Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы <*> Ескерту. Қаулының атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870, 2001.12.26. N 1697 қаулыларымен. ~P991870 ~P011697

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1384

Жаңартылған
      Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, деректерді ақпараттық алмасу мен мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Үкіметтің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 715 P980715_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінің тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: <*>

     Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870,
              2001.12.26. N 1697 қаулыларымен.  

P991870_

   

Р011697_

 
     1. Мына құрамда Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық 
инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және 
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша 
қызметті үйлестіру жөніндегі комиссия құрылсын. 
<*>

     Мәсімов                      - Қазақстан Республикасы
     Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрінің орынбасары
                                    төраға 
<*>

     
     Мырзахметов Абылай           - Көлік және коммуникациялар министрі, 
     Исабекұлы                      төрағаның орынбасары 
<*>

     
     Андрющенко                   - Қазақстан Республикасының
     Александр Иванович             Экономика және сауда
                                    вице-министрі

     Рябченко                     - Қазақстан Республикасының
     Олег Григорьевич               Мәдениет, ақпарат және
                                    қоғамдық келісім
                                    вице-министрі
     
     Қыпшақбаев                   - "Радиоэлектроника және
     Әбдел Исаұлы                   байланыс жөніндегі ұлттық
                                    орталық" жабық акционерлік
                                    қоғамының бас директоры
     
     Поспелов                     - Қазақстан Республикасы
     Николай Николаевич             Қорғаныс министрінің орынбасары
     
     Есенғараев                   - Қазақстан Республикасының
     Асқар Батылханұлы              Көлік және коммуникациялар
                                    министрлігі Байланыс және
                                    ақпараттандыру жөніндегі
                                    комитетінің төрағасы
     
     Гусак                        - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
     Дмитрий Иосифович              жабық акционерлік қоғамының
                                    президенті
     
     Исин                         - Қазақстан Республикасының
     Нұрлан Құрманғалиұлы           Қаржы министрлігі "ҚЖАО"
                                    республикалық мемлекеттік
                                    кәсіпорнының бас директоры
     
     Евсюков                      - Қазақстан Республикасының
     Александр Васильевич           Мемлекеттік кіріс министрлігі
                                    Ақпараттық технологиялар
                                    департаментінің директоры
     
     Марченко                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Григорий                       Банкінің төрағасы, төрағаның
     Александрович                  орынбасары (келісім бойынша) 
<*>

     
     Слободянюк                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Анатолий                       Министрі Кеңсесінің Бақылау және
     Ануфриевич                     құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
                                    меңгерушісінің орынбасары -
                                    ақпаратты қорғау секторының
                                    меңгерушісі, хатшы 
<*>

     
     Жақыпов Мірболат             - Қазақстан Республикасы
     Хабиұлы                        Президентінің Әкімшілігі
                                    Жалпы бөлімінің меңгерушісі 
<*>

     
     Бектасов Әбен                - "Қазақтелеком" ашық акционерлік  
     Ағыбайұлы                      қоғамының президенті 
<*>

     
     
     Өмірбаев Әділхан             - Қазақстан Республикасының 
     Әбдірахманұлы                  Мемлекеттік қызмет істері 
                                    жөніндегі агенттігі төрағасының
                                    орынбасары - Атқарушы директоры 
<*>

     
     Нигай Эдуард                 - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Михайлович                     жағдайлар жөніндегі агенттігінің  
                                    Астана қаласындағы уәкілетті өкілі
     
     Ержанов                      - Қазақстан Республикасының
     Бақыт Ахметұлы                 Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрлігі
                                    лицензиялау, мемлекеттік тіл және
                                    аударма басқармасының бастығы; 
<*>

     
     Молчанов                     - Қазақстан Республикасының
     Сергей Николаевич              Ұлттық Банкі Ақпараттық
                                    технологиялар департаменті
                                    директорының міндетін атқарушы
                                    (келісім бойынша) 
<*>

     
     Лукин                        - Қазақстан Республикасының
     Михаил Иванович                Парламенті Шаруашылық басқармасы
                                    бастығының орынбасары (келісім        
                                    бойынша) 
<*>

  
     Могильный Валерий            - Қазақстан Республикасының Білім және 
     Валентинович                   ғылым министрлігі Ғылым                
                                    департаментінің директоры 
<*>

     
     Арнутовский Сергей           - Қазақстан Республикасы Президентінің 
     Васильевич                     Күзет қызметі департаменті бастығының  
                                    орынбасары 
<*>
 
     
     Әкежанов Айдар Әбиұлы        - Қазақстан Республикасы Ұлттық          
                                    қауіпсіздік комитетінің департаменті   
                                    бастығының орынбасары (келісім         
                                    бойынша) 
<*>

     
     Оқасов Сейітқаже Қажекенұлы  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
                                    құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі  
                                    төрағасының орынбасары 
<*>

     
     Нәлібаев                     - Қазақстан Республикасы
     Әбдіқалық Зәкірұлы             Премьер-Министрінің Кеңсесі
                                    Басшысының орынбасары,
                                    төрағаның орынбасары;
     
     Жақыпбеков                   - Қазақстан Республикасы
     Сембек Сәбетұлы                Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                                    Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету    
                                    орталығы бастығының бірінші
                                    орынбасары (келісім бойынша);
     
     Әбіров                       - Қазақстан Республикасының Ішкі
     Жұмахан Ақылбайұлы             істер министрлігі Техникалық
                                    қызмет департаментінің бастығы;

     
     Уатай                        - Қазақстан Республикасының
     Базарбек Уатайұлы              Стратегиялық жоспарлау жөніндегі       
                                    агенттігі Стратегиялық жоспарлау және  
                                    бақылау департаментінің директоры
                                    (келісім бойынша);
     
     Степанова                    - Қазақстан Республикасының 
     Валентина Алексеевна           Әділет министрлігінің "Республикалық   
                                    құқықтық ақпараттандыру орталығы"
                                    республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 
                                    директоры;
     
     Құрманов                     - "Зейнетақы төлеу жөніндегі
     Алмас Мұхаметкәрімұлы          мемлекеттік орталық" республикалық     
                                    мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас 
                                    директоры;
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.03.02. N 187 қаулысымен.
               

P990187_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.14. N 1389 қаулысымен.
               

P991389_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.27. N 1458 қаулысымен.
               

P991458_

 
     Ескерту. 1-тармақ және құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. 
              N 1870 қаулысымен.  

P991870_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 454 қаулысымен.
               

P000454_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.24. N 122 қаулысымен.
               

P010122_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.16. N 498          
              қаулысымен.  

P010498_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N 1697          
              қаулысымен.  

P011697_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.02.18. N 227 қаулысымен.  
               

P020227_

 


      2. Қоса беріліп отырған Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. <*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N 1697          
              қаулысымен.  

P011697_

 
     3. Министрліктер мен ведомстволарға Комиссияның келісімінсіз 
мемлекеттік бюджеттің қаражатын (оның ішінде заемдық) жоспарлауға және 
жұмсауға және мемлекеттік мекемелерде ақпараттандыру жүйесін құру 
жөніндегі жобаларды бекітуге тыйым салынады деп белгіленсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           1998 жылғы 31 желтоқсандағы
                                               N 1384 қаулысымен
                                                  бекітілген
     
            Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын 
           қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық    
             қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша     
               қызметті үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже 
<*>

     
                  1. Жалпы ережелер
     


      1. Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мемлекеттік қаражатты (оның ішінде заемдық) тиімді пайдалану, деректерді ақпараттық алмасу мен мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу, Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттандыру жүйелерін құру және енгізу процестерін үйлестіру мақсатында, сондай-ақ Үкіметтің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 715 P980715_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін құру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылады. <*>
      Ескерту. Атауы мен 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870
               қаулысымен. P991870_
      ЕСКЕРТУ. Атауы мен 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N
               1697 қаулысымен. P011697_
      2. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің, Экономика және сауда министрлігінің, Әділет министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің өкілдері кіреді. <*>

     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.14. N 1389          
              қаулысымен.  

P991389_

 
     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870          
              қаулысымен. 

P991870_

     
     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.24. N 122           
              қаулысымен.  

P010122_

 

     3. Комиссия өз қызметінде қолданылып жүрген заңдарды, сондай-ақ осы
Ережені басшылыққа алады.
     
                 II. Негізгі міндеттері
     
     4. Комиссияның негізгі міндеттері:


      Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу; <*>
      мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келістіру; <*>
      деректер берудің электрондық стандарттарында жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық базаны қарау және келісу;
      деректерді электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік мекемелерге өтінім жасауының электрондық стандарттарын қарау және келісу;
      Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі процестерді үйлестіру болып табылады. <*>

      Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Біртұтас ақпараттық кеңістік құрудың тұжырымдамасын іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
      мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды айқындайды; <*>
      Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің процестерін үйлестіреді; <*>
      мемлекеттік мекемелерде ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер

құрудың, енгізудің, алып жүрудің және пайдаланудың процестерін ұйымдастыру 
жөнінде ұсыныс әзірлейді және енгізеді;
<*>

     Қазақстан Республикасын ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі 
жұмыс пен мәселелерін шешу кезінде мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді. 
<*>

     2000 жылдың басынан бастап ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі 
проблемалары жөнінде (2000 жылдың проблемасы) Үкіметке материалдар 
дайындау; 
<*>

     ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін 
үйлестіру. 
<*>

     
             Комиссияның құқықтары
     
     Комиссияның жүктелген міндеттерге сәйкес:
     мемлекеттік мекемелерден Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау 
үшін қажет ақпарат сұратуға және алуға;


      Қазақстан Республикасының Үкіметіне Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер шығару, оларды өзгерту немесе тоқтату жөнінде ұсыныс енгізуге;
      министрліктерден, ведомстволардан, кәсіпорындардан және ұйымдардан ғылыми және зерттеу мекемелерінен сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін келісім бойынша тиісті бейіндегі мамандар тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыруды жүргізу үшін, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бюджет қаражаттарын, директивалық несиелерді және басқа да мемлекеттік қаржыландыру (оның ішінде заемдық) көздерін пайдалану жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы бар; <*>
      Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.03.02. N 187 қаулысымен.
               P990187_
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870
               қаулысымен. P991870_
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N 1697
               қаулысымен. P011697_

              III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, хатшы және Комиссияның мүшелері кіреді. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870
               қаулысымен. P991870_
      6. Комиссияның төрағасы Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жеке жауапкершілікте болады.
      7. <*>
      Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870
               қаулысымен. P991870_
      8. Комиссияның жұмыстық мәжілістерінің материалдары Төрағамен келісілгеннен кейін, Комиссияның мәжілісіне дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.
      9. Комиссия өзінің мәжілістерін қажеттілігіне қарай өткізеді.
      10. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы - шешуші мәнге ие.
      11. Комиссияның шешімі оның мәжілісінің хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Төраға мен хатшы қол қояды.
      12. Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетіне жүктелсін.
      Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс орнының функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне жүктелсін. <*>

     Ескерту. 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.03.02. N 187 
              қаулысымен.  

P990187_

 
     Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.14. N 1389         
              қаулысымен. 

P991389_

 
     Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.07. N 1870         
              қаулысымен. 

P991870_

  
     Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.24. N 122          
              қаулысымен.  

P010122_

 
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N 1697         
              қаулысымен.  

P011697_

 
   Оқығандар     
  Орынбекова Д.К.
  Кобдалиева Н.М.