Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.27 № 720 Қаулысымен
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Z100291 қараңыз
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесі бекiтiлсiн.
Ескерту. Екінші абзацқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жыл 27 қаңтардағы
N 109 қаулысымен
бекiтiлген
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
салуға рұқсат беру ережесі
Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесі (бұдан әрi - Ереже) пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар орналасқан жерлерде пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға, мұндай алаңдарда құрылысты тиiмдi салу мен пайдалы қазбалар қорын толық өндiру мақсатында рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдар деп жердiң немесе су бетiнiң астында пайдалы қазбалар табылған бөлiгi ұғынылады.
Осы Ережеде қолданылатын анықтамалар мен терминдер оларға "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында берілгендей мағынаны білдіреді. Z100291 қараңыз
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2. Ереже пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес қалаларды және басқа да елді мекендерді, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, салуды, қайта жаңартуды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жер асты құрылыстарын орналастыру уәкілетті органдардың: жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кенді қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
4. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) пайдалы қазбалар қорының бекiтiлгендiгiне қарамастан, белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
5. Елді мекендерді, өнеркәсіптік кешендерді және басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның болмашы екендігі туралы қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
6. Рұқсаттарды ресiмдеу:
- көзделiп отырған құрылыс алаңының астында пайдалы қазбалар болмаған жағдайда;
- елдi мекен iшiндегi немесе құрылыстың Бас жоспары бекiткен аумақтар шегiндегi объектiлер салу кезiнде талап етiлмейдi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
7. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
8. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға:
жер қойнауын пайдалы қазбалар қорларын алу мүмкiндiгiн;
пайдалы қазбалар немесе тау-кен орындарын су басудан, суланудан, өрттен және оның құрылысына байланысты пайдалы қазбалардың сапасын және кен орындарының өндiрiстiк құндылығын төмендететiн басқа да факторлардан сақтауды;
ұйымдардың құрылыс және технологиялық жабдықтау объектiлерiн салып жатқан аумақтарда тау-кен жұмыстарының зиянды әсерлерiнен сақтауды;
ғылыми, мәдени және өзге де айрықша құны бар аумақтардың учаскелерiн сақтауды қамтамасыз еткен жағдайларда жол берiледi.
Радиоактивтi пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда жалпы азаматтық объектiлердi салуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
9. Радиоактивтi пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда өндiрiстiк объектiлердi салу кезiнде тиiстi ұйымдармен келiсiлетiн радиациялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар әзiрленуге тиiс.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
10. Пайдалы қазбалар немесе минералды шикiзат алу көзi болып табылатын iшкi теңiз, көл және басқа да су, тұз шөгiндiлер акваторияларындағы құрылыс үшiн рұқсат уәкілетті органда ресiмделуге тиiс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
11. Уәкiлеттi органның жер бетiн қозғау процесiнiң аяқталуы туралы қорытындысы және жер қойнауын пайдаланушының жабылмаған тау-кен орындарының және қуыстарының жоқ екендiгi туралы берген анықтамасы болмаса, пайдаланылған пайдалы кен орындарының және жер асты ғимараттарының үстiне жер бетiнде құрылыс объектiлерiн салуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
12. Рұқсаттарды басқа заңды және жеке тұлғаларға, соның iшiне шетелдiктерге беру, олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншiк нысанына қарамастан уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмi болған жағдайда ғана жүргiзiледi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
13. Рұқсат:
қабаттар, рудалар және шөгiндiлердiң орналасқан жағдайларында, құрылыс салуға рұқсат етiлген алаң астындағы пайдалы қазбалардың қасиетi мен сапалық сипаттамасында елеулi өзгерiстер табылғанда;
пайдалы қазбалар кен орындарының мерзiмi, жүйесiнiң бағыты мен игеру әдiстерiнiң өзгеруi, егер бұл өзгерiстер құрылыс жағдайларының алдын ала көзделмеген нашарлауын тудыратын жағдайларда уәкiлеттi органның, жер қойнауын пайдаланушының немесе құрылысты жүзеге асыратын ұйымның бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
14. Уәкiлеттi органның берген рұқсаты:
құрылыс салуға рұқсат берiлген шарттар сақталмаған;
құрылыс салуға байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен пайдалы қазбалардың қорлары мен олардың сапасын сақтау талаптары сақталмаған;
табиғатты қорғау заңдары және жер қойнауы жөнiндегi нормативтi құжаттардың талаптары орындалмаған жағдайларда күшiн жоюы мүмкiн.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда
құрылыс салуға рұқсат берудiң тәртiбi
Ескерту. II бөлім тақырыбының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
15. Рұқсат алу үшiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке тұлғалар уәкiлеттi органға өтiнiш пен тау-кен-геологиялық негiздемесiнiң қосымшасының бiр данасын жiбередi. Тау-кен-геологиялық негiздемесiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке ұйымдардың өтiнiштерi бойынша, олардың есебiнен, жобалау ұйымы әзiрлейдi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
16. Өтiнiште заңды тұлғаның аты немесе рұқсат сұраушы жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның ведомстволық қатыстылығы, мекен-жайы, кен орнының атауы, географиялық координаттардағы құрылыс объектiсiнiң орналасатын жерi көрсетiледi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
17. Уәкілетті орган берілген рұқсаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
18. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда құрылыс объектiсiн немесе олар орналасқан жерлердегi пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жер асты ғимараттарын салуды жүзеге асыратын ұйым құрылыс аяқталғаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушы ұйымға және салынған объектiнi пайдаланушы ұйымға;
салынған объектiлердiң жоспарын, бұрыштық нүкте координаттарымен;
пайдаланудағы құрылыс объектiлерi әдiстерiнiң және рұқсат берiлген жобаға және шарттарға сәйкес барлық құрылыс нормаларын орындау актiлерiнiң көшiрмесiн береді.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
19. Мемлекеттiк меншiк нысанындағы объектiлерге рұқсат берудi уәкiлеттi орган тегiн, ал жеке меншiк нысанындағы объектiлер үшiн - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте жүргiзедi.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салудың тау-кен-геологиялық негiздемелерiнiң мазмұны
Ескерту. IIІ бөлім тақырыбының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
20. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда көзделiп отырған құрылыс салуды немесе олар орналасқан жерлерде пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарының тау-кен-геологиялық негiздемесi мынадай құжаттардан тұруға тиiс:
а) мыналарды қамтыған түсiндiрме жазбадан:
тау-кен-геологиялық негiздеменi әзiрлеген жобалау ұйымының аты;
құрылыс объектiсiнiң аты, мекен-жайы, не мақсатқа арналғандығы, объектi қандай ұйым үшiн салынады, қандай пайдалы қазбалар орналасқан алаңда және қандай кәсiпорын аумағында салу көзделiп отыр;
құрылыс салынатын алаңның қысқаша сипаттамасы және өлшемi;
аталған объектiнiң құрылысына арналған жобалық құжаттаманы әзiрлейтiн жобалау ұйымының аты;
ауданның қысқаша геологиялық сипаттамасы (геологиялық құрылымы, орынның тереңдiгi, негiзгi кен және олармен бiрге орналасқан пайдалы қазбалардың құрылысы, қордың саны мен сапасы), гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық жағдайлар;
пайдалы қазбалар алаңдарындағы құрылыс объектiлерiн орналастыру негiздемесi, олардың орналасу алаңына құрылыс салумен байланысты пайдалы қазбалардың күтiлетiн зиянынан келетiн экономикалық шығын есебiн қоса есептегенде;
б) қорлардың саны мен сапасы туралы, көзделiп отырған құрылыс салынатын алаң астындағы негiзгi компоненттерiнiң және олармен бiрге пайдалы қазбалардың зерттелу дәрежесi туралы уәкiлеттi органның қорытындысының көшiрмесi;
в) құрылыс салу көзделген алаңның астында орналасқан пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының есебi, онда тау-кен жұмыстарын дамыту болашағы күтiлетiн шығын немесе пайдалы қазбалар қорын сақтаудың көлемi, сондай-ақ жер бетiн қозғау мүмкiн болатын процестер туралы мәлiметтер келтiрiлуi тиiс;
г) техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiгiндегi Қазақстан Республикасының жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу және тау-кен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi органдарының қорытындыларының көшiрмелерi;
д) мыналардан тұратын графикалық бөлiк:
кәсiпорындардың көзделiп отырған құрылыс салу алаңының топографиялық жоспарының немесе негiзгi жоспардың көшiрмесiнен, елдi мекендердiң құрылыс салуға iргелес аумақтарымен тау-кен-геологиялық жағдайларының элементтерiн, қолданылып жүрген және жобаланған құрылыс салу контурлары, құрылыс салу объектiлерiне тау-кен өндiрулерiнiң зиянды әсерiнiң аймақ шекарасы. Жоспар көшiрмесiнiң бос бөлiгiнде тiркеу жазбасы мен Х.Ү координаты көзделiп отырған құрылыс салу алаңынан бұрыштық нүктелерi үшiн орын қалдырылады;
геологиялық карталардан пайдалы қазбалардың құрылыс салу көзделген алаңдағы жер астындағы орындардан барлық қабаттардың, жарықтардың және басқа да шөгiндiлердiң гисометриялық жоспарларының көшiрмесi, осы орын бойынша геологиялық кенiштердiң көшiрмелерi (мұнай және газ кен орындары үшiн құрылымдық карталар және кескiндер).
Түсiндiрме жазба және графикалық құжаттамаға құрылыс салудың тау-кен-геологиялық негiздемесiн әзiрлеушi ұйымның басшысы қол қояды, қол мөрмен бекiтiледi.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
4. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салудың белгiленген тәртiбiнiң орындалуына бақылау жасау
Ескерту. IV бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
21. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетімен құрылыс салу жұмсалған шығындарды және келісім-шарт аумағының жерлерін қалпына келтіруге және салынған объектілерді қайта бұзуға кеткен шығындарды өтеусіз тоқтатылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
22. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
23. Осы Ереженiң талаптарын сақтауға мемлекеттiк бақылау жасауды уә кiлеттi орган жүзеге асырады.
24. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
25. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
26. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Құрылыс салу алаңының астында Пайдалы қазбалар жоқ екендiгiн куәландыратын АКТ
Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға Рұқсат берудi куәландыратын АКТ
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi
Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде Пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жер асты объектiлерiн орналастыруға Рұқсат берудi куәландыратын АКТ
Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
4-ҚОСЫМША
Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға немесе Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде жерасты объектiлерiн салуға берiлген Рұқсаттарды тiркеу
КIТАБЫ
Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.29 N 800 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.