Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" 1998 жылғы 24 шілдедегі N 691 P980691_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштері туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1002 P971002_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазіргі заманғы жүйелерін құру" республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасының 1997-2000 жылдарға арналған негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерінде:
6-тарауда:
екінші абзацтағы "Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталықтың (РЭБ ҰО)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының ("РЭБ ҰО" АҚ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"РЭБ ҰО" АҚ жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап түпкілікті өнімді шығаруға және оны сатуға дейінгі ғылыми-техникалық қызмет желісінің үзіліссіздігін қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымға ие болады";
7-тараудағы "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі Ұлттық орталығы" деген сөздер "РЭБ ҰО" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ақпаратты қорғау жөніндегі ұлттық стандарттардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы" 1998 жылғы 3 маусымдағы N 507 P980507_ қаулысына:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының жанындағы Радиоэлектроника және байланыс ұлттық орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Радиоэлектрооника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Радиожиілік спектрін мемлекеттік мұқтаждар үшін пайдаланудың тәртібі туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 652 P980652_ қаулысына:
8-тармақтағы "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс ұлттық орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс жөніндегі Ұлттық орталығының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 8 P940008_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 5-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Сарышаған" сынақ полигонының босаған объектілерін пайдалану жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы N 1155 P941155_ қаулысының;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми орталықтарының қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 28 желтоқсандағы N 1668 қаулысымен (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 511-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағының күші
жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі