Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы ереже;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлығы туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 қазандағы N 834 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 38, 577-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 77 қазандағы N 834 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 1412 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 429-құжат);

     "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан
Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк
сыйлықтар жөнiндегi комитетiнiң құрамы мен төралқасы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 тамыздағы N 1003  

P961003_

  қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 315-құжат) күшi
жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Үкiметiнiң
                                              1998 жылғы 25 мамырдағы
                                                  N 477 қаулысымен
                                                     бекiтiлген
               Қазақстан Республикасының ғылым, техника
               және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк
                       сыйлықтары туралы ереже


      1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) Қазақстан Республикасының азаматтарына:
      республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуын айтарлықтай жеделдетуге және қазақстандық ғылым мен техниканы әлемдегi озық жетiстiктердiң деңгейiне көтерiлуiне жеткiзетiн iргелi және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздiк нәтижелер үшiн;
      қоғамға кеңiнен танылған ғылыми ашылымдар, монографиялар, сондай-ақ бiр саладағы бiрқатар ғылыми жұмыстар үшiн;
      техниканың, материалдардың және технологиялардың жаңа түрлерiн әлемдiк үлгiлер деңгейiнде және одан жоғары өндiрудi әзiрлегенi және ұйымдастырғаны үшiн;
      мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін; <*>
      республика үшiн жоғары бiлiктi мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауға жәрдемдесетiн республиканың бiлiм жүйесiнiң барлық сатыларына арналған оқулықтар үшiн берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966
               қаулысымен. P010966_
      2. Мемлекеттiк сыйлықтар Республика күнi қарсаңында екi жылда бiр рет 6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін берiледi. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай бөлiгiнiң мөлшерiн олар берiлетiн жылы және республикалық бюджетте ғылым үшiн көзделген сомалардың шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
      Бланктер, дипломдар, құрметтi белгiлер дайындауға, Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстар сараптама және рецензиялау жүргiзуге байланысты шығыстар, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен ол iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстар Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы қаражатының есебiнен қаржыландырылады.
      Бұрын Қазақстанның мемлекеттiк сыйлықтары мен Қазақстан Республикасының атаулы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттiк сыйлық алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Жұмыс Мемлекеттiк сыйлық алуға екi реттен артық ұсынылмайды.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты жаңа жетiстiктерге қол жеткiзген кезде, бұл сыйлық, оның алдында көрсетiлген сыйлық берiлгеннен кейiн бес жылдан соң оған екiншi рет берiлуi мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966
               қаулысымен. P010966_
      3. Мемлекеттiк сыйлық алу үшiн ұсынылған ғылыми еңбектер жариялануы, оқулықтар республиканың бiлiм жүйесiнде кемiнде үш жыл бойы байқау-сынақтан өтуi, ал техникалардың, материалдардың жаңа технологиялардың жаңа түрлерi Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған сәтке дейiн кемiнде екi жыл бойы өндiрiсте игерiлуi тиiс.
      4. Жұмыстарды мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынуды Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң алқалары, ғылыми және оқу орындарының және басқа да ұйымдардың, сондай-ақ кәсiпорындардың ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестерi жүргiзедi. Жұмыстарды Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыну туралы шешiм бұл органдардың қызметiне арналған регламенттермен және басқа да актiлермен, белгiленген тәртiпте қабылданады.
      5. Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылғандардың ұжымы әдетте 8 адамнан аспауы тиiс. Мемлекеттiк сыйлықты алуға iзденушiлердiң көрсетiлген санын арттыруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссияның ұсынымы бойынша рұқсат етiледi.
      Iзденушiлердiң ұжымына кандидаттар iрiктеу ұсынылатын жұмыс орындалған министрлiктерде, ғылыми және басқа да ұйымдарда, сондай-ақ кәсiпорындарда белгiленген тәртiпте, объективтi түрде жүргiзiледi. Бiр iзденушiлердiң кандидатурасы Мемлекеттiк сыйлыққа екi және одан да көп жұмыстар бойынша ұсынылына алмайды. Iзденушiлердiң ұжымына адамдарды тек лауазымдық және басқа белгiсi бойынша кiргiзуге жол берiлмейдi.
      6. Мемлекеттiк сыйлықтар алуға сыйлықтар берiлетiн жылғы 1-ақпанға дейiн ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия қабылдайды.
      Құжаттардың тiзбесi мен оларды ұсынылған жұмыстарға рәсiмдеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия қабылдайтын Ережемен айқындалады.
      Мемлекеттiк сыйлықтарды ұсынуға жұмыстарды қабылдау туралы және алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жариялауды республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
      7. Комиссия Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды екi кезеңде қарайды.
      Бiрiншi кезеңде (15 тамызға дейiн) жұмыстарды алдын ала iрiктеп алуды Комиссияның төралқасы жүзеге асырады. Комиссия мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа алдын ала iрiктеуден өткен жұмыстардың тiзiмiн қараудың екiншi кезеңiне дейiн кемiнде бiр ай бұрын, авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, кеңiнен талқылау үшiн республикалық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. <*>
      Қараудың екiншi кезеңiнiң қорытындылары бойынша Комиссия жұмыстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне Мемлекеттiк сыйлықтар беруге ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966
               қаулысымен. P010966_
      8. Комиссияның Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы ұсыныстары Қазақстан Республикасының Үкiметiне сыйлықтар берiлетiн жылғы 15 қыркүйекке дейiн ұсынылады.
      9. Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы Комиссияның ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтедi және Республика күнiнде баспасөзде жарияланады.
      10. Мемлекеттiк сыйлыққа ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" атағы берiледi әрi лауреаттың дипломы, куәлiгi, құрметтi белгiсi және сыйлықтың ақшалай бөлiгi тапсырылады.
      11. Авторлар ұжымына Мемлекеттiк сыйлықтар берiлген кезде сыйлықтың ақшалай бөлiгi олардың арасында тең бөлiнедi.
      12. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған Мемлекеттiк сыйлықтың лауреатының дипломы, құрметтi белгiсi және ақшалай сыйақысы оның мұрагерлерiне берiледi.
                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысымен бекiтiлген


              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
                Қазақстан Республикасының ғылым, техника
                және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк
              сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ереже

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, ғылыми қоғамдарының, оқу орындарының, кәсiпорындарының және басқа да ұйымдарының көрнектi ғалымдары мен iрi мамандарынан құралады.
      Комиссияның құрамы мен оның төралқасын Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Комиссияға Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтарын (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлықтар) алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мен қарауды ұйымдастыру және Мемлекеттiк сыйлықтар беруге арналған ұсынымдар жүктеледi.
      3. Комиссия өзiне жүктелген функцияларға сәйкес:
      Мемлекеттiк сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдауды және қарауды жүргiзедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала iрiктеудi жүзеге асырады және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа бұл жұмыстардың тiзiмiн кең қоғамдық талқылау үшiн республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; <*>
      Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарға түскен ұсыныстарға, ескертпелерге және пiкiрлерге талдау жүргiзедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерiн және құрметтi белгiлерiн ресiмдейдi, лауреаттарға Мемлекеттiк сыйлықтардың ақшалай бөлiгiн төлеудi жүргiзедi;
      бұқаралық ақпарат құралдарының Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының шығармашылық тәжiрибесi мен жетiстiктерiн таратуына жәрдемдеседi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966
               қаулысымен. P010966_
      4. Комиссияға:
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар, тұрақты немесе уақытша сараптық комиссиялар құруға. Секциялар мен сараптық комиссияларының жұмыс тәртiбi Комиссияның төралқасы бекiтетiн ережелермен белгiленедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми және тиiстi бейiндегi басқа да ұйымдарға сараптық қарауға жолдауға;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен халық шаруашылығының iрi мамандарын тартуға;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ұсыну мен сараптық қараудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      қаралатын жұмыстардың нәтижелерiмен жергiлiктi жерде танысу үшiн Комиссия мүшелерiн, сарапшыларды жiберуге құқық берiледi.
      Комиссия Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарға сараптау жүргiзу мен рецензиялауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен бұл iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстарды Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгiне - Ғылым академиясына жiбередi.
      5. Комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен төраға басқаратын төралқа басшылық етедi.
      6. Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жұмыстарды қараудың және секциялардың ұсынымдарының негiзiнде қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы Комиссияның төралқасы қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болады.
      7. Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыспен қабылдайды. "Құпия" белгiсi бар жұмыстар бойынша жеке бір Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiмдi жасырын дауыспен құпия жұмыстар мен мәлiметтерге тиiстi нысандағы рұқсаты бар төралқа мүшелерi мен Комиссия мүшелерi қабылдайды. <*>
      Мемлекеттiк сыйлық мәжiлiске қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң дауысы санының кемiнде 3/4 алған жұмысқа берiледi.
      Комиссия мүшелерiнiң алты жұмыс бойынша ғана Мемлекеттiк сыйлық беру туралы оң шешiм шығаруға құқығы бар. <*>
      Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша алты жұмыстан артық жұмысқа Мемлекеттiк сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда Мемлекеттiк сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған алты авторға (авторлар ұжымдарына) берiледi. <*>
      Егер, дауыс берудiң қорытындысы бойынша алтыдан аз жұмыс қажеттi дауыс санын алса, мәжiлiске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң дауысы санының 50% астамын алған жұмыстар үшiн қайталап дауыс берудi жүргiзуге рұқсат етiледi. <*>

     Комиссияның (төралқаның) мәжiлiсi оның құрамының кемiнде 2/3
болған кезде құқық күшi бар болып есептеледi.
     Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966           
              қаулысымен.  

P010966_

 
     8. Комиссия мүшелерiнiң жұмыстары Мемлекеттiк сыйлықтар алуға
ұсынылған жағдайда олар комиссияның жұмыстарына қатыспайды.
     9. Комиссия мен оның төралқасының қызметiн Комиссияның жауапты
хатшысы басқаратын хатшылық қамтамасыз етедi.
                        
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                         1998 жылғы 25 мамырдағы
                                         N 477 қаулысына қосымша 
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда -  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              2000 жылғы 17 сәуірдегі N 593 қаулысына сәйкес.  

P000593_

 
     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.11. N 338
              қаулысымен.  

P010338_

 
     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.16. N 1069 
              қаулысымен.  

P011069_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.  
               

P020397_

  
     
    Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының
            ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік
                     сыйлықтары жөніндегі комиссиясының
                                  Құрамы
     
                    Комиссия төралқасы:
     
     Мұхаметжанов             - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Бауыржан Әлiмұлы           Министрiнiң орынбасары, төраға
           
     Беркiмбаева              - Қазақстан Республикасының
     Шәмша Көпбайқызы           Бiлiм және ғылым министрi, төрағаның
                                орынбасары
     
     Мұтанов                  - Қазақстан Республикасының
     Ғалымқайыр Мұтанұлы        Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi
     
     Алтынбаев                - Қазақстан Республикасының
     Мұхтар Қапашұлы            Қорғаныс министрi
     
     Жолдасбеков              - Қазақстан Республикасы Білім
     Мырзатай Жолдасбекұлы      және ғылым министрлігі
                                Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
                                ұлттық университетінің
                                ректоры (келісім бойынша)
<*>

     
     Шоқпытов                 - Қазақстан Республикасының
     Андарь Мәулешұлы           Табиғи ресурстар және қоршаған
                                ортаны қорғау министрі
<*>

     
     Школьник                 - Қазақстан Республикасының
     Владимир Сергеевич         Энергетика және минералдық
                                ресурстар министрi
     
     Могильный                - Қазақстан Республикасының
     Валерий Валентинович       Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым
                                департаментiнiң директоры, жауапты
                                хатшы
     
     Әбділдин                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің
     Жабайхан Мүбәрәкұлы        Сенаты Халықаралық істер, қорғаныс
                                және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің
                                төрағасы, Қазақстан Республикасы
                                Ұлттық ғылым академиясының академигі
                                (келісім бойынша)
     
     Қалиев                   - Қазақстан Республикасының Парламенті
     Ғани Әлімұлы               Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
                                Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                                академигі (келісім бойынша)
     
     Қозыбаев                 - Қазақстан Республикасы Білім және
     Манаш Қабашұлы             ғылым министрлігі Ш.Ш.Уәлиханов
                                атындағы Тарих және этнология
                                институтының директоры, Қазақстан
                                Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                                академигі
     
     Құл-Мұхаммед Мұхтар      - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
     Абрарұлы                   ақпарат және қоғамдық келісім
                                министрі
<*>

     
     Нүсіпов Ерғали           - Қазақстан Республикасы Білім және
     Нүсіпұлы                   ғылым министрлігі Сейсмология
                                институтының директоры
<*>

     
     Әбиев Сардарбек          - Қазақстан Республикасы Білім
     Әбиұлы                     және ғылым министрлігі Ботаника
                                және фитоинтордукция институтының
                                директоры
<*>

     
     Қожамқұлов               - Қазақстан Республикасы Білім және
     Төлеген Әбдісағиұлы        ғылым министрлігі Әл-Фараби
                                атындағы Қазақ ұлттық 
                                университетінің ректоры
<*>

     
     Рақышев Болат            - Қазақстан Республикасы Білім және
     Мамытханұлы                ғылым министрлігі Қ.И.Сәтбаев
                                атындағы Геология ғылымдары
                                институтының директоры
<*>

     Сейсембаев Манас         - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Ахметжарұлы                сақтау ісі жөніндегі агенттігі
                                А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия
                                ғылыми орталығының директоры
<*>

     
                Комиссия мүшелері:
     
     Айтхожина                - Қазақстан Республикасы Білім және
     Нағима Әбенқызы            ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
                                Ұлттық ғылым академиясының президенті,
                                Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                                академиясының коресспондент-мүшесі
     
     Әдекенов                  - Қазақстан Республикасы Білім және
     Серғазы Мыңжасарұлы         ғылым министрлігі Биотехнология
                                 жөніндегі ұлттық орталығының
                                 бас директоры, Қазақстан 
                                 Республикасы Ұлттық ғылым
                                 академиясының корреспондент-мүшесі
<*>

     
     
     Сәбденов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
     Оразалы Сәбденұлы            ғылым министрлігі Қ.А.Йассауи
                                  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
                                  университетінің ректоры
<*>

     
     Байкүншеков                - Қазақстан Республикасы Білім және
     Жұмаділ Жаңабайұлы           ғылым министрлігі Механика және
                                  машинатану институтының директоры,
                                  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                                  академиясының корреспондент-мүшесі
     
     Бишімбаев                  - Қазақстан Республикасы Білім және
     Уәлихан Қозыкеұлы            ғылым министрлігі М.Х.Дулати атындағы
                                  Тараз мемлекеттік университетінің
                                  ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                  ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
     
     Блиев                      - Қазақстан Республикасы Білім және
     Назарбай Қадырұлы            ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық ғылым академиясының Физика-
                                  математика ғылымдары бөлімшесінің
                                  академик-хатшысы, Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық ғылым академиясының        
                                  корреспондент-мүшесі
     
     Дробжев                    - Қазақстан Республикасы Білім және
     Виктор Иванович              ғылым министрлігі Ионосфера институтының
                                  директоры, Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық ғылым академиясының 
                                  корреспондент-мүшесі
     
     Дүйсембеков                - Жер ресурстарын басқару жөніндегі
     Зайролла Дүйсембекұлы        агенттігі Жер ресурстары мен жер
                                  пайдалану мемлекеттік ғылыми-өндірістік
                                  орталығының бас директоры, 
                                  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                                  академиясының академигі
     
     Жұбанов                    - Қазақстан Республикасы Білім және
     Қайыр Ахметұлы               ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық ғылым академиясының
                                  Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесінің
                                  академик-хатшысы, Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық ғылым академиясының
                                  корреспондент-мүшесі
     
     Қабдолов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
     Зейнолла Қабдоллаұлы         ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы
                                  Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің
                                  кафедра меңгерушісі, Қазақстан           
                                  Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  
                                  академигі
     
     Қадыржанов                 - Қазақстан Республикасы Энергетика,
     Қайрат Камалұлы              индустрия және сауда министрлігі
                                  Ядролық физика институтының директоры
     
     Кенжәлиев                  - Қазақстан Республикасы Білім және
     Бақдәулет Кенжәліұлы         ғылым министрлігі Металлургия және кен
                                  байыту институтының директоры
     
     Қошанов                    - Қазақстан Республикасы Білім және
     Аманжол Қошанұлы             ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық
                                  және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің
                                  академик-хатшысы, Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық ғылым академиясының академигі
     
     Мұқашев                    - Қазақстан Республикасы Білім және
     Болат Нығметұлы              ғылым министрлігі Физика-техникалық 
                                  институтының директоры, 
                                  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                                  академиясының академигі
     
     Нысанбаев                  - Қазақстан Республикасы Білім және
     Әбдімәлік Нысанбайұлы        ғылым министрлігі Философия және
                                  саясаттану институтының директоры,
                                  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                                  академиясының корреспондент-мүшесі
     
     Пивень                     - Қазақстан Республикасы Білім және
     Геннадий Георгиевич          ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік
                                  техникалық университетінің ректоры
      
     Сапарғалиев                - Қазақстан Республикасы Білім және
     Ғайрат Сапарғалиұлы          ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік заң
                                  академиясы Мемлекет және құқық
                                  институтының директоры, Қазақстан
                                  Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                                  корреспондент-мүшесі
     
     Сатыбалдин                 - Қазақстан Республикасы Білім және
     Әзімхан Әбілқайырұлы         ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер
                                  орталығының бас директоры,
                                  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                                  академиясының корреспондент-мүшесі
     
     Сұлтанғазин                - Қазақстан Республикасы Білім және
     Өмірзақ Махмұтұлы            ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер
                                  институтының директоры,
                                  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                                  академиясының академигі
     
     Сыдықов                    - Қазақстан Республикасы Білім және
     Жүрімбек Сыдықұлы            ғылым министрлігі У.М.Ахмедсафин
                                  атындағы Гидрогеология және гидрофизика
                                  институтының бас ғылыми қызметкері,
                                  Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                  ғылым академиясының академигі
     
     Тойшыбеков                 - "Биоген" жабық түрдегі акционерлік
     Мәкен Молдабайұлы            қоғамының директоры, Қазақстан           
                                  Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                                  корреспондент-мүшесі (келісім бойынша)
     Мәсімов                    - Қазақстан Республикасының
     Кәрім Қажымқанұлы            Көлік және коммуникациялар
                                  министрі
<*>

     
     Арзықұлов Жеткерген        - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Әнесұлы                      сақтау ісі жөніндегі агенттігі
                                  Қазақ онкология және радиология
                                  ғылыми-зерттеу институтының
                                  директоры
<*>

     
     Березин Владимир           - Қазақстан Республикасы Білім және
     Элеозарович                  ғылым министрлігі Микробиология
                                  және вирусология институтының
                                  директоры
<*>

     
     Ғазалиев Арыстан           - Қазақстан Республикасы Білім және
     Мәуленұлы                    ғылым министрлігі Органикалық
                                  синтез және көмір химиясы
                                  институтының директоры
<*>

     
     Есболов Тілектес           - Қазақстан Республикасы Білім және
     Исабайұлы                    ғылым министрлігі Қазақ ұлттық
                                  аграрлық университетінің ректоры
<*>

     
     Қосынов Алмас              - Қазақстан Республикасы
     Олжабайұлы                   Энергетика және минералдық ресурстар     
                                  министрлігі Аэроғарыштық комитетінің
                                  төрағасы
<*>

     
     Мәжібаев Қуаныш            - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Әбдікәрімұлы                 сақтау ісі жөніндегі агенттігі
                                  Педиатрия және балалар хирургиясы
                                  ғылыми орталығының директоры 
<*>