1. "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргi заманғы жүйелерiн құру" республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасының 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр);
оларды iске асыруға байланысты шығыстар, ғылымды қаржыландыруға
бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 2. "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi Ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 8 P940008_ қаулысының 8-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 5-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1002 қаулысымен бекiтiлген "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргi заманғы жүйелерiн құру" республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасының 1997-2000 жылдарға арналған негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi 1. Проблеманың жай-күйi
Әлемдiк тәжiрибе қазiргi жағдайда табиғат ресурстарымен және технологиялық мүмкiндiктермен қатар, ақпараттық инфрақұрылым және халықтың интеллектуалдық деңгейi мемлекеттiң дүниежүзiндегi шынайы алатын орнын және беделiн, оның өнеркәсiп және қорғаныс әлеуетiн айқындайтындықтан телекоммуникациялар мен байланыс құралдары жүйелерiн дамытудың стратегиялық ұлттық басымдықтарға жататындығын дәлелдеп отыр. Оған қоса, қоғамның инфрақұрылымдық бөлiгi ретiндегi байланыс мемлекет экономикасын көтеру көздерiнiң бiрi болып табылады. Өндiрiсi дамыған елдерде байланыс үшiн жұмсалған әр доллардың үш-төрт доллар пайда түсiретiнi белгiлi.
Осыған орай дамушы елдер өзiнiң байланыс тораптарын дамытуға жалпы ұлттық өнiмiнiң 10-12%-iн жұмсай отырып, жедел қарқынмен жүзеге асыруда (өнеркәсiптiк дамыған елдерде бұл үлес 4-8% құрайды).
Соңғы он жылдықтар iшiнде бұрынғы КСРО-да салалық қаржыландырудың қолданылған "қалдықты" принципi байланыса жұмсалатын инвестициялардың талап етiлетiн мөлшерiнен 2-3 есе кем болуына әкелiп соқты. Мұның нәтижесiнде Қазақстан Республикасындағы негiзгi өндiрiстiк қорлардың тозуы қазiр орта есеппен 50%-тен асты. Көптеген байланыс кәсiпорындарында моральдық ескiрген жабдықтар пайдаланылады, байланыстың қазiргi заманғы құралдары, оның iшiнде электрондық автоматты коммутациялық станциялар (халықаралық, қалааралық, қалалық және селолық), сандық беру жүйесi, талшықты-оптикалық байланыс желiлерi, почтаның автоматтандырылған сұрыптау жүйесi жетiспейдi.
Алайда Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайында инвестицияларға байланысты мәселе аса күрделi болып отыр, бұл экономикалық дағдарысқа, қазiргi заманғы байланыс қызметiн көрсету мүмкiншiлiгi жоқ байланыс торабының толықтай ескiруiне байланысты болып отыр.
Қазақстанның әлемдiк ақпарат қауымдастығына толық құқықты мүше болып кiруiнiң мiндеттi шарттарының бiрi байланыс және телекоммуникациялық қызмет көрсетудiң бүгiнгi деңгейiн жабдық бөлшектер мен технологияларды шетелден сатып алуға байыпты қарау жолымен және отандық радиоэлектрондық кәсiпорындарда бiрiншi кезекте, бұрын арнаулы мақсаттағы бұйымдарды шығарумен айналысқан кәсiпорындарда, байланыс құралдары мен телекоммуникациялардың өндiрiсiн ұйымдастыру арқылы әлемдiк деңгейге жеткiзу болып табылады.
Қазақстанның технологиялық серпiлiсiнiң жалпы мемлекеттiк бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргi заманғы жүйелерiн құру" (бұдан әрi - Бағдарлама) республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасы республиканың халық шаруашылығы кешенiн телекоммуникация және байланыс саласындағы жаңа құралдармен, технологиялармен жабдықтаудың, сондай-ақ әскери-өндiрiстiк кешенiнiң конверсияланатын қуаттарын барынша тиiмдi пайдалануды көздейдi.
1994-1996 жылдарға арналған осы бағдарламаның бiрiншi кезеңiн жүзеге асыру нәтижелерiн талдау көрсеткендей, Бағдарламада қойылған тапсырмалар толық орындала қойған жоқ, оның негiзгi себептерi мыналар болды: тақырыптық жоспардың әрқилылығы, келелi емес және болашағы жоқ тақырыптардың көп бөлiгiнiң қаржыландырылуы, олардың нәтижелерiне сұраныстың болмауы, сондай-ақ қаржыландырудың жеткiлiксiз көлемi және қаржының түсу мерзiмдерiнiң бұзылуы.
Екiншi жағынан, осы уақыт аралығында республиканың экономикалық өмiрiндегi болған елеулi өзгерiстер, телекоммуникация және байланыс саласындағы тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы жағдайда елеулi түрде өзгерттi.
Бұл өзгерiстер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан халық шаруашылығының әртүрлi ғылыми салаларының даму бағыттарын реттейтiн және айқындайтын негiзгi нормативтiк құжаттарында орынды көрiнiс тапты. Осы құжаттардағы негiзгi екпiн күтiлетiн нәтижелердiң тұтынылуына, тауарлар мен Бағдарлама тақырыптары шеңберiндегi қызмет көрсету нарығын талдауға, сондай-ақ тұрақты тапсырысшылардың ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарын қосымша қаржыландыруының бар екендiгiне бағытталады.
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы қабылдаған, "Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық даму проблемалары мен жолдары" атты республикалық кеңесте (1996 жылғы 24 мамыр) баяндалған Тұжырымдама телекоммуникациялар мен байланыс саласын дамытудың ең маңызды бағыттарын айқындайды:
радиоэлектрондық бейiндегi конверсияланатын кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаты базасында алдыңғы қатарлы технологиялар негiзiнде қазiргi заманғы байланыс құралдары мен радиоэлектроника бұйымдарын жасау және өндiрiсiн игеру;
республикада бiртұтас телекоммуникация және ақпарат кеңiстiгiн құру шеңберiнде жүйелi интеграцияға қойылатын талаптарды әзiрлеу;
мемлекеттiк органдардың телекоммуникациялық және ақпараттық жүйесiн құру;
телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер мен олардың құраластарын сертификаттау;
АТС-ты, теледидарды, байланыстың барлық түрлерiн ұстау, пайдалану, жөндеу және жаңарту үшiн өнiм жасап шығару;
мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету мүддесiнде радиоэлектрондық кешендер мен құралдарды жасау, өндiру және техникалық қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар мен байланыс саласындағы басымдықтардың өзгеруi, осы Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн жүзеге асыру тәжiрибесi, бюджеттiк қаржы бөлудегi шектеулiлiк, сонымен бiрге шыққан өнiм тұтынылуының нарықтық тетiгiн есепке алу қажеттiлiгi Бағдарламаның негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiн қайта қарауды және түзетудi, және оны орындау мерзiмдерiн өзгертудi талап етедi.
Бағдарламаның түзетiлген негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi қайта қалыптастырылған бағыттар мен мiндеттердi ескередi және мемлекеттiк басқару органдары мен Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесiп, Бағдарламаны қаржыландыра алатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер түрiндегi ғылыми-техникалық өнiмнiң нақты тұтынушыларының мүддесiн бiлдiредi. Мұндай тұтынушылар негiзiнен мыналар:
"Қазақтелеком" ҰАК - Қазақстан Республикасы телекоммуникациялық тораптарының ұлттық операторы; өзiнiң тапсырыс берушi басқармаларының атына - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлiгi; "Казаэронавигация" мемлекеттiк кәсiпорны; Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль көлiгi департаментi; Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Гидрометеорология жөнiндегi агенттiгi. 2. Бағдарламаның негiзгi мақсаттары Бағдарламаның негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
нақты тұтынушыларды ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргi заманғы құралдары мен жүйелерiн әзiрлеу мен жасауды қамтамасыз ететiн ғылыми приборлық-аспаптық, технологиялық, өндiрiстiк және кадрлық базаны: меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк телекоммуникация жүйесiнiң операторларын; ведомстволық байланыс операторларын (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттiк тергеу комитетi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi) ұйымдастыру;
қазiргi заманғы байланыс құралдары мен радиоэлектроника бұйымдарын радиоэлектрондық бейiндегi конверсияланатын кәсiпорындардың өндiрiс қуаттары базасында озық технологиялардың негiзiнде жасау және олардың өндiрiсiн игеру.
Қойылған мiндеттердiң бiрқатарын кезең-кезеңiмен шешу арқылы осы мақсаттарға қол жеткiзуге болады, ол мiндеттердiң негiзгiлерi мыналар:
Қазақстан Республикасының конверсияланатын кәсiпорындарының өндiрiстiк әлеуетi базасында қазiргi заманғы байланыс және телекоммуникация құралдарын жасауға, өндiрiске енгiзуге бағытталған ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыс кешенiн жүргiзу, сондай-ақ коммерциялық мүдденi бiлдiретiн байланыс қызметiнiң қазiргi заманғы неғұрлым жаңа түрлерiн құру;
"Сары-Шаған" полигонын конверсиялау, оның ғылыми-техникалық әлеуетiн Қазақстан экономикасы мүддесiне пайдалану, мамандандырылған өндiрiстер құру; қазiргi заманғы ғылыми және технологиялық деңгейдегi жүйелiк жобаларды жасау мақсатында радиоэлектроника және байланыс саласында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының ғалымдары мен мамандарының күшiн жұмылдыру. 3. Бағдарламаның негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi ____________________________________________________________________ Бағдарламаның | Тапсырманың ғылыми-техникалық көрсеткiштерi негiзгi |____________________________________________________ тапсырмалары | 1997-1998 жылдар | 1998-2000 жылдар | кезеңiнде | кезеңiнде _______________|___________________________|________________________ 1. Байланыстың |Ғылыми-техникалық |Байланыс жүйесiнiң және мәлiмет. |құжаттамалар әзiрлеу, |сандық көп арналық тропо. тердi беру |байланыстың сандық |сфералық (метеорлық) жүйелерiнiң |тропосфералық жүйесiнiң |жүйесiнiң, республика дәстүрлi емес |нобайлық және тәжiрибелiк |телекоммуникациялар түрлерiн жасау |үлгiлерiн, пакеттiк |тораптарын бақылау және және зерттеу. |радиобайланыстық және |басқару жүйесiнiң, Қазақстан Рес. |көлiк құралдары қозғалысын |пакеттiк радиобайланыс. публикасындағы |бақылау, сондай-ақ мәлiмет.|тық телекоммуникациялық, телекоммуника. |тер базасына еркiн кiру |көлiк құралдарының циялық (кеңiнен|жүйесiнiң телекоммуника. |қозғалысына бақылауды таратылатын, |циялық құрылымын дайындау |және мағлұматтар коммутациялық | |базасына еркiн кiру және аралас) | |жүйелерiнiң нұсқалық қызмет жүйеле. | |серияларын шығару рiнiң бағдар. | | ламалық-ақпа. | | раттық | | қамтамасыз | | етiлуiн дамыту | | _______________|___________________________|________________________ 2. Қазiргi за. |Ауылдық жерге арналған |Сынау нәтижелерiне манғы байланыс |телепойнтты радиотелефон |сүйене отырып, аппарату. құралдарын және|байланысы аппаратураларының|ралық нұсқаларының электр радиоэлектро. |АТС-ке арналған микропро. |схемаларын конструкцияла. ника бұйымдары |цессорлық басқару жүйесiнiң|рын жетiлдiру, радиотеле. өндiрiсiн |ИКМ-30, 120, 480, тығыздау |фон байланысы, микропро. құруды игеру |аппаратурасының, радиохабар|цессорлық жүйелер |беретiн және теледидар, |аппаратураларын, қатайту |ЖҚТ радиоқабылдағыштар |аппаратураларын; радио. |таратқыштарының (передат. |хабар беретiн және |чик) конструкторлық және |теледидар, ЖҚТ радио. |технологиялық құжаттама. |қабылдағыштар таратқыш. |ларын әзiрлеу, тәжiрибелiк |тары аппаратураларының |партиясын дайындау |пайдалану жағдайына | |бейiмделуi мен оларды | |сериялық өндiрудi игеру _______________|___________________________|________________________ 3. Теледидар, |Желiлiк интегралдық |Коммутациялық, активтiк радиохабарлар |схемаларды пайдаланушының |және пассивтiк элементтер, және радиоэлек.|жартылай фабрикатты базалық|микроқұрастырғыштар, троника бұйым. |кристалдар, керамикалық |бағдарлы интегралдық дары өндiрiсiн |микроплаттар, қуатты жоғары|схемалар технологияларын өте тапшы |жиiлiктегi транзисторлар, |жасау, технологиялық элементтiк |көп қабатты коммутациялық |дайындық және оларды базамен |платалар мен бағдарланатын |өндiрудi игеру қамтамасыз ету |пассивтiк элементтер, | |микроқұрастырғыштар, | |өндiрудiң техникалық | |жобалары мен технологиялық | |карталарын жасау | _______________|___________________________|________________________ 4. Байланыс |Стандарттау мен сертификат.|Метрологиялық қамсыздан. және телеком. |тау құралдары және |дыру және байланыс муникация |телекоммуникациялара мен |құралдары мен телекомму. саласындағы |байланыс жүйелерi саласында|никацияларды сертификат. құралдар мен |нормативтiк-әдiстемелiк |таудың Республикалық жүйелердiң |база жасау және мамандар |(Алматы қаласында) және нормативтiк- |даярлау, құралдық-техника. |аймақтық (Приозерск әдiстемелiк, |лық база құру, телекоммуни.|қаласында) кешендi құралдық база. |кациялық орталар мен |тексерумен олардың сын жасау және |құрылғылардағы ақпаратты |қолданылу байланыстар стандарттау мен|кешендi қорғау әдiстеме. |бiрлестiгiнiң сертификаттау |лерiн әзiрлеу |орталықтарын құру жүйелерiн | | ұйымдық қам. | | тамасыз ету, | | сондай-ақ | | телекоммуни. | | кациялық | | орталардағы | | және қондыр. | | ғылардағы | | ақпаратты | | кешендi қорғау | | _______________|___________________________|________________________ 5. Сары-Шаған |"Сажень-С" квантты-оптика. |КОЖ негiзiнде дүниежүзiлiк полигоны |лық жүйесiн (КОЖ) жетiлдi. |уақыттың физикалық ғылыми-техни. |ру, бағдарламалық әзiрлеу, |эталонын жүзеге асыратын калық кешенiн |астрономиялық пассаж |жүйе құру Қазақстан конверсиялау |құралын жасау. Б529 антенна|аумағын ғарыштық тексеру бағдарламасын |кешенi негiзiнде ғарыштық |мәлiметтерiн өңдеу жасау және оны |ақпаратты қабылдау және |қорытындыларына сүйене жүзеге асыру |өңдеу жүйесiн құры |отырып, экологиялық | |картографиялық және | |геологиялық мiндеттер | |мен проблемаларды шешу _______________|___________________________|________________________ 6. Мемлекеттiң |Республиканың қорғаныс |Қазақстан Республикасы қорғаныс |қабiлетiн нығайту және оны |Президентiнiң қолданылып қабiлетiн және |қолдау үшiн бiрiншi кезекте|жүрген Жарлықтары мен қауiпсiздiгiн |жөндеу, қалпына келтiру |Қазақстан Республикасы қамтамасыз ету |және техникалық қызмет |Үкiметiнiң қаулылары мақсатында |көрсетуге жататын радио. |негiзiнде Қорғанысминi, радиоэлектрон. |электрондық құралдар мен |IIМ, ЖҚК, МТҚ, ТЖМК дық кешендер, |жүйелердiң номенклатуралық |номенклатуралық тiзбесi жүйелер және |тiзбесi бойынша деректер |бойынша басқару, байла. құралдар жасау |базасын құру. Әскери және |ныс, барлау, радиоэлек. |қос мақсатта пайдаланылатын|трондық күрес және |құралдар мен жүйелердi |әскери дайындық жүйелерiн |жөндеу мен техникалық |жасау және оған техника. |қызмет көрсету жөнiндегi |лық қызмет көрсету |орталық құру | _______________|___________________________|________________________ 4. Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаның орындалу нәтижесi:
тауарлар, байланыс құралдары мен жүйелерi нарығында келешегi мол, отандық, бәсекелесуге қабiлеттi жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттама дайындау, республиканың конверсияланатын кәсiпорындарының қолда бар өндiрiстiк әлеуетiнiң базасында нақты тапсырысшылармен (тұтынушылармен) келiсiлген көлемде, оның iшiнде мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету мүддесiнде игеру және шығару;
республиканың телекоммуникация тораптарын бақылау және басқару жүйелерiн жасау;
дүниежүзiлiк уақытты және Жердiң айналу өлшемдерiн бағалаудың
республикалық пунктiн, сондай-ақ ғарыштық ақпаратты қабылдау мен өңдеу жүйесiн жасау; республикалық байланыс құралдары мен жүйелерiн сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету орталығын, қос мақсаттағы жылжымалы тексеру және жөндеу лабораторияларын құру; республиканың байланыс және телекоммуникация жүйелерiнiң даму келешегiне арналған ғылыми және жобалық-конструкторлық қорлар жасау болып табылады. Негiзгi тұтынушылардың ("Қазақтелеком" ҰАК) деректерiне негiзделген 1997-2000 жылдардағы Қазақстан Республикасының тауар және қызмет көрсету нарығындағы отандық байланыс құралдарына деген қажеттiлiк ____________________________________________________________________ Рет| Жабдықтың атауы |Өлшем бiрлiгi| Саны N | | | ___|____________________________________|_____________|_____________ | | | 1 | Коммутациялық сандық жабдық | желi | 1 222 400 ___|____________________________________|_____________|_____________ 2 | Радиореле станциялары | дана | 1 500 ___|____________________________________|_____________|_____________ 3 | Телефон аппараттары | " | 600 000 ___|____________________________________|_____________|_____________ 4 | Радиотелефон терминалдары | " | 60 000 ___|____________________________________|_____________|_____________ 5 | Базалық радиотелефон станциялары | " | 300 ___|____________________________________|_____________|_____________ 6 | Мекемелiк және офистiк сандық | желi | 30 000 | коммутациялық станциялар | | ___|____________________________________|_____________|_____________ 7 | Арна түзушi хабар беру жүйелерi | арна | 40 000 ___|____________________________________|_____________|_____________ 8 | Радио- және ТV-таратқыштары | дана | 2 000 ___|____________________________________|_____________|_____________ 9 | Радиоқабылдағыштар | " | 40 000 ___|____________________________________|_____________|_____________ 5. Қоса орындаушы-ұйымдар 1. "Қазақтелеком" ҰАК, Алматы қаласы.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясының Ғарыштық зерттеулер институты, Алматы қаласы. 3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ионосфера институты, Алматы қаласы. 4. "Промсвязь" МК, Алматы қаласы. 5. "Телекоммуникациялар институты" АҚ, Алматы қаласы. 6. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Гидрометеорология жөнiндегi агенттiгi, Алматы қаласы. 7. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi, Алматы қаласы. 8. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, Алматы қаласы. 9. ҚазҰТУ, Алматы қаласы. 10. Абай атындағы АлМУ жанындағы Физика-технологиялық орталық, Алматы қаласы. 11. Ресейдiң Ғарыштық құралдар жасайтын ғылыми-зерттеу институты, Москва қаласы. 6. Бағдарламаның қаржыландырылуы
Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көзi мемлекеттiк бюджет болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн әр жылға бөлiнетiн қаржының көлемiн Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы белгiлейдi.
"Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталығы" акционерлiк қоғамының ("РЭБ ҰО АҚ") қаржы-шаруашылық қызметiнде Бағдарлама тапсырмаларын кезең-кезеңiмен орындау барысында Орталыққа кiретiн кәсiпорындардың коммерциялық және шаруашылық қызметiне байланысты үлестi арттыру, оның iшiнде шығарылатын өнiмнiң тұрақты тапсырушыларынан (тұтынушыларынан) және шетелдiк инвесторлардан тартылатын қаражат есебiнен арттыру арқылы бюджет
қаражатының салыстырмалы үлесiн бiртiндеп кемiту көзделедi. <*> "РЭБ ҰО" АҚ жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап түпкiлiктi өнiмдi шығаруға және оны сатуға дейiнгi ғылыми-техникалық қызмет желiсiнiң үзiлiссiздiгiн қамтамасыз ететiн ғылыми-техникалық және өндiрiстiк инфрақұрылымға ие болады. <*> Бағдарламаны қаржыландыру көздерiнiң өзгеру динамикасы 1997 жыл 2000 жыл (шамамен) Бюджет Бюджет ШИ 79% 60% 5% ШКҚ 21% ШКҚ 35%
ШКҚ - Шаруашылық және коммерциялық қызмет (оның iшiнде "Қазақтелеком" ҰАК пен ҚМ-ның қаржыландыру қаражаты есебiнен)
ШИ - Шетелдiк инвестициялық жобалар, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы (ХҒТО желiсi бойынша)
радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталықтың ғылыми-техникалық қызметтiң жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап түпкiлiктi өнiмдi шығару мен оны сатуға дейiнгi тiзбегiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн ғылыми-техникалық және өндiрiстiк инфрақұрылымы бар. РЭБ ҰО құрамына мына кәсiпорындар кiредi: "Алатау" АҚ Алматы арнаулы конструкторлық кәсiпорны, "Гранит" мамандандырылған конструкторлық-технологиялық бюросы, Приозерск қаласындағы Радиоэлектроника ғылыми зерттеу институты және "Алатау" АҚ өндiрiстiк кәсiпорны.
Бағдарламада қойылған мiндеттердiң жүзеге асуы, бiрiншiден, Бағдарламаның табысты орындалуы үшiн 6 ғылым докторынан және 30-дан астам ғылым кандидаттарынан, 200-ден астам телекоммуникация және байланыс аппаратураларын жасайтын мамандардан тұратын жеткiлiктi кадр әлеуетiмен, екiншiден, республиканың радиоэлектроника бейiнiндегi кәсiпорындарында шоғырландырылған қосымша инженерлiк-техникалық және өндiрiстiк әлеуеттiң болуымен қамтамасыз етiледi.
Бағдарламаны кезең-кезеңiмен жүзеге асыру және байланыс сияқты ғылымды көп қажет ететiн саланы дамыту алдағы уақытта қазiргi кадр әлеуетiн, бiрiншi кезекте, жоғары бiлiктi мамандармен толықтыруды қажет етедi. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ионосфера институты жанындағы арнайы Кеңесте мынадай қосымша мамандықтар бойынша диссертациялар қорғау мүмкiндiгiн қарастыру қажет: 05.12.04. радиолокация және радионавигация; 05.12.13. радиотехника және байланыс жүйесi мен құрылғылары. ЕСКЕРТУ. 6-тарау өзгердi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1299 қаулысымен. P981299_ 7. Ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету Бағдарламаның үйлестiрушiсi - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы.
"Телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргi заманғы жүйелерiн құру" атты республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша бас ұйым Қазақстан Республикасының "РЭБ ҰО" АҚ" болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тарау өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1299 қаулысымен.
P981299_