Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтуді оңайлатудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1304

Қолданыстағы
      1998 жылғы 26 наурызда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы туралы Ташкент декларациясының қағидаларын іске асыру және халықаралық ұйымдармен инфрақұрылымдар саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамы бекітілсін (1-қосымша).
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының бірінші мәжілісін өткізуге байланысты шығыстарды жабуға қаржы қаражатын бөлсін (2-қосымша).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                                   1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1304 қаулысымен бекітілген


          БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған

            Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік
          инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан
         өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының
                қазақстандық бөлігінің құрамы
     
     Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.16. N 1072
              қаулысымен.  

P011072_

 
     
     Мәсiмов                       Қазақстан Республикасының Көлiк
     Кәрiм Қажымқанұлы             және коммуникациялар министрi,
                                   Жобалық жұмыс тобының басшысы
<*>


     Әбусейiтов                    Қазақстан Республикасының
     Қайрат Қуатұлы                Сыртқы істер вице-министрi
<*>

     
     Әбдiрахманов                  Қазақстан Республикасының
     Есiркеп Оңланбекұлы           Экономика және сауда министрлiгi
                                   Салааралық үйлестiру
                                   департаментiнiң директоры
<*>

     
     Сармұрзина                    Қазақстан Республикасының
     Раушан Ғайсақызы              энергетика және минералдық
                                   ресурстар министрлiгi Мемлекеттiк
                                   активтердi басқару департаментiнiң
                                   директоры
<*>

     
     Аймақов                       Қазақстан Республикасының Қаржы
     Бауыржан Жаңабекұлы           министрлiгi Фискалдық саясат және
                                   болжамдар департаментiнiң
                                   директоры
<*>

     
     Ермекова                      Қазақстан Республикасы
     Несiпбала Әбсағитқызы         Стратегиялық жоспарлау агенттiгiнiң
                                   Стратегиялық жоспарлау және бақылау
                                   департаментiнiң директоры
                                   (келiсiм бойынша)
<*>

     
     Шиғанбаев                     Қазақстан Республикасының
     Ерғали Әбдiмомынұлы           Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден
                                   комитетiнiң кедендiк режимдер мен
                                   кедендiк ресiмдеудi бақылауды
                                   ұйымдастыру бас басқармасының
                                   бастығы
<*>
 


                                               Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1304 қаулысына 2-қосымша


    Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған
     бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және        
  шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының (ЖЖТ-Транс)
         бірінші мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың сметасы

 __________________________________________________________________________
|N |              Қызмет көрсетулердің атауы                      |Сомасы  
|__|______________________________________________________________|________
|1 |                            2                                 |    3   
|__|______________________________________________________________|________
|1.|Кеңеске қатысушыларға арналған түскі қонақасылар:             |960 $   
|  |1998 жылғы 20-22 қазанда 40 адам үшін 1 адамға 8$ түскі ас    |        
|  |есебінен                                                      |        
|__|______________________________________________________________|________
|2.|1998 жылғы 20-22 қазан аралығында 30 адам үшін күнінен 2 рет  |360 $   
|  |4$ есебінен үзілістерде қатысушыларға ұсынылатын кофе-брейг   |        
|__|______________________________________________________________|________
|3.|20% ҚҚС ескеріле отырып, бір аудармашыға сағатына 20$ есебінен|1150 $  
|  |1998 жылы 20-22 қазан аралығында 2 аудармашының ілеспе аударма|        
|  |қызмет көрсетулеріне төлем                                    |        
|__|______________________________________________________________|________
|4.|20% ҚҚС ескеріле отырып, 1998 жылы 20-22 қазан аралығында     |1080 $  
|  |ілеспе аппаратурасын жалға алу                                |        
|__|______________________________________________________________|________
|5.|1998 жылы 20-22 қазан аралығында Кеңес өткізу үшін сағатына   |480 $   
|  |20$-дан күнінен 8 сағатқа конференция залын жалға алу         |        
|__|______________________________________________________________|________
|6.|30 адамға кеңсе бұйымдары (папкалар, қағаз блокноттар, қалам- |100 $   
|  |саптар, қарындаштар, Қазақстан туралы сый кітаптар)           |        
|__|______________________________________________________________|________
|  |                                 Смета бойынша барлық шығыстар|4132 $  
|__|______________________________________________________________|________
 Төрт мың бір жүз отыз екі АҚШ доллары    
 Үш жүз отыз екі мың алты жүз жиырма алты теңге
 Ұлттық Банктің 1998 жылғы 7 қазандағы бағамы 1$ - 80,5 теңге
 
    
   Оқығандар:
  Орынбекова Д.К.
  Кобдалиева Н.М.