Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231

Жаңартылған
      Үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң және топтардың) жұмысын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне:
      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттігімен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қатысуымен үкiметаралық комиссиялардың қызметiн үйлестiру; <*>
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне үкiметаралық комиссиялардың жұмысы туралы жылына бiр рет (келесi жылдың қаңтар-наурыз айларында) ақпарат беру;
      3) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып: <*>
      Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық байланыстарын дамыту басымдықтарына сәйкес бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың шетел бөлiгiнiң төрағаларымен келiсiм бойынша екiжақты ынтымақтастықты жандандыру жөнiндегi комиссиялардың жұмыс бағдарламаларын әзiрлеу;
      екiжақты негiзде ынтымақтастықты дамытуға тiкелей мүдделi шетелдiк және қазақстандық кәсiпкерлер арасынан комиссиялардың жанынан бастамашы топтарын (iскерлiк кеңестердi) құру, тиiстi тараптардың құзыреттi органдарымен келiсiм бойынша, жұмыс iстемей отырған комиссияларды орынды жерiнде, тарату туралы мәселенi қарау;
      4) бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың жұмысына және комиссиялар мәжiлiстерiнiң барысында қол жеткiзiлген шешiмдер мен уағдаластықтардың iске асуына бақылауды ұйымдастыруға нақты көмек көрсетуде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң рөлiн арттыру жөнiндегi жұмысты жүргiзу;
      5) үкiметаралық комиссиялардың шетел бөлiгiнiң кандидатуралары анықталмағандарының төрағаларын тездетiп тағайындау жөнiнде жұмыс жүргiзу тапсырылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 686
               қаулысымен. P990686_
      2. Бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң төрағаларына үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң құрамын белгiлеу құқығы берiлсiн.
      3. АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық деңгейінің өсуі мен серпінін назарға ала отырып қазақстан-американ бірлескен комиссиясының тең төрағасы лауазымына (Аға тең төрағалар - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, АҚШ Вице-Президенті А.Гор, тең төраға - жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қатысты АҚШ саясатын арнайы үйлестіруші, АҚШ-тың ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі С. Сестанович) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев ұсынылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 686

              қаулысымен.  

P990686_

 
     4.
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 686 
              қаулысымен.  

P990686_

 
     
     5. Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық
комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары 1-қосымшаға
сәйкес тағайындалсын.
     6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Үкiметтiң
бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру үшiн он күн
мерзiм iшiнде ұсыныстар енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
     
                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                    1998 жылғы 19 наурыздағы N 231
                                          қаулысына 1-қосымша
<*>

     
     Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегі бiрлескен үкiметаралық        
          комиссиялардың Қазақстан бөлiгі тең төрағаларының құрамы

Қазақстан-әзербайжан              - Владимир Сергеевич Школьник -
экономикалық                        Қазақстан Республикасы
ынтымақтастық жөнiндегi             Премьер-Министрiнiң орынбасары -
комиссиясы                          Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика және минералдық ресурстар
                                    министрi

Қазақстан-армян                   - Асан Егiнбайұлы Қожақов -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Сыртқы iстер министрлiгi
комиссиясы                          Тәуелсiз Мемлекеттер
                                    Достастығы iстерi жөнiндегi
                                    Комитетiнiң төрағасы

Қазақстан-белорус                 - Владимир Сергеевич Школьник -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасы
ынтымақтастық жөнiндегi             Премьер-Министрiнiң орынбасары -
комиссиясы                          Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика және минералдық ресурстар
                                    министрi

Қазақстан-грек                    - Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев - 
экономикалық және                   Қазақстан Республикасының
технологиялық                       Экономика және сауда министрi
ынтымақтастық жөнiндегi             
комиссиясы 

Қазақстан-грузин                  - Тимур Асқарұлы Құлыбаев -
сауда-экономикалық                  "Мұнай және газ тасымалдау
ынтымақтастық жөнiндегi             жөнiндегi ұлттық компаниясы"
комиссиясы                          ЖАҚ-ның бас директоры

Қазақстан-қырғыз                  - Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов - 
бiрлескен комиссиясы                Қазақстан Республикасы
                                    Премьер-Министрiнiң орынбасары

Қазақстан-молдова                 - Заманбек Қалабайұлы Нұрқадiлов - 
экономикалық                        Қазақстан Республикасы
ынтымақтастық жөнiндегi             Төтенше жағдайлар жөнiндегi
аралас комиссиясы                   агенттігiнiң төрағасы

Қазақстан-ресей                   - Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов -
ынтымақтастық жөнiндегi             Қазақстан Республикасы
комиссиясы                          Премьер-Министрiнiң орынбасары

Қазақстан-ресей                   - Александр Иванович Андрющенко -
шекаралық ынтымақтастық             Қазақстан Республикасының
жөнiндегi шағын                     Экономика және сауда
комиссиясы                          вице-министрi

Қазақстан-ресей                   - Владимир Сергеевич Школьник -
"Байқоңыр" кешенi                   Қазақстан Республикасы
жөнiндегi шағын                     Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
комиссиясы                          Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрi

Қазақстан-ресей                   - Абылай Исабекұлы Мырзахметов -
көлiк жөнiндегi                     Қазақстан Республикасының
шағын комиссиясы                    Көлiк және коммуникациялар
                                    министрі

Қазақстан-тәжiк                   - Владимир Сергеевич Школьник -
экономикалық                        Қазақстан Республикасы
ынтымақтастық жөнiндегі             Премьер-Министрiнiң орынбасары -
комиссиясы                          Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрi

Қазақстан-түркiмен                - Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов - 
экономикалық                        Қазақстан Республикасы
ынтымақтастық жөнiндегi             Премьер-Министрiнiң орынбасары
бiрлескен комиссиясы 

Қазақстан-өзбек                   - Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов -
екi жақты ынтымақтастық             Қазақстан Республикасы
жөнiндегi комиссиясы                Премьер-Министрiнiң орынбасары

Қазақстан-украин                  - Владимир Сергеевич Школьник -
экономикалық                        Қазақстан Республикасы
ынтымақтастық жөнiндегi             Премьер-Министрiнiң орынбасары -
комиссиясы                          Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрi

Қазақстан-американ                - Владимир Сергеевич Школьник -
энергетика саласындағы              Қазақстан Республикасы
әрiптестiк бойынша                  Премьер-Министрiнiң орынбасары -
арнайы комиссиясы                   Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрi

Қазақстан-болгар                  - Гүлжан Жанпейiсқызы Қарағұсова -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
байланыстар және                    Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
ғылыми-техникалық                   министрi
ынтымақтастық жөнiндегi
комиссиясы 

Қазақстан-британ                  - Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов - 
сауда-өнеркәсiп кеңесi              Қазақстан Республикасы
                                    Премьер-Министрiнiң орынбасары

Қазақстан-венгр                   - Ахметжан Смағұлұлы Есiмов -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Ауыл шаруашылығы министрi
комиссиясы  

Қазақстан-вьетнам                 - Болат Далдайұлы Елеманов -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Энергетика және минералдық ресурстар
бiрлескен комиссиясы                вице-министрi

Қазақстан-герман                  - Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев - 
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Экономика және сауда министрi
жұмыс тобы   

"Қазақстан-Төменгi                - Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев -
Саксония" жұмыс тобы                Қазақстан Республикасының
                                    Экономика және сауда министрi

Қазақстан-герман                  - Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов -
Қазақстан                           Қазақстан Республикасы
Республикасында                     Премьер-Министрiнiң орынбасары
тұратын этникалық
немiстер мәселелерi
жөнiндегi үкiметаралық
комиссиясы  

Қазақстан-герман                  - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед -
мәдени ынтымақтастық                Қазақстан Республикасының
мәселелері жөніндегі аралас         Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
комиссиясы                          келiсiм министрi

"Қазақстан Республикасы-          - Ахметжан Смағұлұлы Есiмов -
Еуропалық Одақ"                     Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық кеңесi                Ауыл шаруашылығы министрi

"Қазақстан Республикасы-          - Нұртай Әбiқайұлы Әбiқаев -
Еуропалық Одақ"                     Қазақстан Республикасының 
ынтымақтастық комитетi              Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi

Қазақстан-египет                  - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед -
сауда-экономикалық,                 Қазақстан Республикасының
мәдени-гуманитарлық және            Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
ғылыми-техникалық                   келiсiм министрi
ынтымақтастық жөнiндегi
үкіметаралық комиссиясы 

Қазақстан-израиль                 - Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасы
байланыстар жөнiндегi               Премьер-Министрiнiң орынбасары
комиссиясы 

Қазақстан-Үндiстан                - Владимир Сергеевич Школьник -
сауда-экономикалық,                 Қазақстан Республикасы
ғылыми-техникалық,                  Премьер-Министрiнiң орынбасары -
өнеркәсiп және мәдени               Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Энергетика және минералдық ресурстар
үкiметаралық бiрлескен              министрi
комиссиясы

Қазақстан-иран                    - Абылай Исабекұлы Мырзахметов -
сауда-экономикалық,                 Қазақстан Республикасының
ғылыми-техникалық және              Көлiк және коммуникациялар
мәдени ынтымақтастық                министрi 
жөнiндегi
үкiметаралық комиссиясы

Қазақстан-испан                   - Зейнолла Халидоллаұлы Кәкiмжанов -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Мемлекеттiк кірiс министрi
үкiметаралық комиссиясы  

Қазақстан-итальян                 - Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев -
өнеркәсiптiк және                   Қазақстан Республикасының 
экономикалық                        Қаржы министрi
ынтымақтастық пен                   
алмасу жөнiндегi
үкiметаралық жұмыс тобы

Қазақстан-катар                   - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед -
жоғары деңгейдегi                   Қазақстан Республикасының
бiрлескен комиссиясы                Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                    келiсiм министрi
     
Қазақстан-қытай                   - Абылай Исабекұлы Мырзахметов -  
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының  
ынтымақтастық жөнiндегi             Көлiк және коммуникациялар     
үкiметаралық комиссиясы             министрi

Қазақстан-латвия                  - Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Экономика және сауда министрi
үкіметаралық комиссиясы 

Қазақстан-ливия                   - Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов -
бiрлескен үкiметаралық              Қазақстан Республикасының
комиссиясы                          Білім және ғылым министрi

Қазақстан-литва                   - Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Экономика және сауда министрi
үкiметаралық комиссиясы 

Қазақстан-малайзия                - Нұртай Әбiқайұлы Әбiқаев -
бiрлескен сауда -                   Қазақстан Республикасының
экономикалық комитетi               Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi

Қазақстан-моңғол                  - Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов - 
сауда-экономикалық,                 Қазақстан Республикасының  
ғылыми-техникалық және              Білім және ғылым министрi 
мәдени ынтымақтастық
жөнiндегi үкiметаралық
комиссиясы 

Қазақстан-пәкiстан                - Гүлжан Жанпейiсқызы Қарағұсова -
сауда-экономикалық,                 Қазақстан Республикасының
ғылыми-техникалық және              Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
мәдени ынтымақтастық                министрi
жөнiндегi үкiметаралық
бiрлескен комиссиясы 

Қазақстан-палестина               - Арман Ғалиасқарұлы Дунаев -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Қаржы вице-министрi
комиссиясы  

Қазақстан-поляк                   - Вадим Павлович Зверьков -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының 
ынтымақтастық жөнiндегi             Көлiк және коммуникациялар вице-
комиссиясы                          министрi

Қазақстан-румын                   - Заманбек Қалабайұлы Нұрқадiлов -
сауда-экономикалық және             Қазақстан Республикасының
ғылыми-техникалық                   Төтенше жағдайлар жөнiндегi
ынтымақтастық жөнiндегi             агенттiгiнiң төрағасы
комиссиясы 

Қазақстан-сауд                    - Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев -
сауда-экономикалық,                 Қазақстан Республикасының
ғылыми-техникалық және              Қаржы министрi
мәдени ынтымақтастық
жөнiндегi комиссиясы

Қазақстан-словак                  - Нұртай Әбiқайұлы Әбiқаев -
сауда-экономикалық және             Қазақстан Республикасының
ғылыми техникалық                   Сыртқы iстер бiрiнші вице-министрi
ынтымақтастық жөнiндегi
комиссиясы 

Қазақстан-таиланд                 - Дулат Оразбекұлы Қуанышев - 
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Сыртқы iстер вице-министрi 
үкiметаралық бiрлескен
комиссиясы 

Қазақстан-түрiк                   - Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов -
үкiметаралық                        Қазақстан Республикасы
экономикалық комиссиясы             Премьер-Министрiнiң орынбасары

Қазақстан-фин                     - Дулат Оразбекұлы Қуанышев -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Сыртқы iстер вице-министрi
комиссиясы 

Қазақстан-француз                 - Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов -
экономикалық                        Қазақстан Республикасы
ынтымақтастық жөнiндегi             Премьер-Министрiнiң орынбасары
үкiметаралық жұмыс тобы 

Қазақстан-чех                     - Нұртай Әбiқайұлы Әбiқаев -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi
комиссиясы 

Қазақстан-швейцария               - Дулат Оразбекұлы Қуанышев -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Сыртқы iстер вице-министрi
комиссиясы 

Қазақстан-әмiрлiк                 - Андарь Мәулешұлы Шоқпытов -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Табиғи ресурстар және қоршаған
бiрлескен комиссиясы                ортаны қорғау министрi

Қазақстан-эстон                   - Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев -
сауда-экономикалық                  Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Экономика және сауда министрi
үкiметаралық комиссиясы 

Қазақстан-Оңтүстiк Корея          - Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов -
сауда-экономикалық және             Қазақстан Республикасы
ғылыми-техникалық                   Премьер-Министрiнiң орынбасары
ынтымақтастық жөнiндегi
комиссиясы 

Қазақстан-жапон                   - Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев - 
экономикалық                        Қазақстан Республикасының
ынтымақтастық жөнiндегi             Премьер-Министрi
комитетi  
     
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 686 
              қаулысымен.  

P990686_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінің 1998.07.27. N 706          
               қаулысымен.  

P980706_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінің 1998.10.29. N 1105         
               қаулысымен.  

P981105_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінің 1998.12.23. N 1319         
               қаулысымен.  

P981105_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінің 1999.09.20. N 1418         
               қаулысымен.  

P991418_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1424 
               қаулысымен.  

P991424_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.11.15. N 1715 
              қаулысымен.  

P991715_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.06. N 681 
              қаулысымен.  

P000681_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1434 
              қаулысымен.  

P001434_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 403  
              қаулысымен.  

P001403_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.10. N 938 
              қаулысымен.  

P010938_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.29. N 1124 
              қаулысымен.  

P011124_

  
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.25. N 1693 
              қаулысымен.  

P011693_

                                          
                             
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 19 наурыздағы
                                        N 231 Қаулысына
                                           2-қосымша 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінің 1998.10.14.N 1036 қаулысымен.
               

P981036_

 
     ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1998.11.11.N 1154 
              қаулысымен.  

P981154_

 
     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінің 1998.11.17.N 1163 қаулысымен.
               

P981154_

 
     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінің 1999.01.06. N 8 қаулысымен.
               

P990008_

 
     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.06.01. N 686 
              қаулысымен.  

P990686_