Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 481

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) <*>
      1-1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi. <*>
      2) <*>
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-1-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.10. N 300  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 1)-тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1112  қаулысымен .

      2. Бекітілген адам санының лимитінен:
      Агенттіктің орталық аппаратының 26 адамын - әскери қызметшілер және 32 адамын - аттестацияланған қызметшілер құрайды;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің республикалық бюджеттен ұсталатын аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарының 1432 адамын - әскери қызметшілер штат санының лимиті құрайды және 134 адамын аттестацияланған қызметшілердің саны құрайды деп белгіленсін.<*>

      3. <*>
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1112  қаулысымен .

      4. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301  қаулысымен .

      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1593  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 458-құжат) 1-3-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі бір ай мерзімде заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
1999 жылғы 27 сәуiрдегі
N 481 қаулысымен   
бекiтілген    

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі
агенттігінiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

       ЕСКЕРТУ. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.10. N 300  қаулысымен .

      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгі Астана қаласының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөнiндегі басқармасы.
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігi Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөнiндегі басқармасы.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігі Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы.
      5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Алматы облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы.
      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма.
      7. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігі Атырау облысының төтенше жағдайлар жөнiндегі басқармасы.
      8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгі Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы.
      9. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігі Риддер қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма.
      10. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі Зыряновск қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегі басқарма.
      11. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi Семей қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегі басқарма.
      12. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігi Өскемен қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегі басқарма.
      13. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгі Жамбыл облысының төтенше жағдайлар жөніндегi басқармасы.
      14. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы.
      15. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігi Қарағанды облысының төтенше жағдайлар жөніндегi басқармасы.
      16. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі Жезқазған қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма.
      17. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігi Балқаш қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма.
      18. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігi Қызылорда облысының төтенше жағдайлар жөнiндегі басқармасы.
      19. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiгi Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы.
      20. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар жөнiндегі басқармасы.
      21. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігi Павлодар облысының төтенше жағдайлар жөнiндегі басқармасы.
      22. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігi Екiбастұз қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма.
      23. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы.
      24. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегi басқармасы.
      25. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң 28237 әскери бөлiмi.
      26. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігiнің 68303 әскери бөлiмi.
      27. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң 52859 әскери бөлiмi.
      28. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң Көкшетау техникалық институты.
      29. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң Шығыс өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы.
      30. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк өңірлік аэромобильдi жедел құтқару жасағы.
      31. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінiң Оңтүстік өңiрлік аэромобильдi жедел құтқару жасағы.
      32. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттігінің Батыс өңірлік аэромобильдi жедел құтқару жасағы.
      33. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігiнiң Орталық өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы.
      34. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң Республикалық дағдарыс орталығы.
      35. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң Атом энергетикасы кешенiнде жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау жөнiндегі облысаралық мемлекеттiк инспекция.
      36. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінiң Қазселденқорғау.
      37. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінiң Республикалық жедел құтқару жасағы.
      38. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінiң Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су қоймаларында мұнай операцияларының қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау жөнiндегі мемлекеттiк инспекция.