Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 шілдедегі N 763 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14. N 807 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-ші тармағы 4-ші тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына, "Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің " 108 бабының 4-ші тармағына сәйкес, 2003 жылғы 7 шілдедегі Талас аудандық мәслихаты мен Талас ауданы әкімінің бірлескен шешімін қарастыра отырып облыстық мәслихат пен облыс әкімияты ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Қосымша берілген сызбаға сәйкес 953,5 гектар алаңды алатын "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы "Қаратау" тау-өңдеу кешенінің "Молодежный" кеніші қала аумағынан шығарылып және 243 гектар алаңды алатын "Ақшұқыр" тұрғын үй кеңістігі қала аумағына енгізіліп Қаратау қаласының шекарасы өзгертілсін.
      2. Облыстық жер ресурстарын басқару комитетіне жер-есептеу құжаттамасына өзгерістер енгізуге рұқсат берілсін.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат
      хатшысы