Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек N 1424. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594


      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына K951000_ , "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар N 2694 U952694_ Жарлығының 50-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 U962894_ Жарлығының 1-тармағына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж.,

 

N 12, 85-құжат) мынадай сөздермен толықтырылсын:

     "Қайрат Әбдіразақұлы Мәми - Қазақстан Республикасы Президентінің

Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасының Президенті

Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі."

     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Оқығандар:

          Қасымбеков Б.А.

          Кобдалиева Н.М.