Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы ереже;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     

      3. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлығы туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 қазандағы N 834 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 38, 577-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 77 қазандағы N 834 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 1412 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 429-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комитетiнiң құрамы мен төралқасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 тамыздағы N 1003 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 315-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1998 жылғы 25 мамырдағы     
N 477 қаулысымен       
бекiтiлген          

           Қазақстан Республикасының ғылым, техника
           және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк
                  сыйлықтары туралы ереже

     1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) Қазақстан Республикасының азаматтарына:
      республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуын айтарлықтай жеделдетуге және қазақстандық ғылым мен техниканы әлемдегi озық жетiстiктердiң деңгейiне көтерiлуiне жеткiзетiн iргелi және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздiк нәтижелер үшiн;
      қоғамға кеңiнен танылған ғылыми ашылымдар, монографиялар, сондай-ақ бiр саладағы бiрқатар ғылыми жұмыстар үшiн;
      техниканың, материалдардың және технологиялардың жаңа түрлерiн әлемдiк үлгiлер деңгейiнде және одан жоғары өндiрудi әзiрлегенi және ұйымдастырғаны үшiн;
      мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін;
      республика үшiн жоғары бiлiктi мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауға жәрдемдесетiн республиканың бiлiм жүйесiнiң барлық сатыларына арналған оқулықтар үшiн берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966 қаулысымен.

      2. Мемлекеттiк сыйлықтар Республика күнi қарсаңында екi жылда бiр рет 6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін берiледi. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай бөлiгiнiң мөлшерiн олар берiлетiн жылы және республикалық бюджетте ғылым үшiн көзделген сомалардың шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Бланктер, дипломдар, құрметтi белгiлер дайындауға, Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстар сараптама және рецензиялау жүргiзуге байланысты шығыстар, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен ол iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi қаражатының есебiнен қаржыландырылады. <*>
      Бұрын Қазақстанның мемлекеттiк сыйлықтары мен Қазақстан Республикасының атаулы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттiк сыйлық алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Жұмыс Мемлекеттiк сыйлық алуға екi реттен артық ұсынылмайды.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты жаңа жетiстiктерге қол жеткiзген кезде, бұл сыйлық, оның алдында көрсетiлген сыйлық берiлгеннен кейiн бес жылдан соң оған екiншi рет берiлуi мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763 қаулысымен.

      3. Мемлекеттiк сыйлық алу үшiн ұсынылған ғылыми еңбектер жариялануы, оқулықтар республиканың бiлiм жүйесiнде кемiнде үш жыл бойы байқау-сынақтан өтуi, ал техникалардың, материалдардың жаңа технологиялардың жаңа түрлерi Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған сәтке дейiн кемiнде екi жыл бойы өндiрiсте игерiлуi тиiс.

      4. Жұмыстарды мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынуды Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң алқалары, ғылыми және оқу орындарының және басқа да ұйымдардың, сондай-ақ кәсiпорындардың ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестерi жүргiзедi. Жұмыстарды Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыну туралы шешiм бұл органдардың қызметiне арналған регламенттермен және басқа да актiлермен, белгiленген тәртiпте қабылданады.

      5. Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылғандардың ұжымы әдетте 8 адамнан аспауы тиiс. Мемлекеттiк сыйлықты алуға iзденушiлердiң көрсетiлген санын арттыруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссияның ұсынымы бойынша рұқсат етiледi.
      Iзденушiлердiң ұжымына кандидаттар iрiктеу ұсынылатын жұмыс орындалған министрлiктерде, ғылыми және басқа да ұйымдарда, сондай-ақ кәсiпорындарда белгiленген тәртiпте, объективтi түрде жүргiзiледi. Бiр iзденушiлердiң кандидатурасы Мемлекеттiк сыйлыққа екi және одан да көп жұмыстар бойынша ұсынылына алмайды. Iзденушiлердiң ұжымына адамдарды тек лауазымдық және басқа белгiсi бойынша кiргiзуге жол берiлмейдi.

      6. Мемлекеттiк сыйлықтар алуға сыйлықтар берiлетiн жылғы 1-ақпанға дейiн ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия қабылдайды.
      Құжаттардың тiзбесi мен оларды ұсынылған жұмыстарға рәсiмдеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия қабылдайтын Ережемен айқындалады.
      Мемлекеттiк сыйлықтарды ұсынуға жұмыстарды қабылдау туралы және алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жариялауды республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.

      7. Комиссия Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды екi кезеңде қарайды.
      Бiрiншi кезеңде (15 тамызға дейiн) жұмыстарды алдын ала iрiктеп алуды және iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтауды Комиссияның төралқасы жүзеге асырады. Комиссия мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа алдын ала iрiктеуден өткен жұмыстардың тiзiмiн қараудың екiншi кезеңiне дейiн кемiнде бiр ай бұрын, авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, кеңiнен талқылау үшiн республикалық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. <*>
      Қараудың екiншi кезеңiнiң қорытындылары бойынша Комиссия жұмыстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне Мемлекеттiк сыйлықтар беруге ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763 қаулысымен.

      8. Комиссияның Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы ұсыныстары Қазақстан Республикасының Үкiметiне сыйлықтар берiлетiн жылғы 15 қыркүйекке дейiн ұсынылады.

      9. Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы Комиссияның ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтедi және Республика күнiнде баспасөзде жарияланады.

      10. Мемлекеттiк сыйлыққа ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" атағы берiледi әрi лауреаттың дипломы, куәлiгi, құрметтi белгiсi және сыйлықтың ақшалай бөлiгi тапсырылады.

      11. Авторлар ұжымына Мемлекеттiк сыйлықтар берiлген кезде сыйлықтың ақшалай бөлiгi олардың арасында тең бөлiнедi.

      12. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған Мемлекеттiк сыйлықтың лауреатының дипломы, құрметтi белгiсi және ақшалай сыйақысы оның мұрагерлерiне берiледi.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1998 жылғы 25 мамырдағы    
N 477 қаулысымен       
бекiтiлген            

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Қазақстан Республикасының ғылым, техника
және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк
сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ереже

     1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, ғылыми қоғамдарының, оқу орындарының, кәсiпорындарының және басқа да ұйымдарының көрнектi ғалымдары мен iрi мамандарынан құралады.
      Комиссияның құрамы мен оның төралқасын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763 қаулысымен.

      2. Комиссияға Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтарын (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлықтар) алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мен қарауды ұйымдастыру және Мемлекеттiк сыйлықтар беруге арналған ұсынымдар жүктеледi.

      3. Комиссия өзiне жүктелген функцияларға сәйкес:
      Мемлекеттiк сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдауды және қарауды жүргiзедi;
      iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтай отырып, Мемлекеттiк сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала iрiктеудi жүзеге асырады және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа бұл жұмыстардың тiзiмiн кең қоғамдық талқылау үшiн республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; <*>
      Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарға түскен ұсыныстарға, ескертпелерге және пiкiрлерге талдау жүргiзедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерiн және құрметтi белгiлерiн ресiмдейдi, лауреаттарға Мемлекеттiк сыйлықтардың ақшалай бөлiгiн төлеудi жүргiзедi;
      бұқаралық ақпарат құралдарының Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының шығармашылық тәжiрибесi мен жетiстiктерiн таратуына жәрдемдеседi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763 қаулысымен.

      4. Комиссияға:
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар, тұрақты немесе уақытша сараптық комиссиялар құруға. Секциялар мен сараптық комиссияларының жұмыс тәртiбi Комиссияның төралқасы бекiтетiн ережелермен белгiленедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми және тиiстi бейiндегi басқа да ұйымдарға сараптық қарауға жолдауға;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен халық шаруашылығының iрi мамандарын тартуға;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ұсыну мен сараптық қараудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      қаралатын жұмыстардың нәтижелерiмен жергiлiктi жерде танысу үшiн Комиссия мүшелерiн, сарапшыларды жiберуге құқық берiледi.
      Комиссия Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарға сараптау жүргiзу мен рецензиялауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен бұл iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстарды Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне жiбередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763 қаулысымен.

      5. Комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен төраға басқаратын төралқа басшылық етедi.

      6. Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жұмыстарды қараудың және секциялардың ұсынымдарының негiзiнде қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы Комиссияның төралқасы қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болады.

      7. Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыспен қабылдайды. "Құпия" белгiсi бар жұмыстар бойынша жеке бір Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiмдi жасырын дауыспен құпия жұмыстар мен мәлiметтерге тиiстi нысандағы рұқсаты бар төралқа мүшелерi мен Комиссия мүшелерi қабылдайды.
      Мемлекеттiк сыйлық мәжiлiске қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң дауысы санының кемiнде 3/4 алған жұмысқа берiледi.
      Комиссия мүшелерiнiң алты жұмыс бойынша ғана Мемлекеттiк сыйлық беру туралы оң шешiм шығаруға құқығы бар.
      Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша алты жұмыстан артық жұмысқа Мемлекеттiк сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда Мемлекеттiк сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған алты авторға (авторлар ұжымдарына) берiледi.
      Егер, дауыс берудiң қорытындысы бойынша алтыдан аз жұмыс қажеттi дауыс санын алса, мәжiлiске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң дауысы санының 50% астамын алған жұмыстар үшiн қайталап дауыс берудi жүргiзуге рұқсат етiледi.
      Комиссияның (төралқаның) мәжiлiсi оның құрамының кемiнде 2/3 болған кезде құқық күшi бар болып есептеледi.
      Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966 қаулысымен.

      8. Комиссия мүшелерiнiң жұмыстары Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жағдайда олар комиссияның жұмыстарына қатыспайды.

      9. Комиссия мен оның төралқасының қызметiн Комиссияның жауапты хатшысы басқаратын хатшылық қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
1998 жылғы 25 мамырдағы          
N 477 қаулысына қосымша           

     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда -  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі N 593 қаулысына  сәйкес.
     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.11. N 338
қаулысымен.
    Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.16. N 1069
қаулысымен.
    Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.
     Ескерту. Құрам жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 2003.02.28. N  215 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы  мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының
 Құрамы <*>

                     Комиссия төралқасы:

Павлов                     - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич          Премьер-Министрiнiң бiрiншi
                             орынбасары, төраға

Құлекеев                   - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдiрахметұлы       Бiлiм және ғылым министрi,
                             төрағаның орынбасары

Досқалиев                  - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы          Денсаулық сақтау министрi

Могильный                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Валерий Валентинович         және ғылым министрлiгi Ғылым
                             департаментiнiң директоры, жауапты
                             хатшы

Әбиев                      - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Сапарбек Әбиұлы              және ғылым министрлiгi Ботаника
                             және фитоинтродукция институтының
                             директоры

Алтынбаев                  - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қапашұлы              Қорғаныс министрi

Дәукеев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Серiкбек Жүсiпбекұлы         ғылым академиясының президенті

Жолдасбеков                - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Мырзатай Жолдасбекұлы        және ғылым министрлiгi Л.Н.Гумилев
                             атындағы Еуразиялық ұлттық
                             университетiнiң ректоры

Қалиев                     - Қазақстан Республикасының
Ғани Әлiмұлы                 Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты,
                             Қазақстан Республикасы Ұлттық
                             ғылым академиясының академигi
                             (келiсiм бойынша)

Қожамқұлов                 - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Төлеген Әбдiсағиұлы          және ғылым министрлiгi Әл-Фараби
                             атындағы Қазақ ұлттық
                             университетiнiң ректоры

Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы              Mәдениет, ақпарат және қоғамдық
                             келiсiм министрі

Нағманов                   - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қажымұрат Ыбырайұлы          және коммуникациялар министрi

Нүсіпов                    - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Ерғали Нүсiпұлы              және ғылым министрлігі
                             Сейсмология институтының директоры

Самақова                   - Қазақстан Республикасының
Айткүл Байғазықызы           Қоршаған ортаны қорғау министрi

Школьник                   - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич           Энергетика және минералдық
                             ресурстар министрi

Комиссия мүшелерi:

Әдекенов                   - Қазақстан Республикасының Білiм
Серғазы Мыңжасарұлы          және ғылым министрлiгі
                             Биотехнологиялар жөнiндегi ұлттық
                             орталығының бас директоры,
                             Қазақстан Республикасы Ұлттық
                             ғылым академиясының
                             корреспондент-мүшесі

Арзықұлов                  - Қазақстан Республикасының
Жеткерген Әнесұлы            Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақ
                             онкология және радиология ғылыми-
                             зерттеу институтының директоры

Бекжанов                   - "Қазақстан Республикасы Минералдық
Ғинаят Рахметоллаұлы         ресурстар академиясы" қоғамдық
                             бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм
                             бойынша)

Бектұрғанов                - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Нұрәлi Сұлтанұлы             және ғылым вице-министрi,
                             Қазақстан Республикасы Ұлттық
                             ғылым академиясының
                             корреспондент-мүшесі

Березин                    - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Владимир Элеозарович         ғылым академиясы Биология және
                             медицина ғылымдары бөлiмшесiнiң
                             академик-хатшысы

Бишiмбаев                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Уәлихан Қозыкеұлы            және ғылым министрлігі Оңтүстік
                             Қазақстан мемлекеттік
                             университетiнiң ректоры, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының корреспондент-мүшесі

Ғазалиев                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Арыстан Мәуленұлы            және ғылым министрлiгi Органикалық
                             синтез және көмір химиясы
                             институтының директоры

Дробжев                    - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Виктор Иванович              және ғылым министрлiгi Ионосфера
                             институтының директоры, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының корреспондент-мүшесі

Жүсіпов                    - Қазақстан Республикасының
Әлихан Қазақбайұлы           Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақ
                             кардиология және iшкi аурулар
                             ғылыми зерттеу институтының
                             директоры

Есболов                    - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Тiлектес Исабайұлы           және ғылым министрлiгi Қазақ
                             ұлттық аграрлық университетiнiң
                             ректоры

Жәрменов                   - Қазақстан Республикасының
Әбдiрасыл Алдашұлы           Индустрия және сауда министрлiгi
                             Минералдық шикiзатты кешендi қайта
                             өңдеу жөнiндегі ұлттық орталығының
                             бас директоры

Жұбанов                    - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қайыр Ахметұлы               ғылым академиясы Химия-
                             технологиялық ғылымдар бөлімшесінің
                             академик-хатшысы,
                             Қазақстан Республикасы Ұлттық
                             ғылым академиясының
                             корреспондент-мүшесі

Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы           Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
                             мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

Iзбасаров                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дүйсебай Сайлаубайұлы        шаруашылығы министрлігі Қайта
                             өңдеу және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-
                             өндiрiстiк орталығының директоры

Қабдолов                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Зейнолла Қабдолұлы           және ғылым министрлiгi Әл-Фараби
                             атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық
                             университетінің құрметті кафедра
                             меңгерушiсi, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының
                             академигi

Қадыржанов                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қайрат Камалұлы              ғылым академиясы физика-
                             математика ғылымдары бөлiмшесiнiң
                             академик-хатшысы

Қасымов                    - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Құлжабай Әбдiхалықұлы        және ғылым министрлiгi Әл-Фараби
                             атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық
                             университеті дифференциалдық
                             теңдеулер мен математикалық талдау
                             кафедрасының меңгерушісi, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының корреспондент-мүшесі

Кенжәлиев                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Бақдәулет Кенжәлiұлы         және ғылым министрлiгi
                             Металлургия және кен байыту
                             институтының директоры

Қосынов                    - Қазақстан Республикасының Көлiк
Алмас Олжабайұлы             және коммуникациялар министрлiгі
                             Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы

Қошанов                    - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Аманжол Қошанұлы             ғылым академиясы Қоғамдық және
                             гуманитарлық ғылымдар бөлiмшесiнiң
                             академик-хатшысы, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының академигі

Құсаинов                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Әмірлан Айдарбекұлы          және ғылым министрлiгi Қазақ бас
                             сәулет-құрылыс академиясының
                             ректоры

Мәжiбаев                   - Қазақстан Республикасының
Қуаныш Әбдiкәрiмұлы          Денсаулық сақтау министрлiгi
                             Педиатрия және балалар хирургиясы
                             ғылыми орталығының директоры

Мұқашев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Болат Нығматұлы              ғылым академиясының вице-
                             президентi, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының
                             академигі

Нәдiров                    - Қазақстан Республикасы Инженерлiк
Нәдiр Кәрiмұлы               академиясының бірінші вице-
                             президентi, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының
                             академигi (келiсiм бойынша)

Нысанбаев                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы        және ғылым министрлiгi Философия
                             және саясаттану институтының
                             директоры, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының
                             корреспондент-мүшесі

Өтелбай                    - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу
Мұхтарбай Өтелбайұлы         мемлекеттiк университетiнің
                             Қазақстандық филиалы директорының
                             орынбасары, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының
                             корреспондент-мүшесі
                             (келiсiм бойынша)

Сансызбай                  - Қазақстан Республикасының Aуыл
Абылай Рысбайұлы             шаруашылығы министрлiгi Mал
                             шаруашылығы және ветеринария
                             ғылыми өндірістік орталығының
                             директоры

Сұлтанғазин                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Өмiрзақ Махмұтұлы            ғылым академиясының вице-
                             президентi, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының
                             академигі

Тойшыбеков                 - "Биоген" жабық үлгiдегi акционерлiк
Мәкен Молдабайұлы            қоғамының директоры, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының корреспондент-мүшесі
                             (келiсiм бойынша)

Уәлиев                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Ғақып Уәлиұлы                және ғылым министрлiгi Механика
                             және машинатану институтының
                             директоры, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының
                             корреспондент-мүшесі

Шоқмайытов                 - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Дулат Сләмбекұлы             және ғылым министрлiгi Қазақ
                             мемлекеттiк заң академиясы Мемлекет
                             және құқық институтының директоры,
                             Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының корреспондент-мүшесi