Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға 1-қосымшада:
шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық
комиссиялардың қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамына:
сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық
жөніндегі қазақстан-иран комиссиясына, сондай-ақ сауда-экономикалық және
ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай коммуникациялар
министрі Серік Мінуәрұлы Бүркітбаев енгізілсін;
Еркін Жәкенұлы Қалиев аталған құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі