Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 23 қыркүйектегi N 934. Қаулының күші жойылды - 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы Ереженi және Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 P961119_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 354-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ережеде:
      1) 153-тармақтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      2) 154-тармақтағы "бұйрықпен берiлген" деген сөздер алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi