Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 25 ақпан N 173. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.06. N 981 қаулысымен. ~P020981

Күшін жойған

     "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  

U990006_

  Жарлығын 
орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі туралы 
ереже;
     2)
<*>

     3)
<*>

     4)
<*>

     5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден 
комитеті туралы ереже;
     6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден 
комитетінің құрылымы;
     7)-8)
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының және ҚР Мемлекеттік             
              кіріс министрлігінің құрылымының күші жойылды - ҚР           
              Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.  

P991093_

 
     Ескерту. 7)-8)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.11.28. 
              N 1782 қаулысымен. 

P001773_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3), 4)-тармақшалары алынып тасталды - ҚР         
              Үкіметінің 2001.02.27. N 283 қаулысымен.  

P010283_

  
     2. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433      
              қаулысымен.  

P991433_

  


      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігіне министрдің

6 орынбасарын (вице-министрлер), оның ішінде бір бірінші орынбасарын 
ұстауға рұқсат етілсін. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.03.26. N 307           
              қаулысымен.  

P990307_

 
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.25. N 1241          
              қаулысымен.  

P991241_

  
     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы 
қаулыға  сәйкес келтіру жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін.
     5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымшаға сәйкес кейбір 
шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
     6. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     


                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген


                    Қазақстан Республикасының
             Мемлекеттік кіріс министрлігі туралы
                            Ереже

                     1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік кірістердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында Министрліктің құзыретіне жатқызылған басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. <*>
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Кеден комитеті, Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.27. N 283
               қаулысымен. P010283_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.23. N 1508
               қаулысымен. P011508_
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда

оның азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан тарап ретінде 
қатысуға құқығы бар.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  
     4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген 
тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл 
аумағында міндетті күші бар.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  
     5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының 
Yкiметi бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

  
     6. Министрліктің заңды мекен-жайы:
     Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 50.


      7. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi.
<*>

     8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады;
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. 
              N 1093 қаулысымен.  

P991093_

  
     9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджет 
есебінен жүзеге асырылады.
     Министрліктің өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау 
тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге құқығы 
жоқ.
     Министрлікке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру 
жөнінде құқықтары берілген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кіріс, 
мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
     
          2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері
                            мен құқықтары
     
     10. Министрліктің негізгі функциялары мыналар болып табылады: 


      салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ("Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан, республикалық мемлекеттік мүлікті жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіруден, капиталмен жүргізілген операциялардан түскен түсімдерден басқа) түсуін көздейтін заңдардың сақталуына бақылау жасау;
      мемлекеттік бюджетке кіріс түсіру саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
      салықтар, алымдар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеушілерді есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жасау;
      мемлекеттік кіріс жөніндегі мемлекеттік есептерді жинаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп бюджеттің кіріс бөлігін болжауға қатысу;
      салық және кеден саясатының, салық әкімшілігін жүргізудің әдістемесін жасау;
      салық салу және кеден ісі салаларындағы заңдарды қолдану тәжірибесін талдау және қорыту;
      ынтымақтастықтың экономикалық қырлары бар халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуі мәселелері жөнінде, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру мен оның айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық;
      тауарлардың кедендік құнын белгілеудің дұрыстығын бақылау жүйесін ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын әзірлеуге қатысу;
      алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасында лотереялар ұйымдастыру мен өткізуге және өз құзыретіне жатқызылған өзге де қызмет түрлерін заңдарда белгіленген тәртіппен лицензиялауды жүзеге асыру;
      кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру;
      кеден ісін ұйымдастыру мен жетілдіруі алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын бақылау мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;
      салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін өз құзыретінің шегінде орындау;
      салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде заңды және жеке тұлғалардың түсініспеушіліктері мен талап-арыздарын қарау;
      салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен шаруашылық серіктестіктерін қайта ұйымдастыру мен таратуды жүргізу.
      11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады.
      Қазақстан Республикасының фискальдық саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыру;
      өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      салықтардың, алымдардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету;
      алкоголь өнімін ендіруге және оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау;
      Қазақстан Республикасының экономикасын халықаралық экономикалық кеңістікке кіріктіру мақсатында халықаралық ынтымақтастық.
      12. Министрлік өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде мыналарға құқықтары бар:
      Министрліктің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты заңдарда белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      өз құзыретінің шегінде Министрліктің құрылымына кіретін ведомстволар мен олардың аумақтық органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға міндетті орындауы үшін нұсқаулар беру;

     салық салу, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті 
төлемдер мәселелері бойынша өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық 
актілер шығару;
     заңдарға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға салықтарды, кедендік 
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөнінде 
мерзімін ұзарту, бөліп төлеуге рұқсат беру;
     Министрлікке Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген басқа да 
құқықтар.
     
                      3. Министрліктің мүлкі
     
     13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен 
қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ 
құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
     14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке 
жатады.


      15. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ.
      Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке билік жасау құқығы берілуі мүмкін.

                4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің өзінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
      18. Осы мақсатта Министр:
      орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін бөледі;
      заңдарға сәйкес Министрлік жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке

тағайындайды және қызметтен босатады (Министр бекітетін лауазымдар 
номенклатурасына сәйкес);
     Министрлік жүйесіндегі қызметкерлерге заңдарда белгіленген 
тәртіппен тәртіптік жаза қолданылады;
     Министрліктің актілеріне қол қояды;
     Министрлiктiң құрылымын және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері 
туралы ережелерді бекітеді;
<*>

     Министрлікті мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
     заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093         
              қаулысымен.  

P991093_

  
     19. Министрдің бірінші орынбасары Министрліктің Кеден комитеті 
қызметін үйлестіреді, өзіне Министр жүктеген басқа да міндеттерді жүзеге 
асырады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.27. N 283          
              қаулысымен.  

P010283_

  
     20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi 
орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын
Министр бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
              қаулысымен.  

P991093_

 
     
               5. Министрлікті қайта құру және тарату
     
     21. Министрлікті қайта құру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге 
асырылады.
     


                                        Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген


      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің
                  Салық полициясы комитеті туралы
                             Ереже

                     1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық полициясы комитеті (бұдан әрі - Комитет)Қазақстан Республикасының заңдарымен құзыретіне жатқызылған жедел-іздестіру қызметі, анықтау мен алдын ала тергеу жүргізу саласындағы арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Комитетке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапын білдіруге құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      4. Комитет өз құзыретінің мәселелері жөнінде заңдарда белгіленген

тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл 
аумағында міндетті орындалу күші бар.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
              қаулысымен.  

P991093_

 
     5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

 
     6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
     Астана қаласЫ, Жеңіс даңғылы, 37 "А".
     7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк 
кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
<*>

     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. 
              N 1093 қаулысымен.  

P991093_

 
     
     9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге 
асырылады.
     Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен, Комитеттің функциялары 
болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кіруге 
құқығы жоқ.
     Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге 
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік 
бюджеттің кірісіне аударылады.
     
                 2. Комитеттің функциялары, негізгі міндеттері
                              мен құқықтары
     
     10. Комитеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:


      салық полициясы органдары қызметінің басым бағыттарын айқындау, оларды іске асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық тетіктерін әзірлеу;
      Комитеттің аумақтық органдарының жедел-қызметтік жұмысын жүзеге асыруын ұйымдастыру және оған бақылау жасау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
      мемлекетке зиян келтірген салықтық және экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тексеру, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын жүргізу;
      салық полициясы органдарына кадрларды іріктеу мен орналастыру және оларды оқытуды ұйымдастыру;
      заңдарда белгіленген тәртіппен салық органдары жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық органдарының қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік және құқықтық қорғау;
      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      салықтық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
      салық полициясының аумақтық органдарынан алынатын ақпаратты жинауды, талдауды және қорытуды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне қызметтің барлық бағыттары бойынша жиынтық ақпарат беру;
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      11. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      салықтарды төлемеумен және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді орындамаумен байланысты қылмыстардың алдын алу, бетін ашу және тергеу;
      мемлекетке зиян келтірген экономикалық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес;
      экономикалық қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
      экономикалық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
      12. Комитет өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде мынадай құқықтарды иеленеді:
      мемлекетке зиян келтірген салықтық және өзге де экономикалық қылмыстар (құқық бұзушылықтар) туралы істер бойынша жедел іздестіру қызметін, тексеру және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асыру;
      заңдарда белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде ұйымдардың (ерекше жұмыс режимі бар ұйымдарды қоса алғанда) және азаматтардың құжаттарын тексеру, оның барысында ұйымдардың лауазымды адамдарынан, басқа да қызметкерлері мен азаматтардан туындаған мәселелер бойынша анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алу;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқаулар беру;
      Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактілері анықталған

жағдайда, заңдарда белгіленген тәртіппен құжаттарды, ақшалай және 
материалдық қаражаттарды алып қою;
     өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған 
адамдарға санкциялар мен айыппұлдар қолдану;
     қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз қызметкерлеріне қаруды, 
арнаулы құралдарды сақтау, өзімен алып жүру, қолдану және күш қолдануға 
рұқсат беру;
     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды 
жүзеге асыру.
     
                       3. Комитеттің мүлкі
     
     13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады 
және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитет 
балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
     14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.


      15. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен алуға немесе оған өзге де тәсілмен билік жасауға құқығы жоқ.
      Комитетке мүлікке билік жасау құқығы заңдарда белгіленген жағдай мен тәртіпте берілуі мүмкін.

                 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитеттің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      17. ТӨраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және

Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын 
жүзеге асыруына жеке жауап береді.
     18. Осы мақсаттарда Төраға:
     өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері 
басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
     заңдарға сәйкес Комитет жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады;
     заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза 
қолданады;
     Комитет бұйрықтарына қол қояды;
     Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     Комитетті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
     заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     
           5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге 
асырылады.


                                Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген


       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі

               Салық полициясы комитетінің
                        құрылымы
     
     Басшылық
     Жедел басқару бас басқармасы
     Бас тергеу басқармасы
     Ұйымдастыру-құқықтық бас басқармасы
     Ішкі қауіпсіздік басқармасы
     Хатшылық (басқарма құқығында)
     Кадр басқармасы
     Қаржы-шаруашылық басқармасы
     Кезекші бөлім (бөлім құқығында)
     Жедел-техникалық бөлім


                                     Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген


      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің
                    Кеден комитеті туралы
                           Ереже

                    1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ кеден iсi саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте шоттары болады. <*>
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Комитетке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан білдіруге құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті орындалу күші бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      Астана қаласы, Пушкин көшесі, 166.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
<*>

     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. 
              N 1093 қаулысымен.  

P991093_

 
     9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге 
асырылады.
     Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары 
болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кіруге 
құқығы жоқ.
     Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру 
құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік 
бюджеттік кірісіне аударылады.
     
                  2. Комитеттің функциялары, негізгі
                       міндеттері мен құқықтары
     
     10. Комитеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
     Қазақстан Республикасының кеден саясатын жетілдіру жөнінде 
ұсыныстар әзірлеуге қатысу;


      Қазақстан Республикасының кеден саясатын жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру тетіктерін әзірлеуге қатысу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасында кеден қызметін дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
      кеден ісі туралы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға белгіленген тәртіппен қатысу;
      өндіріп алу кеден органдарына жүктелген, кеден баждары мен салықтардың ставкалары мен оларды қолдану тетігі туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу;
      лицензиялауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын әзірлеуге қатысу;
      тауарлардың кеден құнының дұрыс белгіленуіне бақылау жасау жүйесін ұйымдастыру;
      өндіріп алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген, кеден баждары мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізілуін қамтамасыз ету;
      тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген кезде кеден режимдерінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      кеден бақылауын жүзеге асыруды және тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеуді ұйымдастыру, оларды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау;
      өз бетімен және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, кедендік инфрақұрылым объектілерін күзету жүйесін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының кеден шекарасын күзету жөнінде басқа да шараларды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесе отырып, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуге рұқсат беру тәртібін әзірлеуге және соны орындауға қатысу;
      стратегиялық және Қазақстан Республикасы үшін өмірлік маңызы бар басқа да материалдардың, сондай-ақ мәдени құндылықтардың әкетілуін бақылауды жүзеге асыру;
      өз құзыретінің шегінде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;
      кеден органдарының мемлекеттік қауіпсіздікті, табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, республикаға әкелінетін тауарларды тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
      контрабандаға және кеден ісі саласындағы өзге де қылмыстарға қарсы күрес жүргізуді ұйымдастыру;
      кеден ережелерін бұзушылықпен байланысты жұмысты жүзеге асыру;
      халықаралық терроршылдыққа қарсы күреске жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласудың жолын кесу;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес контрабанда туралы кеден ісі саласындағы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша іс жүргізген, жедел-іздестіру қызметін жүргізген, кеден ережелерін бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізген кезде және оларды қараған кезде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу;
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, заңсыз іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне арыздардың дер кезінде және әділ қаралуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының кеден ісінің жай-күйі мен оны дамыту жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша оларды жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      кеден ісі мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың қызметіне өз құзыретінің шегінде қатысу;
      Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің кеден ісіне қатысты бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі кеден ісі туралы заңдардың қолданылу тәжірибесін қорыту және талдау, оның ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
      кеден ісі бойынша мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, кеден зертханаларында, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарда жұмыс істеу үшін мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне кеден органдары қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпарат беру;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шешімдерінің негізінде кеден басқармаларын, кедендерді, кеден бекеттерін, кеден зертханаларын, қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарының міндеттерін шешуге жәрдемдесетін құрылыс-пайдалану және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
      өз жүйесінде ғылыми-зерттеу ұйымдарының, оқу орындарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдары жүйесінің мүлкін басқаруды жүзеге асыру;
      кеден органдары жүйесінің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтік қорғау шараларын іске асыруға жәрдемдесу;
      өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген басқа да функцияларды орындау.
      11. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының аумағында біртұтас кеден саясатын қамтамасыз ету;
      өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен мүдделерін қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының басымдықтарына сүйене отырып кедендік реттеуді ұйымдастыру және жетілдіру;
      орындалуына бақылау жасау кеден органдарына жүктелген кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
      кеден мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
      12. Комитет өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде мынадай құқықтарды иеленеді;
      өз құзыретінің шегінде кеден режимдерін құқықтық реттеудің ерекшеліктерін айқындау;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жеке тұлғалардың тауарларды алып жүруінің оңайлатылған, жеңілдікті тәртібін орнату жөнінде ұсыныс енгізу;
      белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттары мен мәліметтерді сұрату және алу;

     заңдарда белгіленген тәртіппен баспа қызметін жүзеге асыру;
     белгіленген тәртіппен өнімнің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) 
мемлекеттік тапсырысшысы функцияларын орындау;
     кеден ісі мәселелері бойынша үйлестіруші сараптық кеңестер мен жұмыс 
топтарын құру;
     өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасында да, одан тыс 
жерлерде де мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ 
лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды 
жүзеге асыру.
     
                 3. Комитеттің мүлкі
     
     13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады 
және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитет 
балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
     14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.


      15. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен алуға немесе оған өзге де тәсілмен билік жасауға құқығы жоқ.
      Комитетке мүлікке билік жасау құқығы заңдарда белгіленген жағдай мен тәртіпте берілуі мүмкін.

                  4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төрт орынбасары болады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2 абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N 512
               қаулысымен. P990512_
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.23. N 819
               қаулысымен. P020819_
      17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және

Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын 
жүзеге асыруына жеке жауап береді.
     18. Осы мақсаттарда Төраға:
     өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері 
басшыларының  өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді; 
     заңдарға және Төраға бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес
Комитет жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен 
босатады;
     заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза 
қолданады;
     Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;     
     Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     Комитетті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді; 
     Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     
            5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     


                                         Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген


            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс

                 министрлігі Кеден комитетінің
                          құрылымы
     
     Басшылық
     Кедендік кіріс басқармасы
     Кедендік бақылау басқармасы
     Контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылыққа қарсы күрес
     жөніндегі басқарма
     Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру
     басқармасы
     Ұйымдастыру-талдау басқармасы
     Кадр басқармасы
     Қаржы-шаруашылық басқармасы
     Кеден күзету мен режимі басқармасы
     Жүктерді алып жүру жөніндегі бөлім
     Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
     Кеңсе
     


                                     Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген


      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің
          Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
         мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті туралы
                              Ереже

                      1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) алкоголь өнімін өндіру және оның айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңдарында Комитеттің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Комитетке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапын білдіруге құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген

тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл 
аумағында міндетті орындалу күші бар.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

 
     5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

 
     6. Комитеттің заңды мекен-жайы;
     Астана қаласы, Бигелдинов көшесі, 54.
     7. Комитеттің толық атауы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын 
мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
<*>

     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. 
              N 1093 қаулысымен.  

P991093_

 
     
     9. Комитет қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге 
асырылады.
     Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары 
болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кіруге 
құқығы жоқ.
     Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге 
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік 
бюджеттің кірісіне аударылады.
     
                 2. Комитеттің функциялары, негізгі
                      міндеттері мен құқықтары
     
     10. Комитеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:


      орталық және жергілікті атқарушы органдардың этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау мәселелеріндегі қызметін салааралық үйлестіру;
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылауды және нормативтік реттеуді жүзеге асыру;
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтауды және сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялау, берілген, күші тоқтатылған және қайтарып алынған лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импортын бақылау және лицензиялау, лицензия алуға өтінім білдіргендердің арасында этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорттық көлемін конкурстық орналастыру, республика ұйымдары өндірген этил спирті көлемінің қозғалысына бақылау жасау;
      мемлекеттік медициналық мекемелерге, сондай-ақ емдеу және фармацевтік дәрі-дәрмектерді өндірушілерге берілетін этил спиртінің пайдаланылу көлемін белгілеу және бақылау;
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, этил спиртін сақтау мен сату алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату көлемдерін есепке алуды ұйымдастыруды;
      этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін және оның айналымын талдау және олардың баланстарын жасау;
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      өз құзыретінің шегінде этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау, шығару және мүдделі мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға жеткізу.
      11. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оны айналымы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылаудың бірыңғай жүйесін жасау;
      мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау саласындағы қызметтеріне әдістемелік бақылауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.
      12. Комитеттің өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде мынадай құқықтары бар:
      алкоголь өнімін өндіру, оның айналымы және сапасы саласында бақылау жасау және қадағалау, сондай-ақ тәртіп бұзушыларға заңдарға сәйкес шаралар қолдану;
      бақыланатын объектілерде технологиялық процестер, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің сақталуы мен айналымы нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеру;
      өз құзыретінің шегінде этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау, тиісті мемлекеттік органдарға және мүдделі заңды және жеке тұлғаларға жеткізу, олардың орындалуын тексеру және орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымы мәселелері бойынша, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымының баланстарын жасауға арналған мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу;
      белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыру;
      этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтере сатуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиялауды жүзеге асыру;
      этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импортын лицензиялау, лицензия алуға өтінім бергендердің арасында этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортының көлемін конкурстық орналастыруды ұйымдастыру;
      мемлекеттік медициналық мекемелерге, сондай-ақ емдеу және фармацевтік дәрі-дәрмектерді өндірушілерге берілетін этил спиртінің пайдалану көлемін өз құзыретінің шегінде белгілеу және бақылау;
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) импорттау көлемін белгіленген тәртіппен реттеу;
      лицензия иелеріне қойылатын лицензиялық ережелерді әзірлеу;
      республиканың ұйымдары өндірген этил спирті көлемінің қозғалысына бақылау жасау;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

                        3. Комитеттің мүлкі

      13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитет баласында көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
      14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      15. Комитеттің өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

                4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуымен Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      17. Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзіне жүктелген функциялардың жүзеге асырылуы үшін жеке жауап береді.
      18. Осы мақсатта Төраға:

     өз орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері 
басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
     заңдарға сәйкес (Төраға бекіткен лауазымдар номенклатурасына 
сәйкес) Комитет жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және 
қызметтен босатады;
     Комитет жүйесіндегі қызметкерлерге заңдарда белгіленген тәртіппен 
тәртіптік жаза қолданады;
     Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
     Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     Комитетті мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда білдіреді;
     заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
          5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Комитетті қайта ұйымдастыру мен тарату заңдарға сәйкес жүзеге 
асырылады.
     


                                        Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген


     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің
        Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
         мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің
                        Құрылымы
     
     Басшылық
     Бақылау және лицензиялау басқармасы
     Нормативтік реттеу бөлімі
     Есеп және талдау бөлімі
     
     
                                Қазақстан Республикасы
                                    Үкіметінің
                               1999 жылғы 25 ақпандағы
                                   N 173 қаулысына
                                      қосымша
     
             Қазақстан Республикасы Үкіметінің
            күші жойылған кейбір шешімдерінің
                          Тізбесі
     


      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1792 P971792_ қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 мамырдағы N 465 P980465_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, N 15, 132-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 қыркүйектегі N 934 P980934_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, N 34, 304-құжат) 1-3-тармақтары.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қаржы

министрлігі Кеден комитетінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004  

P981004_

  қаулысының 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, N 35, 320-құжат) 8-тармағы.
     5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 
қазандағы N 1070  

P981070_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1998 жыл, N 37, 338-құжат) 1, 3-тармақтары, 2-тармағының екінші абзацы.
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.