Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығының 2-бабына және Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.19. N 1325
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. Атауы мен 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.24. N 1451
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.19. N 1325
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін;
2) оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.24. N 1451 қаулысымен.
4. Заңдарға сәйкес Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
1) аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингiн; <*>
2) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөнiндегi iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау;
2-1) <*>
2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату.
2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткiзу;
2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру.
ЕСКЕРТУ. 4-тармағы өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.01.13. N 72
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.19. N 1325
қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 504-реттік нөмірмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Өсімдіктер карантині жөніндегі комитеті
504 "ФУМЭКС" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы".