Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 481

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ережесі;
      2) <*>
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_
      2. Бекітілген адам санының лимитінен:
      Агенттіктің орталық аппаратының 26 адамын - әскери қызметшілер және 32 адамын - аттестацияланған қызметшілер құрайды;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің республикалық бюджеттен ұсталатын аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарының 1432 адамын - әскери қызметшілер штат санының лимиті құрайды және 134 адамын аттестацияланған қызметшілердің саны құрайды деп белгіленсін. <*>
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі

агенттігінің төрағасына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуға 
рұқсат етілсін.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

   
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.17. N 1733          
              қаулысымен.  

P991733_

  
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 40          
              қаулысымен.  

P010040_

   
     4. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301  
              қаулысымен.  

P991301_

 


      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1593 P971593_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 458-құжат) 1-3-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі бір ай мерзімде заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                       Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 481 қаулысымен бекітілген


          Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
              жөніндегі агенттігі туралы
                       Ереже

                 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, салааралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы* төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және тау-кен қадағалау саласындағы арнаулы атқарушылық және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын, орталық атқарушы орган болып табылады.
      * Әлеуметтік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар Агенттіктің
         құзыретіне кірмейді
      2. Агенттік өз қызметінде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, онда

оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға 
құқығы бар.
     4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда 
белгіленген тәртіппен республиканың аумағында міндетті күші бар бұйрықтар 
шығарады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

   
     5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының
Yкіметі бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

   
     
     6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
     480091, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.05.07. N 501 
              қаулысымен.  

P020501_

   
     7.Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Төтенше 
жағдайлар жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
     8. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
жүзеге асырылады.
     Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары 
болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға 
тыйым салынады.
     
             2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және
                              құқықтары
     
     10. Агенттіктің негізгі міндеттері:


      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, елдің азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және тау-кен қадағалау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және оны іске асыру;
      2) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және оны одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;
      3) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, білімді насихаттау, халықты және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мамандарды оқыту;
      4) Азаматтық қорғаныстың міндеттерін шешуге бағытталған мақсатты бағдарламаларды әзірлеуді және орындауды ұйымдастыру;
      5) өрттің алдын алуды ұйымдастыру;
      6) Агенттікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
      11. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда ғылыми мекемелердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, елдің азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау саласындағы жұмысын үйлестіреді;
      2) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға, азаматтық қорғанысқа, мемлекеттік өртке қарсы қызметке, мемлекеттік суда құтқару қызметіне өзінің қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтеріне, төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
      3) бөлінген қаржының шегінде республикалық бюджеттің қаражатынан төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық қорларды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған резервінен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;
      5) төтенше жағдайларды жою кезінде меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;
      6) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етеді;
      7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
      8) өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясындағы мәліметтердің тізбесін және оны ресімдеудің тәртібін бекітеді;
      9) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысады және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
      10) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асырады;
      11) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді, ізгілік акцияларын өткізуді ұйымдастырады;
      12) мемлекеттік өрт қадағалауды және азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік қадағалауды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылауды, өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалауды және тау-кен қадағалауды жүзеге асырады;
      13) өз құзыретінің шегінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;
      14) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Агенттіктің негізгі міндеттерді іске асыруы және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Агенттік құзыретінің аясын реттейтін заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) өз құзыретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
      3) министрліктерге, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, өзге де заңды және жеке тұлғаларға міндетті күші бар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде нұсқама беруге;
      4) өз құзыретінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау мен жүргізу мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауға;
      5) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан (оның ішінде компьютераралық байланыс арналары арқылы) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен мәлімет сұратуға және алуға;
      6) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті иеленуді және пайдалануды жүзеге асыруға;
      7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне құқық қорғау органдарының, қарулы күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын аварияларды, апаттарды және табиғи зілзалаларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында қоғамдық тәртіпті және объектілерді күзетуді қамтамасыз етуге тарту туралы ұсыныс енгізуге;
      8) өз құзыретінің шегінде аттестациялауды жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға тиісті жұмыс түрлерін жүргізуге белгіленген үлгідегі өзге де рұқсат құжаттарын беруге;
      9) лицензиарға тиісті лицензиат жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бөлігінде заңдарды ұдайы немесе өрескел бұзған жағдайда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына арналған лицензияларды тоқтата тұру немесе оларды кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге;
      10) белгіленген тәртіппен бекітілген айырым белгілерімен, арнаулы дабылдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлік құралдары болуға;
      11) адамдардың өміріне қатер төнуі немесе авария пайда болу қауіпі туғанда объектілердің жұмысын тоқтатуға немесе тоқтата тұруға, эвакуациялық іс-шараларды жүргізуге;
      12) егер көрсетілген ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететін объектілік кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының даярлығы мен жағдайы авариялық-құтқару қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі белгілеген нормативтерге жауап бермейтін жағдайда, ұйымдардың қызметін толық немесе ішінара тоқтата тұруға;
      13) Агенттіктің өтінімі бойынша Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің жанындағы Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік комиссия бөлген республиканың бүкіл аумағы бойынша бірыңғай радиожиіліктер белдеулері болуға;
      14) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою проблемалары жөнінде журналдар, режимдік анықтамалықтар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар шығаруға;
      15) заңдарға сәйкес өзге де құқықты жүзеге асыруға құқығы бар.
      13. Агенттік қызметкерлерінің төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды және өзге де құтқару жұмыстарын жүргізу үшін заңдарға сәйкес:
      1) көрсетілген жұмыстарды жүргізетін жерге баруы кезінде бірінші кезекті тәртіппен көліктің барлық түрін билеттер сатып алуға, сондай-ақ көлік құралдарының пайдаланылатын түріне және тиесілілігіне қарамастан, кедергісіз жүруге;
      2) ұйымдардың аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге

(дипломатиялық иммунитеті бар шетелдік мемлекеттер мен халықаралық 
ұйымдар өкілдіктерінің үй-жайынан басқа);
     3) қалпына келтіру, азық-түліктік ресурстар мен запастарын қоса 
алғанда материалдық-техникалық ресурстарды, (жұмылдырушылық және 
мемлекеттік резервтерден басқа) тартуға, кез келген ұйымның байланыс 
құралын, көлік құралын, сондай-ақ бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес 
шұғыл медициналық көмек пен авариялық-құтқару қызметтерінің күштері 
мен құралдарын пайдалануға;
     4) өз құзыретінің шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы 
бар.
                   3. Агенттіктің мүлкі
     
     14. Агенттіктің республикалық меншікке жататын оқшауланған 
мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.


      15. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

                4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Агенттіктің төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады.
      Агенттік төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      17. Агенттік төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
      18. Осы мақсатта Агенттіктің төрағасы заңдарға сәйкес:
      1) өзінің орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) Агенттіктің қызметкерлерін, Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Агенттіктің жоғары офицерлік құрам атқаратын лауазымдарының тізбесі және жоғары офицерлік құрамның әскери атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;
      4) әскери қызметшілердің Агенттікте қызмет өткеруі мәселелерін шешеді;
      5) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне офицерлерді запастан әскери қызметке шақыру, әскери қызметтен босату, сондай-ақ бастапқы офицерлік атақ және полковник әскери атағын беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      6) Агенттік жүйесінің айрықша көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді;
      7) Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      8) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды; <*>
      9) Агенттiктiң құрылымын, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережені, азаматтық қорғаныс қызметі мен төтенше жағдайлар туралы ережені бекітеді; <*>
      10) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғыларын бекітеді;
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      12) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген адам саны лимитінің шегінде Агенттіктің орталық аппаратының штат санын бекітеді; <*>
      13) аварияларды, апаттарды, табиғи зілзалаларды және олардың зардаптарын зерттеу жөнінде комиссиялар құрады;
      14) төтенше жағдайларда іс-әрекетке тікелей басшылықты жүзеге асыру кезінде:
      жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, төтенше жағдайлар аудандарда азаматтардың тыныс-тіршілігінің және өздерін ұстауының режимдерін белгілейді;
      төтенше жағдайларды жою кезінде жұмысқа басшылық жасайтын,

тапсырылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етпеген лауазымды адамдарды 
кейін оларды белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарта отырып жүктелген 
міндеттерінен шеттетеді;
     15) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

   
     19. Агенттiк Төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып 
табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын және ол туралы 
ереженi Агенттiктiң Төрағасы бекiтедi.
<*>
     
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

   
    
               5. Қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
     
                            Қазақстан Республикасы
                             Үкіметінің 1999 жылғы
                               27 сәуірдегі 
                              N 481 қаулысымен
                                 бекітілген
     
          Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
              енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
     


      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Мемлекеттік өрт қорғауды ұйымдастыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі N 430 P940430_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат):
      1) атауы мынадай реакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы";
      2) 2-тармақтың үшінші абзацындағы "Комитеттің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментінің" деген сөздер "Агенттіктің" деген сөзбен ауыстырылсын;)
      3) 8-тармақтың бірінші абзацындағы:
      "Алматы" деген сөздің алдынан "Астана және" деген сөздермен толықтырылсын;
      2. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі N 1143 P971143_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 305-құжат):
      4 және 5-тармақтар алынып тасталсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1788 P971788_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 56, 507-құжат):
      1-тармақ алынып тасталсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің шекті адам санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1006

қаулысында:
     1) атауындағы және мәтіндегі "Комитетінің", "Комитетке" деген 
сөздер "Агенттігінің", "Агенттікке" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) аталған қаулыға 1-қосымшада:
     "Аумақтық органдардың аппараты" деген жолдағы "1326" деген сан 
"1369" деген санмен ауыстырылсын;
     "Химия-радиометрикалық қызмет 6" деген жол алынып тасталсын;
     "Жиыны" деген жолдағы "3265" деген сан "3302" деген санмен 
ауыстырылсын;
     3) аталған қаулыға 2-қосымшада:
     "Өрт қызметі" деген жолдағы "Қызметтер" деген сөзден кейін 
"(аттестацияланған қызметкер)" деген сөздермен толықтырылсын;
     
     
  Оқығандар:     
 Қобдалиева Н.     
 Омарбекова А.