1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
2. Мемлекеттiк кәсiпорындарға, мемлекеттiк мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру, қайта құру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ жүктеу (кепiл, басқаруға беру), мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгерту осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi деп белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және өзге де мемлекеттiк органдар Ережеге сәйкес деректердiң уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
қаулысымен. P011369_
4. Министрлiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп нормативтiк базаны осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5."Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 P971207_ қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын. 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ ЕСКЕРТУ. Мәтіндегі сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi. <*>
Осы Ереже Тiзiлiмдi жүргiзудi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен технологиясын, сондай-ақ Тiзiлiмнiң деректерiн пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы жиынтық деректердi қамтиды. Осы Ереже көрсетiлген заңды тұлғаларға кiрмейтiн мемлекеттiк мүлiктi тiркеу мен есепке алудың тәртiбiн белгiлемейдi. <*>
2. Тiзiлiм Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) белгiлеген талаптарға сәйкес есептелетiн объектiлердi құрылымдауға мүмкiндiк беруi тиiс. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
3. Тiзiлiм екi кiшi бөлiмнен (негiзгi және қосымша) тұрады.
Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмi 1-қосымшада көрсетiлген, объектiнi бiрдейлендiруге және объектi туралы негiзгi статистикалық деректердi ұстауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi қамтиды. Қосымша кiшi бөлiм мемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi, түрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтиды.
4. Комитет Тiзiлiмнiң тапсырысшысы және менеджерi болып табылады.
Тапсырысшының функциялары:
Тiзiлiмнiң қосымша көрсеткiштерiнiң құрамын айқындайды;
негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдердiң ақпараттарын дайындаудың және енгiзудiң тәртiбiн айқындайды; <*>
Тiзiлiмдi жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;
Тiзiлiмдi ұстаушыны белгiлейдi.
Менеджердiң функциялары:
Тiзiлiмдi әзiрлеуге және оның бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк-құқықтық базасын құруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражаттың шектерiнде қаржыландырады;
Тiзiлiмге тiкелей басшылықты жүзеге асырады, Тiзiлiмнiң деректерiнiң жинақталуына, түзетуге, ақпараттарды пайдаланушыларды және Тiзiлiмнiң деректерiн ұсынудың тәртiбiн айқындауға байланысты өкiмдер бередi;
оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар мен
мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты мемлекеттiк органдарға тоқсан сайын бередi; <*> Тiзiлiмнiң жұмыс iстеуiне қолдау көрсетудiң ұйымдастыру мәселелерiне байланысты басқа да функцияларды атқарады. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_ 5. <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 951 қаулысымен. P990951_ 5-1. <*> ЕСКЕРТУ. Жаңа 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен. P000456_ ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_ 6. Тiзiлiмдi ұстаушының функцияларына: мемлекетке тиесiлi немесе мемлекеттiң оларға қатысты мүлiктiк құқықтары бар бағалы қағаздарды атаулы ұстау; <*> бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, енгiзу және жаңарту, сондай-ақ Тiзiлiмдi жүргiзу үшiн қажеттi жабдықтарды iрiктеу және сатып алу; Тiзiлiмдi жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; Тiзiлiм деректерi базаларына қол жеткiзудi Тiзiлiм менеджерiнiң нұсқауларына қатаң сәйкестiкте әкiмшiлiктендiру; Тiзiлiмге тiкелей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жатады. ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_ ЕСКЕРТУ. II-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_
7. Негiзгi кiшi бөлiмдi бастапқы толтыру мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы:
тiркелген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң;
бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiн тiркеу туралы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің; <*>
мемлекеттiк статистикалық есептiлiк туралы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң;
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң;
өзiне қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн берiлген объектiлер туралы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" АҚ-ның деректер жинағының негiзiнде жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
қаулысымен. P011369_
8. Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн бастапқы толтыру тапсырысшының талап етуi бойынша министрлiктер, ведомстволар және басқа да уәкiлеттi органдар ұсынатын деректер жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Жоғарыда көрсетiлген органдар ұсынатын деректер 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2-қосымшада көрсетiлген құрылымдарға сәйкес қалыптастырылуы және 1998 жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей Тiзiлiмнiң менеджерiне берiлуi тиiс.
10. Тiзiлiмнiң деректер жинағы және оны бастапқы толтыруды тiзiлiмдi ұстаушы жүзеге асырады.
11. Қалыптасқан Тiзiлiмдi тапсырысшысы бекiтедi.
III. Тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзудiң тәртiбi
12. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құруға, қайта ұйымдастыруға, таратуға, қайта тiркеуге, сондай-ақ жарғылық капиталын ұлғайтуға, жүктеуге (кепiл операциялары, басқаруға беру) және мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгертуге байланысты iс-әрекеттер осы Ережеде белгiленген тәртiппен Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
12-1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Комитет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Тiзiлiмнiң негiзгi кiшi бөлiмiн дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi 2-қосымшада көрсетiлген көрсеткiштерге сәйкес тiзiлiм ұстаушыға ұсынуы тиiс. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580 қаулысымен. P020580_
12-2. Министрлiктер, ведомстволар, басқа да уәкiлеттi органдар және өзге де мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмдерiн айқындау құқығы бар заңды тұлғалар тапсырысшы белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмдерде Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi ұсынуы тиiс. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580 қаулысымен. P020580_
13. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелерге, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты мынадай iс-әрекеттер:
1) құру;
2) тарату;
3) қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қоса, бөлу, бөлiп шығару);
4) қайта тiркеу (атауын, заңды мекен-жайын өзгерту, негiзгi қорларды қайта бағалау, жарғылық капиталды өзгерту және т.б.);
5) жарғылық капиталды өзгерту;
6) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу);
7) мемлекеттiк үлестермен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу) Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
14. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тiркеу, қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару), тарату, қайта тiркеу үшiн:
өтiнiм берушi тiзiлiмдi ұстаушыға мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) белгiлеген нысан бойынша толтырылған және уәкiлеттi адам қол қойған өтiнiштiң бланкiсiн жолдайды;
тiзiлiмдi ұстаушы өтiнiштi алған сәттен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде аталған кәсiпорын бойынша Тiзiлiмдегi ақпаратты тексередi, Тiзiлiмге қажеттi өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзедi және өтiнiштiң бланкiсiне тиiстi белгi қояды; <*>
өтiнiм жасаушы тiркеушi органға тiзiлiмдiк ұстаушының белгiсi бар өтiнiштi бередi.
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
15. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жарғылық капиталының мөлшерi өзгерген кезде тiркеушi органға жоғарыда көрсетiлген тәртiппен тiзiлiм ұстаушы растаған өтiнiш берiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
16. Тiркеушi орган 5 жұмыс күнiнiң iшiнде тiзiлiмдi ұстаушыға Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу үшiн жүргiзiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы не тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартылғандығы туралы хабарлайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
17. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiле жасау және оны орындау, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмде тiркеу тiзiлiмдi ұстаушы растаған, уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн бұйрықтардың негiзiнде ғана жүзеге асырылады.
18. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiлелердi атқаруды және жасасуды, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнде тiркеудi жүзеге асыратын тұлғалар 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Тiзiлiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн бұйрықтың орындалуының не орындалмауының нәтижелерi туралы тiзiлiмдi ұстаушыға хабарлайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
19. Шаруашылық серiктестiктерiндегi мемлекеттiк үлестi, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды кепiлге немесе басқаруға беру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, меншiк иесiнiң функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттiк басқару органы, шарт жасасқанға дейiн тiзiлiмдi ұстаушының растауын алуы тиiс. <*>
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
20. Шаруашылық серiктестiктерiндегi мемлекеттiк үлестi, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарттарында тiзiлiмдi ұстаушының белгiсi болуы тиiс. <*>
ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
21. Мемлекеттiк үлестi сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарты бұзылған жағдайда, шарттың бiр тарабы болып табылатын мемлекеттiк басқару органы 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Тiзілiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн, тiзiлiмдi ұстаушыны шарттың бұзылғандығы туралы құлақтандыруға тиiс. <*>
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
21-1. Өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шеңберiнде банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiне, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар таратылған жағдайда, тарату туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде тiзiлiм ұстаушыға тарату рәсiмiнiң басталғандығы туралы хабарлауға мiндеттi. <*>
ЕСКЕРТУ. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580 қаулысымен. P020580_
21-2. Тiзiлiм үшiн ақпарат ұсынатын министрлiктер, ведомстволар мен басқа да уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) олардың өзгергендiгi туралы ақпарат алған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмге енгiзiлген көрсеткiштердiң кез келген өзгерiсi туралы тiзiлiм ұстаушыға жазбаша хабарлауға мiндеттi. <*>
ЕСКЕРТУ. 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28.
N 580 қаулысымен. P020580_
22. Тiзiлiмдi ұстаушы мынадай жағдайларда:
Тiзiлiмде мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеме, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның құрылуы фактiсi тiркелмегенде (заңды тұлғаның құрылуын тiркеудi қоспағанда);
өтiнiм берушi ұсынған деректер Тiзiлiмдегi ақпаратқа сәйкес келмегенде Тiзiлiмге өзгерiс енгiзбеуге құқылы.
23. Тiзiлiмдi ұстаушы, анықтау және Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу үшiн өтiнiм берушiден қосымша құжаттар талап етуге құқылы.
24. Тiзiлiмнiң деректерiн толтыру және өзгерту кезiнде деректер ұсынудың дұрыстығы мен уақтылығы үшiн уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары жауапкершiлiкте болады. <*>
ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580
қаулысымен. P020580_
25. Ұсынылған ақпаратты Тiзiлiмге енгiзудiң дұрыстығы мен уақытылығы үшiн тiзiлiмдi ұстаушы жауапкершiлiкте болады.
26. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзудi қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
IV. Тiзiлiмдi жүргiзудiң технологиясы
27. Тiзiлiмдi оны басқаруды оңтайландыруға және ақпаратқа қол жеткiзудi әкiмшiлiктендiруге мүмкiндiк беретiн, деректердiң сенiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз ететiн арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында, ақпараттарды жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерi құралдарының көмегiмен жүзеге асырылады.
V. Тізілім деректерiнiң өзектiлiгін және толықтығын бақылау <*>
28. Уәкiлеттi органдар тiзiлiм ұстаушының жазбаша сұрауы бойынша
Тiзiлiмнiң негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдерiнiң көрсеткiштерiн өзектi ету және нақтылау үшiн сұралатын деректердi ақысыз ұсынуға мiндеттi. Тiзiлiм ұстаушы Тiзiлiм деректерiнде анықталған алшақтықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлайды, ол ақпарат алған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде деректердi нақтылауға және оларды тiзiлiм ұстаушыға беруге мiндеттi. <*> ЕСКЕРТУ. V-бөліммен және 28-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_ 1-қосымша Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тiзiлiмiнiң БАЗАЛЫҚ КӨРСЕТКIШТЕРI <*> ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_ ___________________________________________________________________ N | Көрсеткiш | Түсiндiру р/н| | _______________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны соңғы қайта тiркеу | |кезiнде берiлген жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Мемлекеттiк тiркеу |Соңғы қайта тiркеу күнi |күнi | ___________________________________________________________________ 4 |Толық атауы | 5 |Қысқартылған атауы | ___________________________________________________________________ 6 |Аймақтың коды |- Объект орналасқан аймақтың коды ___________________________________________________________________ 7 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы ___________________________________________________________________ 8 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды ___________________________________________________________________ 9 |МНК |- Меншiк нысанының коды ___________________________________________________________________ 10 |Ұйымдастыру-құқықтық |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының |нысаны |коды (КОПФХС сәйкес) ___________________________________________________________________ 11 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды |лауазымды адам) |тұлғаның) тегi, аты мен әкесiнiң атының | |бас әрiптерi 12 |Бухгалтер |- Бас бухгалтердiң тегi, аты мен | |әкесiнiң атының бас әрiптерi ___________________________________________________________________ 13 |Тiркеушi |- Тiркеушi туралы деректер | |(акционерлiк қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 14 |Жарғылық капитал |- Жарғылық капиталдың мөлшерi ___________________________________________________________________ 15 |Мемлекеттiң үлесi |- Жарғылық капиталдан мемлекеттiк | | үлестiң мөлшерi %-пен ___________________________________________________________________ 16 |Пакет |- Акциялардың саны (акционерлiк | |қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 17 |Жүктеу |- Мемлекеттiк үлестi үшiншi тұлғаларға | |басқаруға немесе кепiлге беру ___________________________________________________________________
2-қосымша <*>
ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
қаулысымен. P011369_ ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 580 қаулысымен. P020580_ Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi үшiн мемлекеттiк органдар ұсынатын ДЕРЕКТЕР ___________________________________________________________________ N | Көрсеткiш | Түсiндiру р/н| | ___________________________________________________________________ Әдiлет министрлiгi ___________________________________________________________________ 1 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 2 |Мемлекеттiк тiркеу күнi ___________________________________________________________________ 3 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 4 |Аймақтың коды |- Объект орналасқан аймақтың коды ___________________________________________________________________ 5 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы ___________________________________________________________________ 6 |Ұйымдастыру-құқықтық |- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының |нысаны |коды (КОПФХС сәйкес) ___________________________________________________________________ 7 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды |лауазымды адам) |адамның) тегi және аты мен әкесiнiң | |атының бас әрiптерi 8 |Бухгалтер |- Бухгалтердiң тегi және аты мен | |әкесiнiң атының бас әрiптерi ___________________________________________________________________ 9 |Жарғылық қор |- Жарғылық қордың мөлшерi ___________________________________________________________________ Статистика жөнiндегi агенттiк <*> ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 4 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды ___________________________________________________________________ 5 |ҰҚН |- Ұйымдастыру-құқықтық нысаны ___________________________________________________________________ 6 |СОАТО |- Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуiне сәйкес | |аймақтың коды ___________________________________________________________________ Ұлттық Банк ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Мемлекеттiк тiркеу күнi ___________________________________________________________________ 4 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 5 |Саласы (қызметi) |- ОКЭД сәйкес саланың коды ___________________________________________________________________ 6 |Басшы (жоғары |- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды |лауазымды адам) |адамның) тегi және аты мен әкесiнiң | |атының бас әрiптерi 7 |Бухгалтер |- Бухгалтердiң тегi және аты мен | |әкесiнiң атының бас әрiптерi ___________________________________________________________________ 8 |Орналасқан жерi |- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы ___________________________________________________________________ 9 |Тiркеушi |- Тiркеушi туралы деректер (акционерлiк | |қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 10 |Жарғылық капиталы |- Жарғылық капиталының мөлшерi ___________________________________________________________________ 11 |NSIN коды |- Эмиссияның (NSIN бойынша) | |жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 12 |Номинал |- Акциялардың номиналы ___________________________________________________________________ 13 | Акциялардың саны |- Эмиссиядағы акциялардың саны ___________________________________________________________________ Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi <*> ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Жарғылық капитал |- Жарғылық капиталдың мөлшерi ___________________________________________________________________ 4 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 5 |Мемлекеттiк үлес |- Жарғылық капиталдан %-пен есептегендегi | |мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк үлестiң | |мөлшерi ___________________________________________________________________ 6 |Пакет |- Мемлекетке тиесiлi акциялардың саны | |(акционерлiк қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________ 7 |Басқару |Жетекшi басқарма ___________________________________________________________________ 8 |Жүктеу |Жүктеу (кепiл, басқару) туралы деректер ___________________________________________________________________ Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi <*> ___________________________________________________________________ 1 |ОКПО коды |- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды ___________________________________________________________________ 2 |Тiркеу нөмiрi |- Заңды тұлғаны тiркеу кезiнде | |берiлетiн жүйелендiрiлген код ___________________________________________________________________ 3 |Толық атауы | ___________________________________________________________________ 4 |Мемлекеттiк үлес |- Жарғылық капиталдан %-пен есептегендегi | |мемлекеттiк үлестiң мөлшерi ___________________________________________________________________ 5 |Пакет |- Акциялардың саны | |(акционерлiк қоғамдар үшiн) ___________________________________________________________________