1998 жылғы 26 наурызда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы туралы Ташкент декларациясының қағидаларын іске асыру және халықаралық ұйымдармен инфрақұрылымдар саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамы бекітілсін (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының бірінші мәжілісін өткізуге байланысты шығыстарды жабуға қаржы қаражатын бөлсін (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
21 желтоқсандағы
N 1304 қаулысымен
бекітілген
БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған
Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік
инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан
өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының
қазақстандық бөлігінің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.16. N 1072
қаулысымен.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 31
қаулысымен.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.07. N 1108
қаулысымен
.
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович коммуникациялар бiрiншi
вице-министрi, жетекшi
Мүсенова - Қазақстан Республикасының
Галина Ақайқызы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлiгі Салалық саясат және
бағдарламалар департаментiнің
директоры
Төлебаев - Қазақстан Республикасының
Алмас Қажыкенұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi Импортты
алмастыру және сыртқы байланыстар
департаментiнің директоры
Темiрқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қайрат Иманқұлұлы министрлігінің Кiрiс, конвенция және
келiсiм-шарт департаментi
директорының орынбасары
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының
Есiркеп Оңланбекұлы Экономика және сауда министрлiгi
Салааралық үйлестiру
департаментiнiң директоры
Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Нұрлан Әдiлұлы министрлiгi Көпжақты ынтымақтастық
департаментiнiң директоры
Қазыбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Айдар Қалымтайұлы және сауда министрлігі Талдау және
бағдарламаларды дамыту департаментiнiң
директоры
Шығанбаев - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Ерғали Әбдiмомынұлы бақылау агенттiгi Кедендiк бақылауды
ұйымдастыру департаментi бастығының
орынбасары
Уажанов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Тұрсын Үшбайұлы қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызмет
директорының орынбасары - Шекаралық
бақылау бас басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша)
Тұсымов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Өмiрзақ Төлеуұлы министрлiгi Жол полициясы
департаментiнiң бастығы
Мұқанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Қасым Қасенұлы шаруашылығы министрлiгi Ветеринария
департаментi директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
21 желтоқсандағы
N 1304 қаулысына
2-қосымша
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына
арналған бағдарламасының шеңберінде Көлік
инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді
оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының (ЖЖТ-Транс)
бірінші мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың сметасы
|N | Қызмет көрсетулердің атауы |Сомасы
|