Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 649

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығының  2-бабына  және Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.19. N  1325  қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.24. N  1451 , 2002.12.19. N  1325  қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
      1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін;
      2) оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
       Ескерту.. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.24. N  1451  қаулысымен.

      4. Заңдарға сәйкес Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
      1)  алынып тасталды - 2006.01.09. N 28 қаулысымен.
      2) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөнiндегi iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау;
      2-1)  алынып тасталды
      2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату.
      2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткiзу;
      2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.01.13.  N 72 , 2002.12.19. N  1325 ,  2006.01.09.  N 28   ( 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi )  қаулыларымен.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 504-реттік нөмірмен толықтырылсын:
              "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігінің Өсімдіктер карантині жөніндегі комитеті     

504   "ФУМЭКС" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны
      (шаруашылық жүргізу құқығында)      Астана қаласы".     

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі