Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 28 қараша N 1773
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.22. N 72 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігіне" бөлімі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118-20 және 118-21 жолдармен толықтырылсын:
     "118-20  АЛА-000283    "N 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ
                             (Алматы қаласы)
      118-21  АКТ-000128    "Азаматтық авиацияның N 406
                             авиажөндеу зауыты" ААҚ
                             (Ақтөбе қаласы)";
      2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1363 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 422-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
      "N 406 авиациялық-техникалық орталық" ААҚ (Ақтөбе қаласы)" деген жол алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі