ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАCЫНЫҢ РАДИОЭЛЕКТРОНИКА МЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНIНДЕГI ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 4 қаңтар N 8. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.12.18. N 1299 қаулысымен. ~P981299

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердiң темiржол көлiгiмен тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1994 жылғы 5 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынастағы жүк тасымалдауға арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 1,16 /қосымша құн салығын есептемегенде/ болып;
      1994 жылғы 15 қаңтардан бастап жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдауға /қала маңындағы қатынастан басқасы/ арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 2,5 /қосымша құн салығын есептегенде/ болып белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi