"ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 қаңтар N 72

      Мемлекеттік мүліктің сақталуының және тиімді пайдаланылуының есебін жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Заңды тұлғалардың балансында бекітілмеген мемлекеттік мүлік (табиғи ресурстарды қоспағанда) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітуге жатады деп белгіленсін.
      2. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, бір ай мерзімде Қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық құны 600 және одан жоғары айлық есептік көрсеткішті құрайтын, заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүліктің (табиғи ресурстарды қоспағанда), сондай-ақ баланстарына көрсетілген мүлікті бекіту ұсынылған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің тізбесін айқындасын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитеті екі ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:

     1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мүлікті

республикалық және коммуналдық меншікке бөлу;

     2) республикалық меншікке жатқызылған мемлекеттік мүлікті

республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік

мекемелерге бекіту жөнінде ұсыныс енгізсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                           2000 жылғы 13 қаңтардағы

                                                 N 61 қаулысына

                                                      қосымша


     Баланстық құны 600 және одан жоғары айлық есептік көрсеткішті

      құрайтын, заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүліктің

      (табиғи ресурстарды қоспағанда), сондай-ақ баланстарына

      көрсетілген мүлікті бекіту ұсынылған мемлекеттік кәсіпорындар

            мен мемлекеттік мекемелердің тізбесі


________________________________________________________________________

  N   Заңды тұлғаға! Бекітілмеген! Бекітілмеген! Мүлікті бекіту

  р/с  бекітілмеген    мүліктің      мүліктің    ұсынылатын заңды тұлға

         мүлік         бағалану     орналасқан  

                         құны          жері

________________________________________________________________________

                                               !Бірегей !Атауы! Мемлекет.

                                                коды*           тік мен.

                                                                шіктің

                                                                түрі

________________________________________________________________________

1        2                              3        4        5        6    

________________________________________________________________________


     *Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекеттің үлестік

қатысуымен шаруашылық серіктестіктердің тізіліміне сәйкес бірегей код





     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.