Республика соттарының денсаулыққа тиген зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1988 жылғы 16 желтоқсан N 9. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999.07.09 N 9 қаулысымен. ~P99009s

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Сот тәжірибесінде кездесетін мәселелерге байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы

                      Қаулы етеді:

      Кеңесу бөлмесінде іс бойынша қабылданатын үкімді, шешімді және соттың басқа да қаулыларын машинкада басу тәсілімен әзірлеуге қылмыстық және азаматтық істер жүргізу заңдарында тыйым салынбағандықтан, судьялардың бірі қолжазба түрінде де, машинкада басу тәсілімен де әзірлей алады деп соттарға түсіндірілсін.
      Аталған документтер машинкада басу тәсілімен әзірленген жағдайда парақтардың санын, документті судьялардың қайсысы және қандай маркалы машинкада әзірленгендігін соттың құрамы жазба түрде куәлендіруі тиіс.