Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар бекітілсін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес.<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-ші абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.23. N 461
қаулысымен
.
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 852
қаулысымен
.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министріне 5 вице-министр ұстауға рұқсат етілсін, оның ішінде бір бірінші. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.04. N 163
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.09. N 22
қаулысымен
.
4. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301
қаулысымен
.
5. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433
қаулысымен
.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы 1997 жылғы 30 қазандағы N 1473
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 440-құжат) күші жойылған деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы N 223
қаулысына
1-қосымша
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары жәневедомстволары болады: Тiркеу қызметi комитетi, Санаткерлік меншік құқығы жөнiндегi комитетi, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 494
қаулысымен
.
Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.23. N 461
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 260
қаулысымен
.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.<*>
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер оған заңдарға сәйкес өкілеттілік берілсе, онда Министрлік мемлекетті білдіруге құқылы.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.<*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi;<*>
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.<*>
ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары
және құқықтары
10. Министрліктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерімен;
2) Әділет министрлігін құру туралы актімен;
3) осы Ережемен белгіленеді.
11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
заң жобалары жұмыстарын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу; <*>
нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргізу; <*>
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасасуды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмек берумен байланысты іс-шараларды үйлестіру;
нотариаттық және адвокаттық қызметтi, сот-сараптама қызметiн және оның құзыретiне жатқызылған өзге де қызмет түрлерiн лицензиялау; <*>
анықтау қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте;<*>
заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалған мәмілелерді, жылжитын мүлік кепілдігін және қаржы лизингі шарттарын, нормативтік құқықтық актілерді, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; <*>
өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру; <*>
халыққа құқықтық көмек пен заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру;
құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқуды ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; <*>
Қазақстан Республикасында авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың сақталуын бақылау;
заңдармен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
шетел ұйымдары алдында берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде шетелдік кредиторлардың талаптарына құқықтық сараптама жүргізу; <*>
<*>
қылмыстық жазалауды орындау және оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған күдiктілер мен айыпталушыларды ұстау; <*>
заңға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргізудi жүзеге асыру; <*>
сот-сараптамасы қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; <*>
есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы
саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-әрекеттi үйлестiру және жүзеге асыру. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 852
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13 абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.23. N 1295
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың 6,7-абзацтары алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 494
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.02. N 1389
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1750
қаулысымен
.
Ескерту. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755
қаулысымен
.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.22. N 939
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 260
қаулысымен.
12. Министрліктің функциялары мыналар болып табылады:
1) заң жобасы жұмыстарын жүргізу, заңдарды жетілдіру саласында:
заң жобасы жұмыстары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
заңдардың жобаларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді заңи сараптау;
заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшін осы мақсатқа бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның ішінде шетелдің мамандары мен сарапшыларын тарту; <*>
Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
құқықтық ақпараттандыруды қамтитын заңдарды жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкін және құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу; <*>
заң шығару саласында ғылыми-зертеу жұмыстарын үйлестіру;
2) сот-сараптамасы қызметінің жұмысын, анықтауды және әкiмшiлiк iс жүргізудi ұйымдастыру саласында: <*>
сот сарапшылары кадрларын іріктеу және орналастыру; <*>
сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
мемлекеттiк сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және заңнамада белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру; <*>
сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;<*>
әдiлет органдарының құзыретiне кiретiн қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру; <*>
құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру; <*>
заңға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзудi жүзеге асыру; <*>
3) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру саласында:
заңдарда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес құқықтық көмек және шет мемлекеттермен құқықтық ынтымақтастық туралы шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру; <*>
Қазақстан Республикасының үкіметтік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктері бойынша заңгерлік бағалау (Legal орiniоn); <*>
көрсетілген шарттарға сәйкес шетелдік мемлекеттердің соттық тапсырмаларын, өтініштері мен өтінімдерін атқару;
халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасы;
Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiрiздендiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
белгiленген тәртiппен зияткерлiк меншiк құқығын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға қатысу;
шетелдiк құқықтық көмек көрсетумен және құқықтық көмек туралы халықаралық шарттар жасасумен байланысты iс-шараларды үйлестiру; <*>
4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеу. <*>
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу және мемлекеттік органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тізбесін жұртшылықтың назарына ұсыну үшін жариялау; <*>
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, Жылжымайтын мүлік құқықтарының құқықтық кадастрын жүргізу;
жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркеу және жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiн жүргiзу; <*>
филиалдар мен өкілдіктерді есептiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу; <*>
қаржы лизингінің шарттарын тіркеу; <*>
азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу; <*>
5) құқықтық көмекті ұйымдастыру мен заң қызметін көрсету саласында:
мемлекеттік нотариат кеңселерінің қызметіне басшылық жасау, жекеше нотариаттың дамуына көмектесу, нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережелердің және нотариустар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын сақтауын бақылау; <*>
нотариаттық және адвокаттық қызметтерді лицензиялау, сондай-ақ адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
мемлекеттік нотариат кадрларын іріктеу, аттестациялау және орналастыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, керi қайтару, тоқтата тұру және тоқтату; <*>
азаматтық хал актілерін жазу органдарының қызметін нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету;
адвокатураға әдістемелік басшылық жасау;
орталық атқарушы органдардың заң қызметтерiнiң жұмысын үйлестiру және әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау; <*>
нотариаттық кеңселердің, азаматтық хал актілерін жазу органдарының, адвокатураның заңды және жеке тұлғаларға көрсететін заң қызметтерінің сапасына бақылау жасау;
азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестациялау, іріктеу және орналастыру, азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету; <*>
әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою. <*>
6) құқықтық насихат және жаппай құқықтық оқыту саласында:
құқықтық насихатты және жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңдарды түсіндіруге қатысу; <*>
заң әдебиеттеріне, құқықтық жаппай оқыту проблемалары жөніндегі әдебиеттерге тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру; <*>
заң газеттері мен журналдарын шығару;
соттарда және аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тілді қолдану процесіне бақылауды және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
эталондық заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарты негізде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып беру. <*>
7) зияткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету саласында:
қазақстандық және шетелдік авторлардың және сабақтас құқықтар иелерінің олардың құқықтық мұрагерлерінің ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалану кезінде, оның ішінде шетелде, зияткерлiк меншiк құқығыныңсақталуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау; <*>
зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу тәжiрибесiн қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; <*>
зияткерлiк меншiк саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу; <*>
шығармаларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың нормаларын сақтауын және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердің орындалуын бақылау;
авторлардың құқықтарын басқаратын ұйымдардың және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде иеленушілердің қызметін бақылау;
қазақстандық авторлар мен сабақтас құқықтарды иеленушілердің үздік шығармаларын, орындауларын, қойылымдарын, фонограммаларын, хабарларын шетелде насихаттауға, эфирлік және кабельдік хабарларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
шығармаларды пайдалануға арналған құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға ықпал ету;
тиісті орталық атқарушы органдардың шығармаларды, орындауларды, қойылымдарды, фонограммаларды, хабарларды пайдалану туралы нормативтік құқықтық актілерді дайындауына қатысу;
ұжымдық негізде мүлiктiк құқықты басқаратын ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу куәлiктерiн беру; <*>
зияткерлiк меншiк құқығын өзара қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттарды дайындауға және жасасуға, осындай келісімдер мен шарттарға қол қоюға белгіленген тәртіппен қатысу; <*>
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдарға консультациялар беру;
ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын сақтау;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, тауарлар мен қызметтер көрсетудi даралау құралдарын, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстауды қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхемалар топологиялары туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету;
зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды әрi өткiзудi қамтамасыз ету;
ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдердi тiркеудi қамтамасыз ету;
қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдердi сараптамадан өткiзудi ұйымдастыру;
патенттiк iс саласында сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн бақылау;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын, ашық лицензияларды пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi қамтамасыз ету. <*>
8) шетелдік ұйымдар алдындағы берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдік кредиторлар алдындағы берешектерінің сипатын анықтау;
құқықтық құрамдастарды пайдаланудың басымдықтарын анықтауда халықаралық донорлық көмекті үйлестіру. <*>
9) <*>
10) <*>
11) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында:
әдістемелік, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
бағалау қызметі субъектілерінің бағалау қызметінің белгіленген әдістемелерін, нормаларын, ережелерін және заңнаманы сақтауын бақылау; <*>
мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау. <*>
12) қылмыстық жазалауды және тергеу изоляторларында уақытша оқшалауды орындау саласында:
соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелерге орналастыруды ұйымдастыру;
тергеу изоляторларында күдiктiлердi, айыпталушылар мен сотталғандарды ұстауды ұйымдастыру;
сотталғандарға қатысты соттардың үкiмдерi, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелерде режимдiк талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелердi күзету, сотталғандар мен қызметшiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелердегi жедел жағдайларды бақылау;
сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн орындау, қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдармен және мекемелермен, басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен сотталғандарды түзеу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегі өзара iс-қимыл;
қылмыстық жазалауды орындаушы мекемелерде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру;
қылмыстық-атқару жүйесiн және тергеу изоляторларын дамыту, нығайту және жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
қылмыстық жазаларды орындау саласындағы мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың ғылыми зерттеулерiн үйлестiру. <*>
13) заңдарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру, соның iшiнде:
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәлiктер мен төлқұжаттар беру;
әдiлет органдары жүйесiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау;
әдiлет органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ұйымдастырушылық, әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегінде әдiлет органдарын ұстауға қаржы қаражатын бөлу;
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша мемлекет мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету;
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтың актiлерiнiң жариялануын бақылау. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді және жаңа 8) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 852
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.23. N 1295
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 494
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. N 824
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1750
қаулысымен
.
Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755
қаулысымен
.
Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.22. N 939
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.09. N 22
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 260
қаулысымен.
13. Министрлік мынадай құқықтарды иеленеді:
өз өкілеттіктерінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару; <*>
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдiктерде мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыру; <*>
заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өтпеген актілерге наразылық білдіруге прокуратура органдарына ұсыныстар енгізу; <*>
заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; <*>
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
лицензиялауды және лицензиаттардың қызметiне олардың лицензиялық талаптарды сақтауы бойынша бақылауды жүзеге асыру; <*>
баспа қызметін жүзеге асыру;
қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру; <*>
ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзу;
қылмыстық жазалауды орындаушы органдар мен мекемелерде төтенше оқиғалар жағдайында қызметтiк тергеулер жүргiзу, олардың себептерiн анықтау және талдау, осындай жағдайларды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау;
заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен анықтауды жүзеге асыру, хаттамалар жасау және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жаза қолдану;
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру; <*>
қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 733
қаулысымен
.
Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755
қаулысымен
.
Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.22. N 939
қаулысымен
.
14. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі әрі айналым қаражатынан, сондай-ақ құны баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
15. Министрліктің мүлкі республикалық меншікке жатады.
16. Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де билік етуге құқылы емес.
Министрлік өз бетімен билік ететін мүлік құнының шекті мөлшері заңдарда белгіленуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
17. Министрлік, оның органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары әділет органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Министрлікті Министр басқарады.
Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары-вице-министрлері болады.
18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
19. Министр:
Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді; <*>
қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылған адамдарды қоспағанда, Әдiлет министрлiгінiң қызметкерлерiн, Министрлiк комитеттерi басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық әдiлет органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң аумақтық органдарының, Министрлiкке бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; <*>
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
заңдарда белгіленген тәртіппен арнайы атақтарды, сыныптық шендерді береді;
бұйрықтар шығарады;
Министрліктің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Министрліктің қарауындағы органдар басшылары актілерінің күшін жояды, не толығымен, не ішінара тоқтата тұрады;
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдай режимiн енгiзедi; <*>
орта және аға басшы құрамның бiрiншi арнайы атағы, сондай-ақ әдiлет полковнигi атағын бередi; <*>
сотқа мемлекеттік тiркеуге жататын, бiрақ одан өтпеген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен шағымданады; <*>
әдiлет органдары орындауға мiндетті актiлердi, сондай-ақ өзiнiң құзыретi шегінде өзге мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндетті актiлер шығарады; <*>
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсынымдар енгiзедi. <*>
өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
Ескерту. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755
қаулысымен
.
Ескерту. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.14. N 644
қаулысымен
.
Ескерту. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.22. N 939
қаулысымен
.
20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi.<*>
ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен
.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы N 223
қаулысына
2-қосымша
ЕСКЕРТУ. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы N 223
қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
қарауындағы ұйымдардың
тізбесі
"Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты" жабық акционерлік қоғамы <*>
"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны <*>
"Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы <*>
"Ұлттық заң қызметі" жабық акционерлік қоғамы
"Жеті Жарғы" жабық акционерлік қоғамы
"Заң" акционерлік компаниясы" ашық акционерлік қоғамы
ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.04.27. N 487
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.28. N 314
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.18. N 1278
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 11 наурыздағы
N 223 қаулысына
4-қосымша
ЕСКЕРТУ. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.23. N 461
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1369
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының
тізбесі
1. Ақмола облысының Әділет департаменті Көкшетау қ.
2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті Ақтөбе қ.
3. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қ.
4. Атырау облысының Әділет департаменті Атырау қ.
5. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Өскемен қ.
6. Жамбыл облысының Әділет департаменті Тараз қ.
7. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Орал қ.
8. Қарағанды облысының Әділет департаменті Қарағанды қ.
9. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қ.
10. Қостанай облысының Әділет департаменті Қостанай қ.
11. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Ақтау қ.
12. Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар қ.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет
департаменті Петропавл қ.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет
департаменті Шымкент қ.
15. Астана қаласының Әділет департаменті Астана қ.
16. Алматы қаласының Әділет департаменті Алматы қ.