Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар бекітілсін: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес; <*> Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес. ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-ші абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 2. <*> ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 852 қаулысымен. P000852_ 3. Қазақстан Республикасының Әділет министріне 4 вице-министр ұстауға рұқсат етілсін, оның ішінде бір бірінші. <*> ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ ЕСКЕРТУ. 3-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.04. N 163 қаулысымен. P000163_ 4. <*> ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен. P991301_ 5. <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен. P991433_ 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы 1997 жылғы 30 қазандағы N 1473 P971473_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 440-құжат) күші жойылған деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Тiркеу қызметi комитетi, Санаткерлік меншік құқығы жөнiндегi комитетi, Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитет. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен. P991093_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151
қаулысымен. P010151_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411
қаулысымен. P010411_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 494
қаулысымен. P010494_
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер оған заңдарға сәйкес өкілеттілік берілсе, онда Министрлік мемлекетті білдіруге құқылы.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен. P991093_
4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда
белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45. 7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi; <*> 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады. <*> ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары 10. Министрліктің негізгі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының заң актілерімен; 2) Әділет министрлігін құру туралы актімен; 3) осы Ережемен белгіленеді. 11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; заң жобалары жұмыстарын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу және жинақтау; нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасасуды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмек берумен байланысты іс-шараларды үйлестіру;
нотариаттық және адвокаттық қызметтi, сот-сараптама қызметiн және оның құзыретiне жатқызылған өзге де қызмет түрлерiн лицензиялау; <*>
анықтау қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте; <*>
заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалған мәмілелерді, жылжитын мүлік кепілдігін және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
халыққа құқықтық көмек пен заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру;
құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқуды ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; <*>
Қазақстан Республикасында авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың сақталуын бақылау;
заңдармен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
шетел ұйымдары алдында берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде шетелдік кредиторлардың талаптарына құқықтық сараптама жүргізу; <*>
халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардан, донор елдерінен қаржылық және техникалық көмекті тартуға және пайдалануға байланысты құқықтық мәселелерді белгіленген тәртіппен келісу. <*>
есiрткi құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; <*>
мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың есiрткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссиялардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру; <*>
есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-әрекеттi үйлестiру және жүзеге асыру. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695
қаулысымен. P991695_
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.06.06. N 852 қаулысымен. P000852_
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13 абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.08.23. N 1295 қаулысымен. P001295_
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151
қаулысымен. P010151_
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411
қаулысымен. P010411_
ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың 6,7-абзацтары алып тасталды - ҚР Үкіметінің
2001.04.14. N 494 қаулысымен. P010494_
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.02. N 1389
қаулысымен. P011389_
12. Министрліктің функциялары мыналар болып табылады:
1) заң жобасы жұмыстарын жүргізу, заңдарды жетілдіру саласында:
заң жобасы жұмыстары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
заңдардың жобаларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау;
заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшін осы мақсатқа бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның ішінде шетелдің мамандары мен сарапшыларын тарту;
Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
құқықтық ақпараттандыруды қамтитын заңдарды жүйелеу және жинақтау, нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкін және құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу;
заң шығару саласында ғылыми-зертеу жұмыстарын үйлестіру;
шетелдік құқықтық көмек беруге және құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарды жасауға байланысты шараларды үйлестіру;
2) сот-сараптамасы қызметінің жұмысын ұйымдастыру саласында:
мемлекеттік сот сарапшылары кадрларын іріктеу және орналастыру;
сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және заңнамада белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру;
сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру; <*>
3) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру саласында:
заңдарда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес құқықтық көмек және шет мемлекеттермен құқықтық ынтымақтастық туралы шарттарды дайындау, қол қою және олардың орындалуын ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының үкіметтік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктері бойынша заңгерлік бағалау (Legal орiniоn); <*>
көрсетілген шарттарға сәйкес шетелдік мемлекеттердің соттық тапсырмаларын, өтініштері мен өтінімдерін атқару;
халықаралық шарттардың жобаларына құқықтық сараптама;
4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың құқығына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне қатысты не ведомствоаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу және тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізбесін жұртшылықтың назарына ұсыну үшін жариялау;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, Жылжымайтын мүлік құқықтарының құқықтық кадастрын жүргізу;
жылжитын мүлік кепілін тіркеу;
филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
5) құқықтық көмекті ұйымдастыру мен заң қызметін көрсету саласында:
мемлекеттік нотариат кеңселерінің қызметіне басшылық жасау, жекеше нотариаттың дамуына көмектесу және қызметіне әдістемелік басшылық жасау, нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережелердің және жекеше нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін сақтауын бақылау;
нотариаттық және адвокаттық қызметтерді лицензиялау, сондай-ақ адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
мемлекеттік нотариат кадрларын іріктеу, аттестациялау және орналастыру, адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру;
азаматтық хал актілерін жазу органдарының қызметін нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету;
адвокатураға әдістемелік басшылық жасау;
орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің жұмысын үйлестіру;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-құқықтық бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау;
нотариаттық кеңселердің, азаматтық хал актілерін жазу органдарының, адвокатураның заңды және жеке тұлғаларға көрсететін заң қызметтерінің сапасына бақылау жасау;
азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестациялау, іріктеу және орналастыру, олардың қызметіне ұйымдық және әдістемелік басшылық жасау;
өз құзыреті шегінде әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
6) құқықтық насихат және жаппай құқықтық оқыту саласында:
құқықтық насихатты және жаппай құқықтық оқытуды ведомствоаралық үйлестіру, заңдарды түсіндіруге қатысу;
баспа қызметін, заң әдебиеттеріне, құқықтық жаппай оқыту проблемалары жөніндегі әдебиеттерге тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
заң газеттері мен журналдарын шығару;
соттарда және аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тілді қолдану процесіне бақылауды және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.
7) авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың сақталуын бақылау саласында:
қазақстандық және шетелдік авторлардың және сабақтас құқықтар иелерінің олардың құқықтық мұрагерлерінің ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалану кезінде, оның ішінде шетелде, авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
шығармаларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың нормаларын сақтауын және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердің орындалуын бақылау;
авторлардың құқықтарын басқаратын ұйымдардың және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде иеленушілердің қызметін бақылау;
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық пен сабақтас құқықтар жөніндегі заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
қазақстандық авторлар мен сабақтас құқықтарды иеленушілердің үздік шығармаларын, орындауларын, қойылымдарын, фонограммаларын, хабарларын шетелде насихаттауға, эфирлік және кабельдік хабарларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
шығармаларды пайдалануға арналған құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға ықпал ету;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласында заңдардың қолданылу тәжірибесін қорыту;
тиісті орталық атқарушы органдардың шығармаларды, орындауларды, қойылымдарды, фонограммаларды, хабарларды пайдалану туралы нормативтік құқықтық актілерді дайындауына қатысу;
құқықтарды иеленушілер және олардың құқықтық мұрагерлері пайдаланушыларға берген лицензиялық шарттарды тіркеу;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды өзара қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттарды дайындауға және жасасуға, осындай келісімдер мен шарттарға қол қоюға белгіленген тәртіппен қатысу;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдарға консультациялар беру;
ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын сақтау.
Министрлік заңдарда көзделген өзге де функцияларды, оның ішінде:
Әділет біліктілік алқасының қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
әділет органдары жүйесінің кадрларын даярлауды және қайта даярлауды; <*>
аумақтық әділет органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мемлекеттің құқықтық мәселелер жөніндегі мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
8) шетелдік ұйымдар алдындағы берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдік кредиторлар алдындағы берешектерінің сипатын анықтау;
құқықтық құрамдастарды пайдаланудың басымдықтарын анықтауда халықаралық донорлық көмекті үйлестіру. <*>
9) өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында:
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, тауарлар мен қызметтердi даралау құралдарын, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру және қорғау құжаттарын беру;
өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары құқықтары объектiлерiне Мемлекеттiк тiзiлiмдердiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары объектiлерi туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету. <*>
10) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласында:
меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiн заңнамамен белгiленген тәртiппен өз құзыретi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
уәкiлеттi және өзге де органдармен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет саласында реформалаудың негізгі бағыттарын әзірлейді;
құзыретті және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет саласында мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлейді және іске асырады;
Қазақстан Республикасының уәкілеттi органдарымен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымын болжайды;
Қазақстан Республикасындағы есiрткi жағдайын және даму үрдiсiн талдайды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын даярлайды;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестiредi;
нашақорлықтан емделу, оңалту, алдын-алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын қоғамдық және мемлекеттiк емес өзге де ұйымдармен өзара iс-әрекет жасайды;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және
олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестiредi және жүзеге асырады. <*> ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695 қаулысымен. P991695_ ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді және жаңа 8) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 852 қаулысымен. P000852_ ЕСКЕРТУ. 12-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.23. N 1295 қаулысымен. P001295_ ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151 қаулысымен. P010151_ ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411 қаулысымен. P010411_ ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.14. N 494 қаулысымен. P010494_ ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. N 824 қаулысымен. P010824_ 13. Министрлік мынадай құқықтарды иеленеді:
өз өкілеттіктерінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша
ведомствоаралық үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдарда мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру; <*> заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өтпеген актілерге наразылық білдіруге прокуратура органдарына ұсыныстар енгізу; <*> заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру; лицензиялауды жүзеге асыру; баспа қызметін жүзеге асыру; қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. ЕСКЕРТУ. 13-тармақ төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 733 қаулысымен. P990733_ 3. Министрліктің мүлкі 14. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі әрі айналым қаражатынан, сондай-ақ құны баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 15. Министрліктің мүлкі республикалық меншікке жатады. 16. Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де билік етуге құқылы емес. Министрлік өз бетімен билік ететін мүлік құнының шекті мөлшері заңдарда белгіленуі мүмкін. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
17. Министрлік, оның органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары әділет органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Министрлікті Министр басқарады.
Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары-вице-министрлері болады.
18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
19. Министр:
Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді; <*>
қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған адамдарды қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
заңдарда белгіленген тәртіппен арнайы атақтарды, сыныптық шендерді береді;
бұйрықтар шығарады;
Министрліктің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Министрліктің
қарауындағы органдар басшылары актілерінің күшін жояды, не толығымен, не ішінара тоқтата тұрады. өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi. <*> ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына 2-қосымша <*>
ЕСКЕРТУ. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен. P991093_
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
қарауындағы ұйымдардың тізбесі "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты" жабық акционерлік қоғамы <*> "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны <*> "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы <*> "Ұлттық заң қызметі" жабық акционерлік қоғамы "Жеті Жарғы" жабық акционерлік қоғамы "Заң" акционерлік компаниясы" ашық акционерлік қоғамы ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.04.27. N 487 қаулысымен. P990487_ ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.28. N 314 қаулысымен. P000314_ ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.18. N 1278 қаулысымен. P001278_ Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.