Мемлекеттiк меншiктi есепке алуды жетiлдiру, сондай-ақ оның пайдаланылуына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
, 2006.09.27.
N 926
қаулыларымен.
2. Мемлекеттiк кәсiпорындарға, мемлекеттiк мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру, қайта құру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ жүктеу (кепiл, басқаруға беру), мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгерту осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi деп белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және өзге де мемлекеттiк органдар Ережеге сәйкес деректердiң уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28.
N 1369
, 2006.09.27.
N 926
қаулыларымен.
4. Министрлiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп нормативтiк базаны осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 наурыздағы
N 246 Қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмiн жүргiзу ережесi
Ескерту. Мәтіндегі сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 , тақырыпқа өзгерту енгізілді - 2006.09.27. N 926 қаулыларымен.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi. <*>
Осы Ереже Тiзiлiмдi жүргiзудi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен технологиясын, сондай-ақ Тiзiлiмнiң деректерiн пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
1. Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы жиынтық деректердi қамтиды. Осы Ереже көрсетiлген заңды тұлғаларға кiрмейтiн мемлекеттiк мүлiктi тiркеу мен есепке алудың тәртiбiн белгiлемейдi.
2. Тiзiлiм Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) белгiлеген талаптарға сәйкес есептелетiн объектiлердi құрылымдауға мүмкiндiк беруi тиiс.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
3. Тiзiлiм екi кiшi бөлiмнен (негiзгi және қосымша) тұрады.
Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмi 1-қосымшада көрсетiлген, объектiнi бiрдейлендiруге және объектi туралы негiзгi статистикалық деректердi ұстауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi, оның iшiнде акциялары ұлттық холдингтiң және ұлттық басқарушы компанияның меншiгiндегi акционерлiк қоғамдардың (олардың еншiлес, тәуелдi ұйымдарын және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қатысушылардың қаржылық есептiлiгiнде активтердi, мiндеттемелердi, осы қызметтен түсетiн кiрiстер мен шығыстарды көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда) қызметi туралы ақпаратты қамтиды. Қосымша кiшi бөлiм мемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi, түрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтиды.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.27.
N 926
қаулысымен.
4. Комитет Тiзiлiмнiң тапсырысшысы және менеджерi болып табылады.
Тапсырысшының функциялары:
Тiзiлiмнiң қосымша көрсеткiштерiнiң құрамын айқындайды;
негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдердiң ақпараттарын дайындаудың және енгiзудiң тәртiбiн айқындайды;
Тiзiлiмдi жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;
Тiзiлiмдi ұстаушыны белгiлейдi.
Менеджердiң функциялары:
Тiзiлiмдi әзiрлеуге және оның бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк-құқықтық базасын құруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражаттың шектерiнде қаржыландырады;
экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның Тiзiлiмге қол жеткiзуiн ұйымдастырады;
Тiзiлiмге тiкелей басшылықты жүзеге асырады, Тiзiлiмнiң деректерiнiң жинақталуына, түзетуге, ақпараттарды пайдаланушыларды және Тiзiлiмнiң деректерiн ұсынудың тәртiбiн айқындауға байланысты өкiмдер бередi;
оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты мемлекеттiк органдарға тоқсан сайын бередi;
Тiзiлiмнiң жұмыс iстеуiне қолдау көрсетудiң ұйымдастыру мәселелерiне байланысты басқа да функцияларды атқарады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N
580
, 2006.09.27.
N 926
қаулыларымен.
5.<*>
Ескерту. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N
951
қаулысымен.
5-1.
алынып тасталды
Ескерту. 5-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
6. Тiзiлiмдi ұстаушының функцияларына:
мемлекетке тиесiлi немесе мемлекеттiң оларға қатысты мүлiктiк құқықтары бар бағалы қағаздарды атаулы ұстау;
бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, енгiзу және жаңарту, сондай-ақ Тiзiлiмдi жүргiзу үшiн қажеттi жабдықтарды iрiктеу және сатып алу;
Тiзiлiмдi жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
Тiзiлiм деректерi базаларына қол жеткiзудi Тiзiлiм менеджерiнiң нұсқауларына қатаң сәйкестiкте әкiмшiлiктендiру, ұсыну және қолдау;
Тiзiлiмге тiкелей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жатады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
, 2006.09.27.
N 926
қаулыларымен.
Ескерту. II-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен.
7. Негiзгi кiшi бөлiмдi бастапқы толтыру мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы:
тiркелген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң;
бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiн тiркеу туралы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
мемлекеттiк статистикалық есептiлiк туралы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң;
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң;
өзiне қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн берiлген объектiлер туралы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" АҚ-ның деректер жинағының негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N
1369
қаулысымен.
8. Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн бастапқы толтыру тапсырысшының талап етуi бойынша министрлiктер, ведомстволар және басқа да уәкiлеттi органдар ұсынатын деректер жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Жоғарыда көрсетiлген органдар ұсынатын деректер 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2-қосымшада көрсетiлген құрылымдарға сәйкес қалыптастырылуы және 1998 жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей Тiзiлiмнiң менеджерiне берiлуi тиiс.
10. Тiзiлiмнiң деректер жинағы және оны бастапқы толтыруды тiзiлiмдi ұстаушы жүзеге асырады.
11. Қалыптасқан Тiзiлiмдi тапсырысшысы бекiтедi.
III. Тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi
12. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құруға, қайта ұйымдастыруға, таратуға, қайта тiркеуге, сондай-ақ жарғылық капиталын ұлғайтуға, жүктеуге (кепiл операциялары, басқаруға беру) және мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгертуге байланысты iс-әрекеттер осы Ережеде белгiленген тәртiппен Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
12-1. Жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi (келiсiм бойынша) Комитет, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Тiзiлiмнiң негiзгi кiшi бөлiмiн дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi 2-қосымшада көрсетiлген көрсеткiштерге сәйкес тiзiлiм ұстаушыға ұсынуы тиiс.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
, өзгерту енгізілді - 2006.09.27.
N 926
қаулыларымен.
12-2. Министрлiктер, ведомстволар, басқа да уәкiлеттi органдар және өзге де мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмдерiн айқындау құқығы бар заңды тұлғалар тапсырысшы белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмдерде Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi ұсынуы тиiс.
Ескерту. 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
13. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелерге, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты мынадай iс-әрекеттер:
1) құру;
2) тарату;
3) қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қоса, бөлу, бөлiп шығару);
4) қайта тiркеу (атауын, заңды мекен-жайын өзгерту, негiзгi қорларды қайта бағалау, жарғылық капиталды өзгерту және т.б.);
5) жарғылық капиталды өзгерту;
6) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу);
7) мемлекеттiк үлестермен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу) Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
14. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тiркеу, қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару), тарату, қайта тiркеу үшiн:
өтiнiм берушi тiзiлiмдi ұстаушыға мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) белгiлеген нысан бойынша толтырылған және уәкiлеттi адам қол қойған өтiнiштiң бланкiсiн жолдайды;
тiзiлiмдi ұстаушы өтiнiштi алған сәттен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде аталған кәсiпорын бойынша Тiзiлiмдегi ақпаратты тексередi, Тiзiлiмге қажеттi өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзедi және өтiнiштiң бланкiсiне тиiстi белгi қояды;
өтiнiм жасаушы тiркеушi органға тiзiлiмдiк ұстаушының белгiсi бар өтiнiштi бередi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
15. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жарғылық капиталының мөлшерi өзгерген кезде тiркеушi органға жоғарыда көрсетiлген тәртiппен тiзiлiм ұстаушы растаған өтiнiш берiледi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
16. Тiркеушi орган 5 жұмыс күнiнiң iшiнде тiзiлiмдi ұстаушыға Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу үшiн жүргiзiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы не тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартылғандығы туралы хабарлайды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
17. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiле жасау және оны орындау, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмде тiркеу тiзiлiмдi ұстаушы растаған, уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн бұйрықтардың негiзiнде ғана жүзеге асырылады.
18. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiлелердi атқаруды және жасасуды, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнде тiркеудi жүзеге асыратын тұлғалар 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн бұйрықтың орындалуының не орындалмауының нәтижелерi туралы тiзiлiмдi ұстаушыға хабарлайды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
19. Шаруашылық серiктестiктерiндегi мемлекеттiк үлестi, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды кепiлге немесе басқаруға беру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, меншiк иесiнiң функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттiк басқару органы, шарт жасасқанға дейiн тiзiлiмдi ұстаушының растауын алуы тиiс.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
20. Шаруашылық серiктестiктерiндегi мемлекеттiк үлестi, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарттарында тiзiлiмдi ұстаушының белгiсi болуы тиiс. <*>
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
21. Мемлекеттiк үлестi сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарты бұзылған жағдайда, шарттың бiр тарабы болып табылатын мемлекеттiк басқару органы 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Тiзілiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн, тiзiлiмдi ұстаушыны шарттың бұзылғандығы туралы құлақтандыруға тиiс.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
21-1. Өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шеңберiнде банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiне, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар таратылған жағдайда, тарату туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде тiзiлiм ұстаушыға тарату рәсiмiнiң басталғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
21-2. Тiзiлiм үшiн ақпарат ұсынатын министрлiктер, ведомстволар мен басқа да уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) олардың өзгергендiгi туралы ақпарат алған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмге енгiзiлген көрсеткiштердiң кез келген өзгерiсi туралы тiзiлiм ұстаушыға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
22. Тiзiлiмдi ұстаушы мынадай жағдайларда:
Тiзiлiмде мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеме, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның құрылуы фактiсi тiркелмегенде (заңды тұлғаның құрылуын тiркеудi қоспағанда);
өтiнiм берушi ұсынған деректер Тiзiлiмдегi ақпаратқа сәйкес келмегенде Тiзiлiмге өзгерiс енгiзбеуге құқылы.
23. Тiзiлiмдi ұстаушы, анықтау және Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу үшiн өтiнiм берушiден қосымша құжаттар талап етуге құқылы.
24. Тiзiлiмнiң деректерiн толтыру және өзгерту кезiнде деректер ұсынудың дұрыстығы мен уақтылығы үшiн уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары жауапкершiлiкте болады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
25. Ұсынылған ақпаратты Тiзiлiмге енгiзудiң дұрыстығы мен уақытылығы үшiн тiзiлiмдi ұстаушы жауапкершiлiкте болады.
26. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзудi қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
26-1. Тiзiлiмдi жүргiзу жүйесiне жергiлiктi атқарушы органдардың қол жеткiзуiн ұсыну мен қолдауға байланысты жұмыстарды, сондай-ақ Тiзiлiмдi пайдалана отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың тапсырысы бойынша орындалатын өзге де жұмыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.27.
N 926
қаулысымен.
IV. Тiзiлiмдi жүргiзудiң технологиясы
27. Тiзiлiмдi оны басқаруды оңтайландыруға және ақпаратқа қол жеткiзудi әкiмшiлiктендiруге мүмкiндiк беретiн, деректердiң сенiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз ететiн арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында, ақпараттарды жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерi құралдарының көмегiмен жүзеге асырылады.
V. Тізілім деректерiнiң өзектiлiгін және толықтығын бақылау
28. Уәкiлеттi органдар тiзiлiм ұстаушының жазбаша сұрауы бойынша Тiзiлiмнiң негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдерiнiң көрсеткiштерiн өзектi ету және нақтылау үшiн сұралатын деректердi ақысыз ұсынуға мiндеттi.
Тiзiлiм ұстаушы Тiзiлiм деректерiнде анықталған алшақтықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлайды, ол ақпарат алған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде деректердi нақтылауға және оларды тiзiлiм ұстаушыға беруге мiндеттi.
Ескерту. V-бөліммен және 28-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тiзiлiмiнiң
БАЗАЛЫҚ КӨРСЕТКIШТЕРI
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580
қаулысымен.
___________________________________________________________________
N | Көрсеткiш | Түсiндiру
р/н| |
___________________________________________________________________
1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды
___________________________________________________________________
2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны соңғы қайта тiркеу
| |кезiнде берiлген жүйелендiрiлген код
___________________________________________________________________
3 |Мемлекеттiк тiркеу |Соңғы қайта тiркеу күнi
|күнi |
___________________________________________________________________
4 |Толық атауы |
5 |Қысқартылған атауы |
___________________________________________________________________
6 |Аймақтың коды |- Объект орналасқан аймақтың коды
___________________________________________________________________
7 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы
___________________________________________________________________
8 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды
___________________________________________________________________
9 |МНК |- Меншiк нысанының коды
___________________________________________________________________
10 |Ұйымдастыру-құқықтық |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының
|нысаны |коды (КОПФХС сәйкес)
___________________________________________________________________
11 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды
|лауазымды адам) |тұлғаның) тегi, аты мен әкесiнiң атының
| |бас әрiптерi
12 |Бухгалтер |- Бас бухгалтердiң тегi, аты мен
| |әкесiнiң атының бас әрiптерi
___________________________________________________________________
13 |Тiркеушi |- Тiркеушi туралы деректер
| |(акционерлiк қоғамдар үшiн)
___________________________________________________________________
14 |Жарғылық капитал |- Жарғылық капиталдың мөлшерi
___________________________________________________________________
15 |Мемлекеттiң үлесi |- Жарғылық капиталдан мемлекеттiк
| | үлестiң мөлшерi %-пен
___________________________________________________________________
16 |Пакет |- Акциялардың саны (акционерлiк
| |қоғамдар үшiн)
___________________________________________________________________
17 |Жүктеу |- Мемлекеттiк үлестi үшiншi тұлғаларға
| |басқаруға немесе кепiлге беру
___________________________________________________________________
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 , 2002.05.28. N 580 , 2006.09.27. N 926 қаулыларымен.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына
мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi үшiн мемлекеттiк
органдар ұсынатын
ДЕРЕКТЕР
___________________________________________________________________
N | Көрсеткiш | Түсiндiру
р/н| |
___________________________________________________________________
Әдiлет министрлiгi
___________________________________________________________________
1 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде
| |берiлетiн жүйелендiрiлген код
___________________________________________________________________
2 |Мемлекеттiк тiркеу күнi
___________________________________________________________________
3 |Толық атауы |
___________________________________________________________________
4 |Аймақтың коды |- Объект орналасқан аймақтың коды
___________________________________________________________________
5 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы
___________________________________________________________________
6 |Ұйымдастыру-құқықтық |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының
|нысаны |коды (КОПФХС сәйкес)
___________________________________________________________________
7 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды
|лауазымды адам) |адамның) тегi және аты мен әкесiнiң
| |атының бас әрiптерi
8 |Бухгалтер |- Бухгалтердiң тегi және аты мен
| |әкесiнiң атының бас әрiптерi
___________________________________________________________________
9 |Жарғылық қор |- Жарғылық қордың мөлшерi
___________________________________________________________________
Статистика жөнiндегi агенттiк
___________________________________________________________________
1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды
___________________________________________________________________
2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде
| |берiлетiн жүйелендiрiлген код
___________________________________________________________________
3 |Толық атауы |
___________________________________________________________________
4 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды
___________________________________________________________________
5 |ҰҚН |- Ұйымдастыру-құқықтық нысаны
___________________________________________________________________
6 |СОАТО |- Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуiне сәйкес
| |аймақтың коды
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi
___________________________________________________________________
1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды
___________________________________________________________________
2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде
| |берiлетiн жүйелендiрiлген код
___________________________________________________________________
3 |Мемлекеттiк тiркеу күнi
___________________________________________________________________
4 |Толық атауы |
___________________________________________________________________
5 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды
___________________________________________________________________
6 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды
|лауазымды адам) |адамның) тегi және аты мен әкесiнiң
| |атының бас әрiптерi
7 |Бухгалтер |- Бухгалтердiң тегi және аты мен
| |әкесiнiң атының бас әрiптерi
___________________________________________________________________
8 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы
___________________________________________________________________
9 |Тiркеушi |- Тiркеушi туралы деректер (акционерлiк
| |қоғамдар үшiн)
___________________________________________________________________
10 |Жарғылық капиталы |- Жарғылық капиталының мөлшерi
___________________________________________________________________
11 |NSIN коды |- Эмиссияның (NSIN бойынша)
| |жүйелендiрiлген коды
___________________________________________________________________
12 |Номинал |- Акциялардың номиналы
___________________________________________________________________
13 | Акциялардың саны |- Эмиссиядағы акциялардың саны
___________________________________________________________________
Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (республикалық меншiк бойынша)
___________________________________________________________________
1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды
___________________________________________________________________
2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде
| |берiлетiн жүйелендiрiлген код
___________________________________________________________________
3 |Жарғылық капитал |- Жарғылық капиталдың мөлшерi
___________________________________________________________________
4 |Толық атауы |
___________________________________________________________________
5 |Мемлекеттiк үлес |- Жарғылық капиталдан %-пен есептегендегi
| |мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк үлестiң
| |мөлшерi
___________________________________________________________________
6 |Пакет |- Мемлекетке тиесiлi акциялардың саны
| |(акционерлiк қоғамдар үшiн)
___________________________________________________________________
7 |Мемлекеттiк басқару |мемлекеттiк басқару органы (мемлекеттiк
|органы (мемлекеттiк |кәсiпорындар үшiн);
|орган) |акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн
| |иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге
| |асыратын мемлекеттiк орган (акционерлiк
| |қоғамдар үшiн); мемлекеттiк қатысу
| |үлестерiн иелену және пайдалану
| |құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк
| |орган (жауапкершiлiгi шектеулi
| |серiктестiктер үшiн)
___________________________________________________________________
8 |Жүктеу |Жүктеу (кепiл, басқару) туралы деректер
___________________________________________________________________
9 Құру тарихы құруға, қайта құруға немесе таратуға
байланысты қабылданған шешiмдер туралы
деректер
___________________________________________________________________
Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
жөнiндегi комитетi
___________________________________________________________________
1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды
___________________________________________________________________
2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде
| |берiлетiн жүйелендiрiлген код
___________________________________________________________________
3 |Толық атауы |
___________________________________________________________________
4 |Мемлекеттiк үлес |- Жарғылық капиталдан %-пен есептегендегi
| |мемлекеттiк үлестiң мөлшерi
___________________________________________________________________
5 |Пакет |- Акциялардың саны
| |(акционерлiк қоғамдар үшiн)
___________________________________________________________________
Жергiлiктi атқарушы органдар (коммуналдық меншiк бойынша)
1 ОКПО коды - объектiнiң жүйелендiрiлген коды
2 Тiркеу нөмiрi - заңды тұлғаны тiркеу кезiнде берiлетiн
жүйелендiрiлген код
3 Жарғылық капитал - жарғылық капиталдың мөлшерi
4 Толық атауы
5 Мемлекеттiк үлес - мемлекетке тиесiлi жарғылық капиталдан
%-пен есептегендегi мемлекеттiк үлестiң
мөлшерi
6 Пакет - жергiлiктi атқарушы органға тиесiлi
акциялардың саны (акционерлiк қоғамдар
үшiн)
7 Мемлекеттiк басқару - мемлекеттiк басқару органы
органы (мемлекеттiк (мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн);
орган) акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн
иелену және пайдалану құқықтарын
жүзеге асыратын мемлекеттiк
орган (акционерлiк қоғамдар үшiн);
мемлекеттiк қатысу үлестерiн иелену
және пайдалану құқықтарын жүзеге
асыратын мемлекеттiк орган
(жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
үшін)
8 Ауыртпалық - ауыртпалық (қарыз, басқару) туралы
деректер
9 Құру тарихы құруға, қайта құруға немесе таратуға
байланысты қабылданған шешiмдер туралы
деректер
__________________________________________________________________