлекеттік 200-ден 350-ге дейін 3* 3000-нан
Органдар аспайды
350-ден 500-ге дейін 4 3000-нан
аспайды
500-ден 750-ге дейін 5 3000-нан
аспайды
750-ден 1000-ға дейін 6 3000-нан
аспайды
1000-нан жоғары 7 3000-нан
аспайды
* Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
____________________________________________________________________