Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 649

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U992335_ заң күші бар Жарлығының 2-бабына және Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" өсімдіктерді, өсімдік текті өнімдерді және өзге де карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандыруды және сараптама жасауды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы мен 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасы
               Үкіметінің 1999.09.24. N 1451 қаулысымен. P991451_

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде: <*>
      1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін;
      2) оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
               1999.09.24. N 1451 қаулысымен. P991451_
      4. Заңдарға сәйкес Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
      1) өсімдіктерде, өсімдік текті өнімдерде, өзге де карантинге

жатқызылған өнімдерде аса қауіпті зиянкестердің, өсімдік аурулары мен 
арам шөптердің бар екендігін сараптау;
<*>

     2) карантиндік зиянкестерге, өсімдіктердің ауруларына және арам 
шөптерге қарсы іс-шаралар жүргізу.
<*>

     2-1) аумақтардың фитосанитарлық жағдайы туралы ақпараттарды жинау 
мен дайындау;
<*>

     2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармағы өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасы 
              Үкіметінің 2000.01.13. N 72 қаулысымен.  

P000072_

         
     
     5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы 
N 790  

P960790_

  "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесі туралы" 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысына 
мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 504-реттік 
нөмірмен толықтырылсын:
               "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
       министрлігінің Өсімдіктер карантині жөніндегі комитеті
     
504   "ФУМЭКС" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны
      (шаруашылық жүргізу құқығында)      Астана қаласы".
     
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл 
шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
 
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Омарбекова А.