1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк кәсiпорындарға, мекемелерге және мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiне қатысты ұйымдастыру, қайта құру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ жүктеу (кепiл, басқаруға беру), мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгерту осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi және өзге де мемлекеттiк органдар Ережеге сәйкес деректердiң уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
4. Министрлiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiмен бiрлесiп нормативтiк базаны осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5."Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 P971207_ қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын. 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер және мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерi туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi.
Осы Ереже Тiзiлiмдi жүргiзудi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен технологиясын, сондай-ақ Тiзiлiмнiң деректерiн пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерi туралы жиынтық деректердi қамтиды. Осы Ереже көрсетiлген заңды тұлғаларға кiрмейтiн мемлекеттiк мүлiктi тiркеу мен есепке алудың тәртiбiн белгiлемейдi.
2. Тiзiлiм Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi белгiлеген талаптарға сәйкес есептелетiн объектiлердi құрылымдауға мүмкiндiк беруi тиiс.
3. Тiзiлiм екi кiшi бөлiмнен (негiзгi және қосымша) тұрады.
Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмi 1-қосымшада көрсетiлген, объектiнi бiрдейлендiруге және объектi туралы негiзгi статистикалық деректердi ұстауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi қамтиды. Қосымша кiшi бөлiм мемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi, түрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтиды.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Тiзiлiмнiң тапсырысшысы және менеджерi болып табылады.
Тапсырысшының функциялары:
Тiзiлiмнiң қосымша көрсеткiштерiнiң құрамын айқындайды;
негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдердiң бастапқы ақпараттарын дайындаудың және енгiзудiң тәртiбiн айқындайды;
Тiзiлiмдi жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;
Тiзiлiмдi ұстаушыны белгiлейдi.
Менеджердiң функциялары:
Тiзiлiмдi әзiрлеуге және оның бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк-құқықтық базасын құруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражаттың шектерiнде қаржыландырады;
Тiзiлiмге тiкелей басшылықты жүзеге асырады, Тiзiлiмнiң деректерiнiң жинақталуына, түзетуге, ақпараттарды пайдаланушыларды және Тiзiлiмнiң деректерiн ұсынудың тәртiбiн айқындауға байланысты өкiмдер бередi;
Тiзiлiмнiң жұмыс iстеуiне қолдау көрсетудiң ұйымдастыру мәселелерiне байланысты басқа да функцияларды атқарады.
5. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 951
қаулысымен. P990951_
5-1. Тiзілім ұстаушы мемлекетке тиесілi бағалы қағаздардың бастапқы ұстаушысы болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.29.
N 456 қаулысымен. P000456_
6. Тiзiлiмдi ұстаушының функцияларына:
бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, енгiзу және жаңарту, сондай-ақ Тiзiлiмдi жүргiзу үшiн қажеттi жабдықтарды iрiктеу және сатып алу;
Тiзiлiмдi жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
Тiзiлiм деректерi базаларына қол жеткiзудi Тiзiлiм менеджерiнiң нұсқауларына қатаң сәйкестiкте әкiмшiлiктендiру;
Тiзiлiмге тiкелей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жатады.
II. Тiзiлiмнiң деректерiн толтырудың тәртiбi
7. Негiзгi кiшi бөлiмдi бастапқы толтыру мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерi туралы:
тiркелген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерi туралы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң;
бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiн тiркеу туралы - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының;
мемлекеттiк статистикалық есептiлiк туралы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң;
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерi туралы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң;
өзiне қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн берiлген объектiлер туралы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" АҚ-ның деректер жинағының негiзiнде жүзеге асырылады.
8. Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн бастапқы толтыру тапсырысшының талап етуi бойынша министрлiктер, ведомстволар және басқа да уәкiлеттi органдар ұсынатын деректер жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Жоғарыда көрсетiлген органдар ұсынатын деректер 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2-қосымшада көрсетiлген құрылымдарға сәйкес қалыптастырылуы және 1998 жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей Тiзiлiмнiң менеджерiне берiлуi тиiс.
10. Тiзiлiмнiң деректер жинағы және оны бастапқы толтыруды тiзiлiмдi ұстаушы жүзеге асырады.
11. Қалыптасқан Тiзiлiмдi тапсырысшысы бекiтедi.
III. Тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзудiң тәртiбi
12. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн құруға, қайта ұйымдастыруға, таратуға, қайта тiркеуге, сондай-ақ жарғылық капиталын ұлғайтуға, жүктеуге (кепiл операциялары, басқаруға беру) және мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгертуге байланысты iс-әрекеттер осы Ережеде белгiленген тәртiппен Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
13. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелерге, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiне қатысты мынадай iс-әрекеттер:
1) құру;
2) тарату;
3) қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қоса, бөлу, бөлiп шығару);
4) қайта тiркеу (атауын, заңды мекен-жайын өзгерту, негiзгi қорларды қайта бағалау, жарғылық капиталды өзгерту және т.б.);
5) жарғылық капиталды өзгерту;
6) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу);
7) мемлекеттiк үлестермен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу) Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
14. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн тiркеу, қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару), тарату, қайта тiркеу үшiн:
өтiнiм берушi тiзiлiмдi ұстаушыға мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) белгiлеген нысан бойынша толтырылған және уәкiлеттi адам қол қойған өтiнiштiң бланкiсiн жолдайды;
тiзiлiмдi ұстаушы өтiнiштi алған сәттен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде аталған кәсiпорын бойынша Тiзiлiмдегi ақпаратты тексередi, қажеттi өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзедi және өтiнiштiң бланкiсiне тиiстi белгi қояды;
өтiнiм жасаушы тiркеушi органға тiзiлiмдiк ұстаушының белгiсi бар өтiнiштi бередi.
15. Құрылтайшыларының бiрi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын өзгерту кезiнде тiркеушi органға жоғарыда көрсетiлген тәртiппен тiзiлiмдi ұстаушы растаған өтiнiш берiледi.
16. Тiркеушi орган 10 күннiң iшiнде тiзiлiмдi ұстаушыға Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу үшiн жүргiзiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы не тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартылғандығы туралы хабарлайды.
17. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiле жасау және оны орындау, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмде тiркеу тiзiлiмдi ұстаушы растаған, уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн бұйрықтардың негiзiнде ғана жүзеге асырылады.
18. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiлелердi атқаруды және жасасуды, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнде тiркеудi жүзеге асыратын тұлғалар 10 күннiң iшiнде Тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн бұйрықтың орындалуының нәтижелерi туралы тiзiлiмдi ұстаушыға хабарлайды.
19. Шаруашылық серiктестiктерiндегi (акционерлiк қоғамдардан басқа) мемлекеттiк үлестi, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды кепiлге немесе басқаруға беру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, меншiк иесiнiң функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттiк басқару органы, шарт жасасқанға дейiн тiзiлiмдi ұстаушының растауын алуы тиiс.
20. Шаруашылық серiктестiктерiндегi (акционерлiк қоғамдардан басқа) мемлекеттiк үлестi, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарттарында тiзiлiмдi ұстаушының белгiсi болуы тиiс.
21. Мемлекеттiк үлестi сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарты бұзылған жағдайда, шарттың бiр тарабы болып табылатын мемлекеттiк басқару органы 10 күннiң iшiнде Тiзілiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн, тiзiлiмдi ұстаушыны шарттың бұзылғандығы туралы құлақтандыруға тиiс.
22. Тiзiлiмдi ұстаушы мынадай жағдайларда:
Тiзiлiмде мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеме, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiгiнiң құрылуы фактiсi тiркелмегенде (заңды тұлғаның құрылуын тiркеудi қоспағанда);
өтiнiм берушi ұсынған деректер Тiзiлiмдегi ақпаратқа сәйкес келмегенде Тiзiлiмге өзгерiс енгiзбеуге құқылы.
23. Тiзiлiмдi ұстаушы, анықтау және Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу үшiн өтiнiм берушiден қосымша құжаттар талап етуге құқылы.
24. Тiзiлiмнiң деректерiн толтыру және өзгерту кезiнде деректер ұсынудың дұрыстығы мен уақтылығы үшiн Тiзiлiмге ақпарат ұсынушы мемлекеттiк және басқа да уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары жауапкершiлiкте болады.
25. Ұсынылған ақпаратты Тiзiлiмге енгiзудiң дұрыстығы мен уақытылығы үшiн тiзiлiмдi ұстаушы жауапкершiлiкте болады.
26. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк
қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзудi қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. IV. Тiзiлiмдi жүргiзудiң технологиясы 27. Тiзiлiмдi оны басқаруды оңтайландыруға және ақпаратқа қол жеткiзудi әкiмшiлiктендiруге мүмкiндiк беретiн, деректердiң сенiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз ететiн арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында, ақпараттарды жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерi құралдарының көмегiмен жүзеге асырылады. 1-қосымша Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi тiзiлiмiнiң БАЗАЛЫҚ КӨРСЕТКIШТЕРI ___________________________________________________________________ N | Көрсеткiш | Түсiндiру р/н| | _______________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны соңғы қайта тiркеу | |кезiнде берiлген жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Мемлекеттiк тiркеу |Соңғы қайта тiркеу күнi |күнi | ___________________________________________________________________ 4 |Толық атауы | 5 |Қысқартылған атауы | ___________________________________________________________________ 6 |Аймақтың коды |- Объект орналасқан аймақтың коды ___________________________________________________________________ 7 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы ___________________________________________________________________ 8 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды ___________________________________________________________________ 9 |МНК |- Меншiк нысанының коды ___________________________________________________________________ 10 |Ұйымдастыру-құқықтық |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының |нысаны |коды (КОПФХС сәйкес) ___________________________________________________________________ 11 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды |лауазымды адам) |тұлғаның) тегi, аты мен әкесiнiң атының | |бас әрiптерi 12 |Бухгалтер |- Бас бухгалтердiң тегi, аты мен | |әкесiнiң атының бас әрiптерi ___________________________________________________________________ 13 |Тiркеушi |- Тiркеушi туралы деректер | |(акционерлiк қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 14 |Жарғылық капитал |- Жарғылық капиталдың мөлшерi ___________________________________________________________________ 15 |Мемлекеттiң үлесi |- Жарғылық капиталдан мемлекеттiк | | үлестiң мөлшерi %-пен ___________________________________________________________________ 16 |Пакет |- Акциялардың саны (акционерлiк | |қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 17 |Жүктеу |- Мемлекеттiк үлестi үшiншi тұлғаларға | |басқаруға немесе кепiлге беру ___________________________________________________________________ 2-қосымша Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi тiзiлiмiнiң базалық бөлiгiн қалыптастыру үшiн мемлекеттiк органдар ұсынатын ДЕРЕКТЕР ___________________________________________________________________ N | Көрсеткiш | Түсiндiру р/н| | ___________________________________________________________________ Әдiлет министрлiгi ___________________________________________________________________ 1 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 2 |Мемлекеттiк тiркеу күнi ___________________________________________________________________ 3 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 4 |Аймақтың коды |- Объект орналасқан аймақтың коды ___________________________________________________________________ 5 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы ___________________________________________________________________ 6 |Ұйымдастыру-құқықтық |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының |нысаны |коды (КОПФХС сәйкес) ___________________________________________________________________ 7 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды |лауазымды адам) |адамның) тегi және аты мен әкесiнiң | |атының бас әрiптерi 8 |Бухгалтер |- Бухгалтердiң тегi және аты мен | |әкесiнiң атының бас әрiптерi ___________________________________________________________________ 9 |Жарғылық қор |- Жарғылық қордың мөлшерi ___________________________________________________________________ Статистика және талдау жөнiндегi комитет ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 4 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды ___________________________________________________________________ 5 |ҰҚН |- Ұйымдастыру-құқықтық нысаны ___________________________________________________________________ 6 |СОАТО |- Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуiне сәйкес | |аймақтың коды ___________________________________________________________________ Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Мемлекеттiк тiркеу күнi ___________________________________________________________________ 4 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 5 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды ___________________________________________________________________ 6 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды |лауазымды адам) |адамның) тегi және аты мен әкесiнiң | |атының бас әрiптерi 7 |Бухгалтер |- Бухгалтердiң тегi және аты мен | |әкесiнiң атының бас әрiптерi ___________________________________________________________________ 8 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы ___________________________________________________________________ 9 |Тiркеушi |- Тiркеушi туралы деректер (акционерлiк | |қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 10 |Жарғылық капиталы |- Жарғылық капиталының мөлшерi ___________________________________________________________________ 11 |NSIN коды |- Эмиссияның (NSIN бойынша) | |жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 12 |Номинал |- Акциялардың номиналы ___________________________________________________________________ 13 | Акциялардың саны |- Эмиссиядағы акциялардың саны ___________________________________________________________________ Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Жарғылық капитал |- Жарғылық капиталдың мөлшерi ___________________________________________________________________ 4 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 5 |Мемлекеттiк үлес |- Жарғылық капиталдан %-пен есептегендегi | |мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк үлестiң | |мөлшерi ___________________________________________________________________ 6 |Пакет |- Мемлекетке тиесiлi акциялардың саны | |(акционерлiк қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 7 |Басқару |Жетекшi басқарма ___________________________________________________________________ 8 |Жүктеу |Жүктеу (кепiл, басқару) туралы деректер ___________________________________________________________________ Кәсiпорындарды қайта құру және тарату жөнiндегi агенттiк АҚ ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 4 |Мемлекеттiк үлес |- Жарғылық капиталдан %-пен есептегендегi | |мемлекеттiк үлестiң мөлшерi ___________________________________________________________________ 5 |Пакет |- Акциялардың саны | |(акционерлiк қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________