Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1788 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655  Жарлығын iске асыру мәселелерi туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы  N 1551 және "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы 1997 жылғы 17 қарашадағы  N 1593 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481  қаулысымен .

        2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

        "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi  N 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 305-құжат): 
      1-тармақтың екiншi абзацындағы, 2-тармақтағы, 3-тармақтың төртiншi абзацындағы, 4, 5-тармақтардағы "мемлекеттiк комитетiне", "мемлекеттiк комитетiнiң", "мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "комитетiне", "комитетiнiң", "комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың екiншi абзацы "филиалын" деген сөзбен аяқталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне берсiн";

      2-тармақтағы "өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "жоғары техникалық училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (ТЖМК Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi) туралы ережеге: 
      атауындағы "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын;

      мәтiндегi "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "қазақ және орыс тiлдерiнде" деген сөздер "мемлекеттiк тiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулыға қосымшаға: 
      атауындағы "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi бiрiншi жолдағы "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын, "42", "41" деген сандар "40", "39" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 2-жолдағы "23", "20" деген сандар "27", "21" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 3-жолдағы "22", "18" деген сандар "24" деген санмен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 4-жолдағы "Көкшетау өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "Көкшетау техникалық жоғары училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын, "80", "65" деген сандар "87", "72" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдар тиiсiнше реттiк нөмiрi 5 және 6-жолдар болып есептелсiн;

      "жалпы" деген жолдағы "189", "9691" деген сандар "178", "9690" деген сандармен ауыстырылсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30 N 662, 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
1997 жылғы 18 желтоқсандағы 
N 1788 қаулысына       
қосымша            

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы
қызметi департаментiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Мемлекеттiк өрт қадағалау басқармасы
      Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы
      Кадр және оқу орындары басқармасы
      Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi