Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1108 қаулысы

      Астанада 2002 жылғы 29 наурызда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы "Астана қаласын сумен жабдықтау және оның кәрізі" жобасын жүзеге асыру үшін қарыз алу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі нотасының аудармасы

2002 жылғы "29" наурыз
Астана қаласы

      Жоғары Мәртебелi,

      Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беруi мәселесi бойынша Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы таяуда қол жеткiзiлген төмендегi келiсiмдi растау құрметiне ие болып отырмын:

      1. "Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiздеу" жобасын
         (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындау үшiн
         Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Банкi (бұл жерде және
         бұдан әрi "Банк" деп аталады) Жапонияның заңнамасына
         сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне жалпы сомасы
         жиырма бiр миллиард үш жүз алпыс бiр миллион жапон иенiнен
         (Ү 21 361 000 000) тұратын қарыз (бұл жерде және бұдан әрі
         "Қарыз" деп аталады) беретiн болады.

      2. (1) Қарызды пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкiметi
          мен Банк арасында жасалған қарыз туралы келiсiмге сәйкес
          қол жеткiзiлетiн болады. Қарыздың өтеу кезеңi мен
          шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер
          iшiнара төмендегi қағидаттары ұстанатын аталған қарыз
          туралы келiсiмге сәйкес анықталатын болады:
      (а) (i) өтеу мерзiмi он (10) жыл жеңiлдiктi кезең
      аяқталғаннан кейiн жиырма (20) жылды құрайтын болады;
      (іі) пайыздық мөлшерлеме жылына екi бүтiн оннан екiнi (2,2 %)
      құрайтын болады;
      (б) Жоғарыда баяндалған (а) тармақшаның шартына қарамастан,
      Қарыздың бiр бөлiгiн пайдалану Жоба бойынша консультанттардың
      шығыстарын жабуға қолайлылық берген, жағдайда, келесiдей
      мүмкiндiктер тумақ:
      (i) аталған бөлiк бойынша өтеу мерзiмi он (10) жыл жеңiлдiктi
      кезең аяқталғаннан кейiн отыз (30) жылды құрайтын болады;
      (іі) аталған бөлiк бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына нөл
      бүтiн жүзден жетпiс бeсті (0,75 %) құрайтын болады; және
      (в) Қарыз туралы аталған келісім күшіне енген сәттен бастап
      Қарыз тоғыз (9) жылдың ішінде берілетін болады.

      Жоғары Мәртебелi
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы iстер Бiрiнші Вице-Министрi
      Ерлан Ыдырысов мырза

      (2) Осы тармақтың жоғарыда аталған (1) тармақшасында аталған
      Қарыз туралы келiсiм қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн
      қамтитын Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне Банк
      оң баға бергеннен кейiн жасалатын болады;
      (3) Осы тармақтың (в) жоғарыда аталған (1) тармақшасында
      аталған Қарыз берудiң кезеңi екi Үкiметтің уәкiлеттi билiк
      органдарының келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.

      3. (1) Қарыз қаражаты қазақстандық атқарушы агенттiктiң
      келiсiм-шарт бойынша қолайлы елдердiң жеткiзушiлерi,
      келiсiм-шарттық ұйымдар және/немесе кеңесшiлерi алдындағы,
      Жобаны орындау үшiн қажеттi өнiмдердi және/немесе қызмет
      көрсетулердi сатып алуға байланысты туындауы мүмкiн
      төлемдердi жабу үшiн қолайлылық бермек, алайда мұндай өнiмдер
      және/немесе қызмет көрсетулер сол қолайлы елдерде өндірiлген
      және/немесе көрсетiлген болуы шарт.
      (2) Жоғарыда (1) тармақшада аталған қолайлы елдердiң тiзбесi
      екi ел Үкiметтерiнiң уәкiлеттi органдары арасында келiсiлетiн
      болады.
      (3) Қарыздың бiр бөлiгi Жобаны орындауға байланысты орынды
      талаптарды жабу үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық
      валютасында пайдаланылуы мүмкiн.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi (3) тармақтың (1)
      тармақшасында аталған өнiмдер және/немесе көрсетiлетiн
      қызметтер Банктiң баяндалған ережелерiне сәйкес және рәсiмнiң
      қолданылмайтындығы немесе орынсыздығы жағдайларын қоспағанда,
      одан әрi халықаралық тендер өткiзу арқылы сатылып
      алынатындығына кепiлдiк бередi.

      5. Қарыз бойынша сатылып алынған жүк және теңiз тасымалы мен
      өнiмдердiң сақтандырылуына қатысты, Қазақстан Республикасының
      Үкiметi көлiктiк және теңiздiк сақтандырушы компаниялардың
      арасындағы адал және еркiн бәсекеге кедергi келтiруi мүмкiн
      кез келген шектеулерден тартынады.

      6. (3) тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдер мен/немесе
      көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзуге байланысты Қазақстан
      Республикасында қызметi қажет болатын жапон азаматтарына
      жұмыстарын орындаулары үшiн Қазақстан Республикасына келуi
      мен онда тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасалатын болады.

      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (а) Банктi Қазақстан Республикасында оған және/немесе Қарызға
      байланысты, сондай-ақ ол бойынша пайыздарға салынатын барлық
      қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (б) Жеткiзушiлер, келiсiм-шарттық ұйымдар және/немесе
      консультанттар болып табылатын Жапондық компанияларды Қарыз
      бойынша өнiмдер жеткiзуден және/немесе қызмет көрсетуден
      түсетiн кiрiске қатысты Қазақстан Республикасында салынатын
      барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (в) Келісім-шартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып
      табылатын Жапондық компанияларды Жобаны орындау үшiн қажеттi
      өз материалдары мен құрал-жабдықтарының импорты мен
      реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық
      төлемдер мен салықтық баждардан; және
      (г) Жобаны iске асыруға қатысатын жапондық жұмысшыларды
      жеткізушiлер, келiсiм-шартты ұйымдар және/немесе
      консультанттар болып табылатын Жапондық компаниялардың
      төлемiнен алынатын жеке кiрiстерiне Қазақстан Республикасында
      салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан босатады.

      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай қажеттi
      шараларды iске асырады:
      (а) Қарыз тиiстi түрде және тек қана Жобаның орындалуы үшін
      пайдаланылатын болады; және
      (б) Қарыздың қаражатына салынған объектiлер осы келiсiмде
      сипатталған мақсаттар үшiн тиiмдi және тиiстi түрде
      пайдаланылатын және күтiлiп ұсталатын болады.

      9. Қазақстан Республикасының Үкiметi сұрау салуға сәйкес,
      Жапонияның Үкiметi мен Банктi Жобаның орындалу барысы туралы
      ақпарат және деректермен қамтамасыз ететiн болады.

      10. Екi Үкімет аталған келiсiмнен туындайтын немесе оған
      қатысты кез келген мәселе бойынша өзара консультациялар
      өткiзетiн болады.

      Мен, сонымен қатар, осы нота және Қазақстан Республикасының Үкiметiне қатысты жоғарыда баяндалғандарды растайтын Жоғары Мәртебелiнiң жауап нотасы келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алғаннан кейiн күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы келiсiмдi бекiту деп санауды ұсынғым келедi.
      Мен осы мүмкіндіктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiге өзiмнiң зор iлтипатымды бiлдiргiм келедi.

                             Қазақстан Республикасындағы
                             Жапонияның Уақытша Сенiмдi Өкiлi
                             Хироки Токунага

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
нотасының аудармасы

2002 жылғы "29" наурыз
Астана қаласы

      Құрметтi Мырза,
      Мен төмендегi мәселе бойынша Сiздiң бүгiнгi нотаңызды алғанымды растау құрметiне ие болып отырмын:
      "Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беруi мәселесi жөнiндегi Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы таяуда қол жеткiзiлген төмендегi келiсiмдi растау құрметiне ие болып отырмын:

      1. "Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiздеу" жобасын
      (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындау үшiн
      Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Банкi (бұл жерде және
      бұдан әрi "Банк" деп аталады) Жапонияның заңнамасына сәйкес
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне жалпы сомасы жиырма бiр
      миллиард үш жүз алпыс бiр миллион жапон иенiнен (Y 21 361 000
      000) тұратын қарыз (бұл жерде және бұдан әрi "Қарыз" деп
      аталады) беретiн болады.

      2. (1) Қарызды пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкiметi
      мен Банк арасында жасалған қарыз туралы келiсiмге сәйкес қол
      жеткiзiлетiн болады. Қарыздың өтеу кезеңi мен шарттары,
      сондай-ақ оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер iшiнара төмендегi
      қағидаттарды ұстанатын аталған қарыз туралы келiсiмге сәйкес
      анықталатын болады:
      (а) (i) өтеу мерзiмi он (10) жыл жеңiлдiктi кезең
      аяқталғаннан кейiн жиырма (20) жылды құрайтын болады;
      (іі) пайыздық мөлшерлеме жылына екi бүтiн оннан екiнi (2,2 %)
      құрайтын болады;
      (б) Жоғарыда баяндалған (а) тармақшаның шартына қарамастан,
      Қарыздың бiр бөлiгiн пайдалану Жоба бойынша консультанттардың
      шығыстарын жабуға қолайлылық берген жағдайда келесiдей
      мүмкiндiктер тумақ:
      (i) аталған бөлiк бойынша өтеу мерзiмi он (10) жыл жеңiлдiктi
      кезең аяқталғаннан кейiн отыз (30) жылды құрайтын болады;
      (іі) аталған бөлiк бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына нөл
      бүтiн жүзден жетпiс бестi (0,75 %) құрайтын болады; және

      Қазақстан Республикасындағы
      Жапонияның Уақытша Сенiмдi Өкiлi
      Хироки Токунага мырзаға

      (в) Қарыз туралы аталған келiсiм күшiне енген сәттен бастап
      Қарыз тоғыз (9) жылдың iшiнде берiлетiн болады.
      (2) Осы тармақтың жоғарыда аталған (1) тармақшасында аталған
      Қарыз туралы келiсiм қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн
      қамтитын Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне Банк
      оң баға бергеннен кейiн жасалатын болады;
      (3) Осы тармақтың жоғарыда аталған (в) тармағының (1)
      тармақшасында аталған Қарыз берудiң кезеңi екi Yкiметтiң
      уәкiлеттi билiк органдарының келiсiмi бойынша ұзартылуы
      мүмкiн.

      3. (1) Қарыз қаражаты қазақстандық атқарушы агенттiктiң
      келiсiм-шарт бойынша қолайлы елдердiң жеткiзушiлерi,
      келiсiм-шарттық ұйымдар және/немесе кеңесшiлерi алдындағы,
      Жобаны орындау үшiн қажеттi өнiмдердi және/немесе қызмет
      көрсетулердi сатып алуға байланысты туындауы мүмкiн
      төлемдердi жабу үшiн қолайлылық бермек, алайда мұндай өнiмдер
      және/немесе қызмет көрсетулер сол қолайлы елдерде өндiрiлген
      және/немесе көрсетiлген болуы шарт.
      (2) Жоғарыда (1) тармақшада аталған қолайлы елдердiң тiзбесi
      екi ел Үкiметтерiнiң уәкiлеттi органдары арасында келiсiлетiн
      болады.
      (3) Қарыздың бiр бөлiгi Жобаны орындауға байланысты орынды
      талаптарды жабу үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық
      валютасында пайдаланылуы мүмкiн.

      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi (3) тармақтың (1)
      тармақшасында аталған өнiмдер және/немесе көрсетiлетiн
      қызметтер Банктiң баяндалған ережелерiне сәйкес және рәсiмнiң
      қолданылмайтындығы немесе орынсыздығы жағдайларын қоспағанда,
      одан әрi халықаралық тендер өткiзу арқылы сатылып
      алынатындығына кепiлдiк бередi.

      5. Қарыз бойынша сатылып алынған жүк және теңiз тасымалы мен
      өнiмдердiң сақтандырылуына қатысты, Қазақстан Республикасының
      Үкiметі көлiктiк және теңiздiк сақтандырушы компаниялардың
      арасындағы адал және еркiн бәсекеге кедергi келтiруi мүмкiн
      кез келген шектеулерден тартынады.

      6. (3) тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдер мен/немесе
      көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзуге байланысты Қазақстан
      Республикасында қызметi қажет болатын жапон азаматтарына
      жұмыстарын орындаулары үшiн Қазақстан Республикасына келуi
      мен онда тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасалатын болады.

      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (а) Банктi Қазақстан Республикасында оған және/немесе Қарызы
      байланысты, сондай-ақ ол бойынша пайыздарға салынатын барлық
      қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (б) Жеткiзушiлер, келiсiм-шарттық ұйымдар және/немесе
      консультанттар болып табылатын Жапондық компанияларды Қарыз
      бойынша өнiмдер жеткiзуден және/немесе қызмет көрсетуден
      түсетiн кiрiске қатысты Қазақстан Республикасында салынатын
      барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (в) Келiсiм-шартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып
      табылатын Жапондық компанияларды Жобаны орындау үшiн қажеттi
      өз материалдары мен құрал-жабдықтарының импорты мен
      реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық
      төлемдер мен салықтық баждардан; және
      (г) Жобаны iске асыруға қатысатын жапондық жұмысшыларды
      жеткiзушiлер, келiсiм-шарттық ұйымдар және/немесе
      консультанттар болып табылатын Жапондық компаниялардың
      төлемiнен алынатын жеке кiрiстерiне Қазақстан Республикасында
      салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан босатады.

      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай қажеттi
      шараларды iске асырады:
      (а) Қарыз тиiстi түрде және тек қана Жобаның орындалуы үшiн
      пайдаланылатын болады; және
      (б) Қарыздың қаражатына салынған объектiлер осы келiсiмде
      сипатталған мақсаттар үшiн тиiмдi және тиiстi түрде
      пайдаланылатын және күтiлiп ұсталатын болады.

      9. Қазақстан Республикасының Үкiметi сұрау салуға сәйкес,
      Жапонияның Үкiметi мен Банктi Жобаның орындалу барысы туралы
      ақпарат және деректермен қамтамасыз ететiн болады.

      10. Екi Үкiмет аталған келiсiмнен туындайтын немесе оған
      қатысты кез келген мәселе бойынша өзара консультациялар
      өткiзетiн болады.

      Мен, сонымен қатар, осы нота және Қазақстан Республикасының Үкiметiне қатысты жоғарыда баяндалғандарды растайтын Жоғары Мәртебелiнiң жауап нотасы келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алғаннан кейiн күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы келiсiмдi бекiту деп санауды ұсынғым келедi.
      Мен осы мүмкіндiктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiге өзiмнiң зор iлтипатымды бiлдiргiм келедi".

      Мен сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жоғарыда баяндалғандармен келiсетiнiн және Сiздiң нотаңыз бен осы жауап нота келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердiң орындалғаны туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жазбаша хабарламасын Жапонияның Үкiметi алғаннан кейiн күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы келiсiмнiң бекiтiлуi деп саналатынына келiсiмiн бiлдiретiнiн растау құрметiне ие болып отырмын.
      Мен осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, Сiзге өзiмнiң iлтипатымды бiлдiргiм келедi.

                                Қазақстан Республикасының
                                Сыртқы iстер Бiрiншi Вице-Министрi
                                Ерлан Ыдырысов