Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1124. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен. ~P020594

      Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшін запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" жабық акционерлік қоғамында оқу орнының қаражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі