Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 9

Қолданыстағы
      Денсаулыққа келтiрілген зиянды өтеу туралы талап арыздар бойынша заңды қолдану туралы iстер жөнiндегі сот тәжiрибесiн жинақтаудың қорытындыларын және соттарда туындайтын мәселелердi талқылай келе, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 P930201_ қаулысымен бекiтiлген, Үкiметтiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 1878 P971878_ қаулысымен енгiзілген өзгерiстер мен толықтыруларымен Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi ережесiнiң 15-бабының мағынасы бойынша жұмысшыға келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап арыз оның өзiнiң талабы бойынша немесе қайтыс болған жұмысшының отбасы мүшесiнiң талабы бойынша ұйым әкімшiлiгiнiң шешiмi шығып, оған зардап шегушi немесе қайтыс болған адамның отбасы мүшесi келiспеген жағдайда немесе әкiмшілiк сол талаптарды бекiтiлген он күндiк мерзiм ішiнде қарамаған жағдайда сот өндiрiсiне қабылданады.
      Әкiмшілiк зардап шегушiнiң арызы бойынша уақытылы шешiм қабылдамаған жағдайда, соңғысы тiкелей сотқа шағымдануға құқылы.
      3ардап шегушінiң әкiмшілiктiң зиянды өтеу туралы шешiмiне келтiрген шағымын қараған кезде, сот талап арызды даулы ақша сомасына қатысты ғана емес толық көлемде қарауға міндетті.
      Сот зардап шегушi медициналық куәландырудан өткеннен кейiн жаңа мерзiмге сомалар тағайындау туралы талап арыздарын өз өндiрiсiне алғашқы түскен арыздар тәртiбiнде қабылдайды.
      2. Сот талап арызды қабылдаған кезде оның заң талаптарына сәйкес келетiндiгiн тексеруi тиiс. Сотқа дейiнгi дайындық барысында талап арыздың сипатына қарай талапкер мыналарды ұсынуы немесе сот сұратуы керек: өндiрiстегi қайғылы оқиға туралы акт (актiнiң Н-1 түрi); мемлекеттiк еңбек инспекторының денсаулыққа келтiрiлген зақымның себептерi туралы қорытындысы; медициналық мекеменiң кәсiби ауруы туралы қорытындысы; медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек мiндеттерiн орындаған кезде денсаулығы мертiккен немесе басқа да зақым келтiрiлген жұмысшының кәсiби еңбек қабiлеттiлiгiн жоғалту деңгейiн (процентке шаққанда) анықтау туралы қорытындысы; сот-медициналық сараптама комиссиясының басқа жағдайларда денсаулыққа келтiрiлген зақым туралы қорытындысы; бiреудiң қарауын және қосымша шығындардың басқа түрлерiн қажет ететiнi туралы қорытынды; АК-тiң 338-бабына (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 P930201_ қаулысымен бекiтiлген, Үкiметтiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 1878 P971878_ қаулысымен енгiзілген өзгерiстер мен толықтырулармен Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi ереженiң 8-12 тармақтарына) сәйкес есептелген орташа еңбекақысының мөлшерi туралы анықтама; тағайындалған немесе нақты алып отырған зейнетақысы немесе еңбек қабілеттілiгiн жоғалтумен байланысты бекiтілген мүгедектiк бойынша зейнетақысы туралы анықтама; қайтыс болған адамның асырауындағылар және асыраушысынан айырылуына байланысты оларға тағайындалған зейнетақы туралы анықтамалар, сондай-ақ басқа да қажеттi құжаттар.
      3. Толық не iшiнара кәсiби еңбек қабiлеттiлiгін, ал ондайы болмаған жағдайда - жалпы еңбек қабiлеттiлiгiн жоғалтқан зардап шегушiлер денсаулыққа келген зиянды өтеттiруге құқылы. Егер мертiгу немесе өзге де денсаулықтың зақымдануы кәмелетке жетпеген, жасы 14-ке толмаған және еңбек ақы алмайтын адамға келтiрiлсе, денсаулығының зақымдануына байланысты шығындар өтелуге жатады.
      3ардап шегушi (асыраушы) қайтыс болған жағдайда оның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем алып тұруға құқы болған еңбекке жарамсыз адамдар, сондай-ақ адам қайтыс болғаннан кейiн дүниеге келген оның баласы зиянды өтеу құқына ие болады.
      4. Келiсiм-шарт бойынша, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери-қызмет міндеттерiн орындаумен байланысты жұмысшы денсаулығына келген зиянды ұйым немесе жұмыс берушi жеке тұлға, егер олардың кiнәсi танылған жағдайда ғана өтейдi. Мұндайда денсаулыққа келтiрiлген зақымның ұйым аумағында немесе одан тыс жерде жасалғаны ескерiлмейдi.
      Егер жұмысшы денсаулығына келiсiм-шарт бойынша, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери-қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысты зиян қатерлi орын туғызу арқылы келтiрiлсе, бұндай зиян келтiргенi үшiн қатерлi орын туғызушы иесi жауапты болады.
      Бiрақ, егер жұмысшының өмiрiне және денсаулығына келген зиян ұйымның немесе жұмыс берушi-жеке тұлға берген көлiгi арқылы жұмыс орнына бара жатқанда немесе одан қайтар жолда туындаса, онда олар зардап шегушiнiң алдында жауапты болады.
      5. Қызметi басқа адамдарға қауiп-қатермен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның келтiрілуi бой бермейтiн күштiң салдарынан немесе зардап шегушiнiң қасақаналығынан болғаны дәлелденбесе, қатерлi орын туғызу арқылы келтiрілген зиянды өтеуге мiндеттi. Қатерлi орын туғызу иесi келтiрiлген зиян үшiн қазiргi заң негiзiнде белгiленетiн мөлшерде жауап бередi.
      Жүзеге асырылуы адамның оны толық бақылауға алуына келмейтiндiктен зиян келтiретiн қатерлi орын туғызатын кез келген әрекеттер, сондай-ақ осындай сипаттағы өндiрiстiк, шаруашылық және басқа да бағыттағы заттар мен өзге объектілердi пайдалану, тасымалдау, сақтау жөнiндегi қызмет қатерлi орын туғызушы болып танылады. Соттар заңды тұлғалар мен азаматтардың үй (оның iшiнде қызмет және күзетшi иттерiнiң) және жабайы жануарларының зиянды және бақылауға келмейтiн қимылдарын кейбiр жағдайларда қатерлi орын туғызушыға жатқызуға болатындығын ескеруi тиiс.
      6. Қатерлi орын туғызушылардың қимылынан келтiрiлген зиян үшiн оларды арнайы мақсатпен пайдалану кезiнде және зиянды сипаттарының өзiнен-өзi пайда болуы кезiнде де жауапкершiлiк туындайды (мысалы, автокөлiктiң өзiнен-өзi жүрiп кетуi салдарынан келтiрiлген зиян).
      7. Қатерлi орын туғызушыны пайдалануды меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оперативтiк басқару құқығы ретiнде немесе басқа да негiздер бойынша (жалға алу келiсiм бойынша, көлiк құралын жүргiзу туралы сенiм хат бойынша, құзыреттi органның қатерлi орын туғызушыны тапсыру туралы өкiмi бойынша) иелену негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе азаматты қатерлi орын туғызу иесi деп тану керек.
      Қатерлi орын туғызушыны оның иесiмен еңбек шарты бойынша басқарып отырған адам (жүргiзушi, машинист, оператор және т.б.) қатерлi орын туғызушының иесi болып танылмайды және зардап шеккен адамның алдында жауапты болмайды. Егер автокөлiк кәсiпорындары және басқа да кәсiпорындар автомашиналарын өзiнiң жұмысшыларына, яғни кәсiпорынмен еңбек қатынастарында болып, кәсiпорын мүддесiнде еңбек еткен адамдарға жалға беру шарты бойынша тапсырса және көлiк құралы нақты айтқанда кәсiпорынның иелiгiнен шықпаса, онда келтiрiлген зиян үшiн қатерлi орын туғызу иесi ретiнде кәсiпорын жауапты болады.
      Қатерлі орын туғызушылардың өзара әрекеттестiгi нәтижесiнде олардың иелерiнiң денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, соттар келтiрiлген зиян үшін жауапкершілiктiң жалпы негiздер бойынша туындайтынын ескеруi керек. Бұл орайда:
      - бiр иегердiң кiнәсi бойынша екiншi иегерге келтiрiлген зиянды кiнәлi жақ өтейтiнiн;
      - иегердiң өз кiнәсiнен өзiне келтiрiлген зиянның өтелмейтiнiн;
      - екi иегер кiнәлi болған жағдайда зиянды өтеу мөлшерi әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес анықталатынын;
      - қатерлi орын туғызушы иелерiнiң бiр-бiрiне зиян келтiргендiгiнiң кiнәсi болмаған жағдайда (оның мөлшерiне қарамастан) олардың ешқайсысы өтеу құқына ие болмайтынын ескеру керек.
      9. Егер иегер өзiнiң кiнәсiнен емес, басқа адамдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан қатерлi орын туғызушының оның иеленуiнен шығып кеткенiн дәлелдесе, онда ол зиян үшiн жауапкершiлiкке тартылмайды. Мұндай реттерде қатерлi орын туғызушының нақты иегерi болған адамдардың жауапкершілігi жалпы негiздер бойынша белгіленедi.
      Егер зиян басқа адамдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан иегердiң иелiгiнен шығып кеткен жағдайда ғана емес, иегердiң де кiнәсынан болған жағдайда (мысалы, иегердiң қатерлi орын туғызушының тиiстi түрде сақталуын қамтамасыз етпеуi), жауапкершілiк қатерлi орын туғызушыны тiкелей пайдаланып отырған адамға да, оның иесiне де жүктеледi. Мұндайда жауапкершілiк үлес бойынша жүктеледi.
      10. Соттар зардап шеккен жұмысшыға зиянды өтеу үшiн оның алмақ болған немесе анық алмақ болған жалақысын (табысын), бiр жолғы жәрдем ақыны төлеу және денсаулығына зиян келумен байланысты, егер оларды қажет ететiнi және оларды ақысыз алмайтыны танылса, (емдеу, қосымша тамақтану, дәрi сатып алу, протез жасау, бiреудің күтуiнде болу, курорт-санаторлық емдеу, арнайы көлiк құралдарын алу, басқа мамандық алуға дайындау және т.б.) басқа да қосымша шығындардың орнын толтыру керек екенiн ескеруi керек.
      Бұл орайда, соттар жоғалтқан жалақысын (табысын) белгiлеген кезде зардап шегушiнiң мертiгуi немесе денсаулығына өзге де зақым келуiне байланысты денсаулығына зиян келтiрiлгенге дейiн және одан кейiн тағайындалған мүгедектiк ақы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне кiрмейтiнiн ескеруi тиiс. Сондай-ақ зардап шегушiнiң денсаулығына зиян келтiрiлгеннен кейiн алған жалақысы есептелмейдi.
      11. Бiр жолғы жәрдем ақы зардап шеккен жұмысшыға, асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеттiруге құқы бар адамдарға, егер нәтижесiнде зардап шегушiнiң мертiгуi немесе қайтыс болуы туындаған қайғылы оқиға 1993 жылғы 25 ақпаннан кейiн орын алса ғана төленедi, себебi 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы" Заңы күшiне енген күнге дейiн денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктiң бұндай түрi көзделмеген.
      12. Соттар өтелуге тиiс жерлеу шығындарына жерлеуге тiкелей қатысы бар қажеттi шығындар (табыт жасауға, өлген адам үшiн киiм, венок сатып алуға, зират қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткiзу және т.б. арналған шығындар) ғана жататынын ескеруi қажет. Ескерткiш пен қоршау орнатуға арналған шығындар да өтелуге тиiс, бұл орайда оларды әзiрлеудiң нақты сомасы алынады, бiрақ ол сол жерде орнатылған стандартты ескерткiштер мен қоршаулардың шектi бағасынан аспауға тиiс.
      Спирттiк iшiмдiктер сатып алуға шыққан шығын өтелуге жатпайды.
      13. Егер мертiгуi немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбек қабілетiн ішiнара жоғалтуына әкелiп соқтырса және ол мүгедектiк тобын анықтауға жеткiлiксiз болса, зиян Ережелердiң 5-тармағының 1-абзацына сәйкес, яғни орта айлық еңбек ақысының кәсiби еңбек қабiлеттiлiгiн жоғалту деңгейiне сай процентiнде өтелуi тиiс.
      14. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарға ЕТМ әкiмшiлiгi тапсырмасы бойынша жұмыс iстеген кезде келтiрiлген зиянды өтеу жалпы негiздер бойынша жүзеге асырылады.
      15. Талап арызды қанағаттандырарда сот өз шешiмiнде ұйымның, жұмыс берушi жеке тұлғаның зардап шегушiнiң денсаулығына зиян келтiруде немесе асыраушының қайтыс болуына нақты кiнәсi қандай екенiн көрсетуi тиiс.
      Талап арызды қанағаттандырмаған кезде ұйымның, жұмыс берушi жеке тұлғаның денсаулыққа зиян кетiруде кiнәсi жоқ екенiн негiздеу қажет.
      16. Зиянды өтеу үшiн берiлетiн ақшалай сомалар зардап шегушiге денсаулығына зақым келу нәтижесiнде бұрынғы орта айлық еңбек ақысынан айырылған кезден бастап, ал қайтыс болған адамның асырауындағы адамдарға - ол қайтыс болған күннен бастап, бiрақ сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетiлген мерзiмде немесе өмiрлiк олардың зиянды өтеу үшiн берiлген ақшалай сомаларды алу құқына ие болған күннен кейiн берiлуi тиiс. Бұл орайда, соттар АК-тiң 187-бабына сәйкес осындай реттегi өтеуге құқы туындаған кезден үш жыл өткеннен кейiн қойылған талап - талап арыз берiлген жылдың алдындағы үш жылдың көлемiнде қанағаттандырылатынын ескеруi керек. Сот шешiмiнде берiлген сомалардың дәлме-дәл есебi, оларды төлеу мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс.
      Өмiрлiк мүгедектiк белгiленген жағдайда денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу үшiн ақшалай сомаларды өндiрген кезде, соттар өз шешiмiнде талапкердi келешекте еңбек ақының ең төменгi мөлшерi индексiнiң өсуiн ескере отырып, ай сайын белгiленген ақшалай сомаларын орталықтандыру тәртiбiнде алуға құқы бар екенiн шешiмде көрсете алатыны түсiндiрiлсiн. Шешiмде бұндай жазу болған жағдайда сот келешектегi төлемдердi индексациялау туралы мәселенi атқару өндiрiсi ретiнде қарайды.
      17. Зиянды өтеу жөнiнде тағайындалған ақшалай сомаларының мөлшерi мына жағдайларда қайта қаралады: еңбек ақысының өзгеруi, қайтыс болған адам отбасының мүшелерi құрамының өзгеруi және зардап шегушiнiң жоғалтқан кәсiби еңбек қабiлеттiлiгi деңгейiнiң өзгеруі.
      АК-тiң 283-бабының талаптары бойынша ақшалай мiндеттеме бойынша азаматты асырауға тiкелей төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн, өмiр бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгi жалақының ресми түрде өсуiне қарай арттырылып отырса, онда зиянды өтеу мөлшерiн оның азаюына қарай қайта қарауға болмайды. Зардап шегушiге қайта есептелуге тиiс орта айлық еңбек ақысының деңгейi төмендеген жағдайда, бiрақ ең төменгi еңбек ақы ресми түрде өсiп отырса, өтелуге жататын ақша сомалары ең төменгi еңбек ақының өсуiне байланысты сайма-сай көбейтiлуге тиiс.
      18. Егер жұмыс орнында мертiгуi ұйымның және жұмыс берушi жеке тұлғаның кiнәсiнен ғана емес, жұмысшының өрескел абайсыздығынан болғаны туралы мәлiметтер болған жағдайда, сот сол қайғылы оқиғаны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 P941414_ қаулысымен бекiтiлген Еңбеккерлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөнiндегi ережемен анықталатын тәртiп бойынша қараған комиссияның шешiмiн сұратуға мiндеттi.
      Талапкер қайғылы оқиғаларды қарау жөнiндегi комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау және жағдай жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына немесе оның жергiлiктi бөлiмшелерiне қайта қарау туралы арыздануына болады.
      Қайғылы оқиғаларды қарау жөнiндегi комиссиясының шешiмi және Еңбектi қорғау және жағдай жасау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының қорытындысы iс материалдарымен бiрге бағалануға тиiс бiрден бiр дәлел болып табылады.
      Сот зардап шегушiнiң iс-қимылындағы өрескел абайсыздықты белгiлегеннен кейiн өтелетiн зиян мөлшерiн оның кiнәсiне қарай азайтуы тиiс. Бұл орайда, соттар еңбекте мертiгуiне байланысты бiр жолғы жәрдем ақы төлеу және қосымша шығындардың орнын толтыру туралы шешім шығарарда зардап шегушінің кінәсі ескерілмейтiнiн ескеруi керек.
      19. Қатерлi орын туғызушы арқылы денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап арыздарды қараған кезде сондай зиянды өтеумен бiрге, оны кiмнiң келтiргенiне қарамастан, моральдық залалдың орны толтырылуға жататыны соттарға түсіндiрiлсiн.
      20. Кәмелетке жетпеген, жасы 14-ке толмаған зардап шегушiлердiң денсаулығына келтiрiлген зиянды, кiнәлi болған жағдайда олардың ата-анасы, асыраушылары, қамқоршылары өтейдi. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға тиiстi тәрбие бермеген немесе оларға қарамаған жағдайда, оның заңсыз әрекеттерiне мән бермеген жағдайда осындай мiндет жүктелуi мүмкiн.
      Егер жас, қамқоршылық қажет ететiн бала тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау немесе сол сияқты өзге де заң бойынша оның қорғаушысы болып табылатын мекемеде тұрған жағдайда, онда осы мекеме, егер зиян оның кiнәсiнен туындамағанын дәлелдей алмаса, баланың келтiрген зиянын өтеуге мiндеттi.
      Жас бала кәмелетке толғаннан кейiн де немесе зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiктi алғаннан кейiн де ата-ананың, асыраушылардың, қамқоршылардың, оқу орындарының, тәрбиелеу, емдеу және басқа да мекемелердiң зиянды өтеу мiндетi жойылмайды.
      21. Жасы 14-тен 18-ге дейiн аралықтағы кәмелетке толмаған баланың келтiрген зиянын өтеу туралы iстердi қараған кезде, соттар АК-тiң 22-бабының 4-тармағына сәйкес олар өздерiнiң әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиян үшiн Азаматтық Кодекстiң ережелерi бойынша жауапты болатынын ескеруi керек. Жасы 14-тен 18-ге дейін аралықтағы кәмелетке толмаған баланың зиянды өтеу үшiн жеткілiктi мүлкi немесе басқа табыстар көзi болмаған жағдайда, зиянды толық немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеу мiндетi, егер зиянның пайда болуына олардың кiнәлi әрекеттерi себеп болған жағдайда, ата-анасына, асыраушыларына немесе қамқоршыларына жүктеледi. Зиян келтiрген адам кәмелетке толғаннан кейiн немесе онда зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк немесе басқа да табыс көзi пайда болғаннан кейiн ата-ананың, асыраушыларының, қамқоршыларының бұл мiндетi тоқтатылады.
      22. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн бекiтiлген тәртiпте жауапкер болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, тиiстi төлемдердi төлеу мiндетi оның құқық иеленушiсiне жүктеледi, оған зиянды өтеу туралы талап қойылады.
      Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн бекiтiлген тәртiпте жауапкер болып танылған заңды тұлға жойылған жағдайда, тиiстi төлемдер заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген ережелер бойынша оларды зардап шегушiге беру үшiн жинақталуы тиiс.
      23. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 P930201_ қаулысымен бекiтiлген Жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi ережеге Үкiметтiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 1878 P971878_ қаулысымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға байланысты 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Ереженiң қағидалары Чернобыль АЭС-сы апатын жоюға қатысушыларға қолданылмайды. Осыған байланысты осындай адамдарға қатысты дауларды қараған кезде соттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 маусымдағы "Жұмысшыларға еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгуi, кәсiби ауруына немесе денсаулығына басқаша зақым арқылы келтiрiлген зиянды өтеу құқықтарын өзара тану туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" N 2303 U952303_ Жарлығына сәйкес Чернобыль АЭС-сы апатының салдарынан және басқа да радиациялық апаттардан келтiрiлген зиянды өтеу қабылданған ұлттық заңдарға және арнайы келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылатынын ескеру тиiс. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi U952247_ Заң күшi бар "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Жарлығы және оған кейiннен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бойынша 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-сы апатының салдарын жоюға қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-сы апатының нәтижесiнде мүгедек болып қалған адамдар, ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары жеңiлдiк пен кепiлдiктер бойынша тиiсiнше Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiріледi. Осыған орай соттар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берілетiн: жеңілдiктер мен кепілдiктер туралы заңдарының нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдем ақы туралы" N 365-I Z990365_ Заңын басшылыққа алуы тиіс.
      24. Осы қаулыны қабылдауға байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты

Пленумының 1988 жылғы 16 желтоқсандағы  

P88009S_

  "Республика соттарының 
денсаулыққа тиген зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолданудың кейбір 
мәселелері туралы" N 9 қаулысының күші жойылды, КСРО Жоғарғы Соты 
Пленумының 1986 жылғы 5 қыркүйектегі "Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу 
туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 13  

P86013S_

  қаулысы 
Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.
     
     Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Сотының Төрағасы
     
     Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Сотының судьясы,
     Пленум хатшысы
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Қобдалиева Н.М.