"Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 24 шілдедегі N 691

      "Жекешелендіру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65 P970065_ қаулысын іске асыру және инвестицияларды тарту, өндірісті диверсификациялау мен қорғаныстық және қос қолданыстағы технологияларды енгізу үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығын, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығының "Гранит" тәжірибе өндірісі бар Арнаулы конструкторлық-технологиялық бюросы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығының Радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институтын біріктіру жолымен жарғылық капиталында мемлекет 100 процент қатысатын "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті екі ай мерзім ішінде:
      "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының жарғысын бекітсін және оны заңдарда белгіленген тәртіппен тіркесін;
      "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына "Алатау" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін берсін;
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығының құқықтары мен міндеттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығының "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазіргі заманғы жүйелерін құру" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндеттемелерінің, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығының "Гранит" тәжірибе өндірісі бар Арнаулы конструкторлық-технологиялық бюросы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін дамыту және конверсиялау мемлекеттік бағдарламасының

 

шараларын орындау жөніндегі міндеттемелерінің құқықтық мұрагері болып

белгіленсін.

     4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы бір

ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған

шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының

Үкіметіне ұсыныстар енгізсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі