Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтуді оңайлатудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1304

Жаңартылған

      1998 жылғы 26 наурызда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы туралы Ташкент декларациясының қағидаларын іске асыру және халықаралық ұйымдармен инфрақұрылымдар саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамы бекітілсін (1-қосымша).

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының бірінші мәжілісін өткізуге байланысты шығыстарды жабуға қаржы қаражатын бөлсін (2-қосымша). 
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

1-қосымша               
Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің 1998 жылғы       
21 желтоқсандағы         
N 1304 қаулысымен         
бекітілген            

           БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған 
              Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік
            инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан
          өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының
                  қазақстандық бөлігінің құрамы

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.16.  N 1072 , өзгерту енгізілді - 2003.01.17.  N 31 , 2003.11.07.  N 1108 , 2004.12.31.  N 1463 , 2006.08.21.  N 789   қаулыларымен. .

Қасымбек                  - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Жеңiс Махмудұлы             коммуникация вице-министрi, жетекшi

Төлебаев                  - Қазақстан Республикасының
Алмас Қажыкенұлы            Энергетика және минералдық
                            ресурстар министрлiгi Импортты
                            алмастыру және сыртқы байланыстар
                            департаментiнің директоры

Шығанбаев                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ерғали Әбдiмомынұлы         министрлiгi Кедендiк бақылау
                            комитетiнің Кедендiк бақылауды
                            ұйымдастыру басқармасы бастығының
                            орынбасары

Уажанов                   - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Тұрсын Үшбайұлы             қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызмет
                            директорының орынбасары - Шекаралық
                            бақылау бас басқармасының бастығы
                            (келiсiм бойынша)

Мұқанов                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Қасым Қасенұлы              шаруашылығы министрлiгi Ветеринария
                            департаментi директорының орынбасары

Полонский                 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Александр Иванович          министрлігінiң Жол полициясы
                            департаментi бастығының орынбасары

Қабиева                   - Қазақстан Республикасы  Индустрия және
Дәмегүл Нәбиқызы            сауда министрлiгiнiң Сауда саясатын
                            дамыту және Дүниежүзiлiк сауда ұйымына
                            кiру департаментi директорының
                            орынбасары

Демесiнов                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Алмабек Мәлiкұлы            министрлiгiнiң Халықаралық ұйымдар және
                            көп жақты ынтымақтастық департаментi
                            Бiрiккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің бастығы

Бұтаев                    - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Құдайбердi Мырзаханұлы      министрлiгiнiң Фитосанитарлық
                            қауiпсiздiк департаментi стратегия және
                            әдiстеме бөлiмiнiң бастығы

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің 1998 жылғы      
21 желтоқсандағы        
N 1304 қаулысына        
2-қосымша            

  Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына
         арналған бағдарламасының шеңберінде Көлік
    инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді
  оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының (ЖЖТ-Транс)
бірінші мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың сметасы

|N |              Қызмет көрсетулердің атауы                      |Сомасы  
|__|______________________________________________________________|________
|1 |                            2                                 |    3   
|__|______________________________________________________________|________
|1.|Кеңеске қатысушыларға арналған түскі қонақасылар:             |960 $   
|  |1998 жылғы 20-22 қазанда 40 адам үшін 1 адамға 8$ түскі ас    |        
|  |есебінен                                                      |        
|__|______________________________________________________________|________
|2.|1998 жылғы 20-22 қазан аралығында 30 адам үшін күнінен 2 рет  |360 $   
|  |4$ есебінен үзілістерде қатысушыларға ұсынылатын кофе-брейг   |        
|__|______________________________________________________________|________
|3.|20% ҚҚС ескеріле отырып, бір аудармашыға сағатына 20$ есебінен|1150 $  
|  |1998 жылы 20-22 қазан аралығында 2 аудармашының ілеспе аударма|        
|  |қызмет көрсетулеріне төлем                                    |        
|__|______________________________________________________________|________
|4.|20% ҚҚС ескеріле отырып, 1998 жылы 20-22 қазан аралығында     |1080 $  
|  |ілеспе аппаратурасын жалға алу                                |        
|__|______________________________________________________________|________
|5.|1998 жылы 20-22 қазан аралығында Кеңес өткізу үшін сағатына   |480 $   
|  |20$-дан күнінен 8 сағатқа конференция залын жалға алу         |        
|__|______________________________________________________________|________
|6.|30 адамға кеңсе бұйымдары (папкалар, қағаз блокноттар, қалам- |100 $   
|  |саптар, қарындаштар, Қазақстан туралы сый кітаптар)           |        
|__|______________________________________________________________|________
|  |                                 Смета бойынша барлық шығыстар|4132 $  |__|______________________________________________________________|________
Төрт мың бір жүз отыз екі АҚШ доллары    
Үш жүз отыз екі мың алты жүз жиырма алты теңге
Ұлттық Банктің 1998 жылғы 7 қазандағы бағамы 1$ - 80,5 теңге