Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат берудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 27 қаңтардағы N 109

Қолданыстағы

     "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828  

U962828_

 
Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi 
қаулы етедi:
     Пайдалы қазбалар  орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат
беру тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жыл 27 қаңтардағы
                                          N 109 қаулысымен
                                             бекiтiлген

          Пайдалы қазбалар  орналасқан алаңдарда құрылыс
              салуға рұқсат берудiң тәртiбi туралы
                              ЕРЕЖЕ

                          1. Жалпы ережелер

     1. "Пайдалы қазбалар  орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат

берудiң тәртiбi туралы" ереже (бұдан әрi - Ереже) Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар орналасқан жерлерде пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға, мұндай алаңдарда құрылысты тиiмдi салу мен Пайдалы Қазбалар қорын толық өндiру мақсатында рұқсат берудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдар деп жердiң немесе су бетiнiң астында Пайдалы қазбалар табылған бөлiгi ұғынылады.
      Осы ережеде қолданылатын анықтаулар мен терминдер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығында берiлген мағынаны бiлдiредi.
      2. Ереже Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын, қалаларды және басқа да елдi мекендердi, үй-жайлар мен ғимараттарды және басқа да шаруашылық объектiлерiн жобалауды, салуды, қайта жаңартуды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      3. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi Өкiлеттi органның (бұдан әрi - Өкiлеттi орган) рұқсаты болған жағдайда ғана жол берiледi.
      4. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға рұқсат (Бұдан әрi - Рұқсат) Пайдалы қазбалар қорының бекiтiлгендiгiне қарамастан, белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
      5. Өкiлеттi органнан ғимараттар мен объектiлер салынатын учаскелерiнiң астындағы жер қойнауында Пайдалы қазбалардың жоқ екендiгi туралы актi (N 1 қосымша) немесе Рұқсатты куәландыратын актi (N 2, 3-қосымшалар) алғанға дейiн көзделiп отырған құрылыстарды салуға немесе қайта жаңартуға тыйым салынады.
      6. Рұқсаттарды ресiмдеу:
      - Өкiлеттi органның актiсiне сәйкес, көзделiп отырған құрылыс алаңының астында Пайдалы қазбалар болмаған жағдайда;
      - елдi мекен iшiндегi немесе құрылыстың Бас жоспары бекiткен аумақтар шегiндегi объектiлер салу кезiнде талап етiлмейдi.
      7. Құрылыс салу белгiленiп отырған алаңның астында Пайдалы қазбалардың жоқ екенi туралы Өкiлеттi органның актiсi, егер кейiнгi геологиялық жұмыстар Пайдалы қазбалардың бар екендiгi туралы қосымша ақпарат берген болса, құрылыс басталғанға дейiн олардан алынуы мүмкiн. Құрылыс кезiнде Пайдалы қазбалар табылған жағдайда тапсырыс берушi жер қойнауынан Пайдалы қазбаларды өндiрудi және жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың болуы мүмкiн зиянды әсерлерiнен құрылыс объектiлерiн сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатымен құрылыс жобасына түзету жүргiзiлуi және Рұқсат ресiмделуi тиiс.
      8. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға және Пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын орналастыруға:
      Жер қойнауын Пайдалы қазбалар қорларын алу мүмкiндiгiн;
      Пайдалы қазбалар немесе тау-кен орындарын су басудан, суланудан, өрттен және оның құрылысына байланысты Пайдалы қазбалардың сапасын және кен орындарының өндiрiстiк құндылығын төмендететiн басқа да факторлардан сақтауды;
      ұйымдардың құрылыс және технологиялық жабдықтау объектiлерiн салып жатқан аумақтарда тау-кен жұмыстарының зиянды әсерлерiнен сақтауды;
      ғылыми, мәдени және өзге де айрықша құны бар аумақтардың учаскелерiн сақтауды қамтамасыз еткен жағдайларда жол берiледi.
      Радиоактивтi Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда жалпы азаматтық объектiлердi салуға жол берiлмейдi.
      9. Радиоактивтi Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда өндiрiстiк объектiлердi салу кезiнде тиiстi ұйымдармен келiсiлетiн санитарлық-қорғау шаралары әзiрленуге тиiс.
      10. Пайдалы қазбалар немесе минералды шикiзат алу көзi болып табылатын iшкi теңiз, көл және басқа да су, тұз шөгiндiлер акваторияларындағы құрылыс үшiн Рұқсат Өкiлеттi органда ресiмделуге тиiс.
      11. Өкiлеттi органның жер бетiн қозғау процесiнiң аяқталуы туралы қорытындысы және жер қойнауын пайдаланушының жабылмаған тау-кен орындарының және қуыстарының жоқ екендiгi туралы берген анықтамасы болмаса, пайдаланылған Пайдалы кен орындарының және жер асты ғимараттарының үстiне жер бетiнде құрылыс объектiлерiн салуға жол берiлмейдi.
      12. Рұқсаттарды басқа заңды және жеке тұлғаларға, соның iшiне шетелдiктерге беру, олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншiк нысанына қарамастан Өкiлеттi органның жазбаша келiсiмi болған жағдайда ғана жүргiзiледi.
      13. Рұқсат:
      қабаттар, рудалар және шөгiндiлердiң орналасқан жағдайларында, құрылыс салуға рұқсат етiлген алаң астындағы Пайдалы қазбалардың қасиетi мен сапалық сипаттамасында елеулi өзгерiстер табылғанда;
      Пайдалы қазбалар кен орындарының мерзiмi, жүйесiнiң бағыты мен игеру әдiстерiнiң өзгеруi, егер бұл өзгерiстер құрылыс жағдайларының алдын ала көзделмеген нашарлауын тудыратын жағдайларда Өкiлеттi органның, жер қойнауын пайдаланушының немесе құрылысты жүзеге асыратын ұйымның бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
      14. Өкiлеттi органның берген Рұқсаты:
      құрылыс салуға рұқсат берiлген шарттар сақталмаған;
      құрылыс салуға байланысты жұмыстардың зиянды әсерiнен Пайдалы қазбалардың қорлары мен олардың сапасын сақтау талаптары сақталмаған;
      табиғатты қорғау заңдары және жер қойнауы жөнiндегi нормативтi құжаттардың талаптары орындалмаған жағдайларда күшiн жоюы мүмкiн.

          II. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
                  салуға рұқсат берудiң тәртiбi

      15. Рұқсат алу үшiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке тұлғалар Өкiлеттi органға өтiнiш пен тау-кен-геологиялық негiздемесiнiң қосымшасының бiр данасын жiбередi. Тау-кен-геологиялық негiздемесiн құрылыс салуға мүдделi заңды және жеке ұйымдардың өтiнiштерi бойынша, олардың есебiнен, жобалау ұйымы әзiрлейдi.
      16. Өтiнiште заңды тұлғаның аты немесе Рұқсат сұраушы жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның ведомстволық қатыстылығы, мекен-жайы, кен орнының атауы, географиялық координаттардағы құрылыс объектiсiнiң орналасатын жерi көрсетiледi.
      17. Пайдалы қазбалардың сұралған аумағына құрылыс салуға берiлген Рұқсат Өкiлеттi органның (N 1, 2, 3) актiсiмен ресiмделедi. Актiнiң бiр данасы өтiнiш иесiне берiледi, екiншi данасы Өкiлеттi органда қалады.
      Өкiлеттi орган N 4 қосымшада белгiленген нысан бойынша берiлген Рұқсаттарды есепке алады және тiркейдi.
      18. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда құрылыс объектiсiн немесе олар орналасқан жерлердегi Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын салуды жүзеге асыратын ұйым құрылыс аяқталғаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушы ұйымға және салынған объектiнi пайдаланушы ұйымға;
      салынған объектiлердiң жоспарын, бұрыштық нүкте координаттарымен;
      пайдаланудағы құрылыс объектiлерi әдiстерiнiң және Рұқсат берiлген жобаға және шарттарға сәйкес барлық құрылыс нормаларын орындау актiлерiнiң көшiрмесiн беруге мiндеттi.
      19. Мемлекеттiк меншiк нысанындағы объектiлерге Рұқсат берудi Өкiлеттi орган тегiн, ал жеке меншiк нысанындағы объектiлер үшiн - Өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте жүргiзедi.

          III. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
        салудың тау-кен-геологиялық негiздемелерiнiң мазмұны

      20. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда көзделiп отырған құрылыс салуды немесе олар орналасқан жерлерде Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарының Тау-кен-геологиялық негiздемесi мынадай құжаттардан тұруға тиiс:
      а) мыналарды қамтыған түсiндiрме жазбадан:
      тау-кен-геологиялық негiздеменi әзiрлеген жобалау ұйымының аты;
      құрылыс объектiсiнiң аты, мекен-жайы, не мақсатқа арналғандығы, объектi қандай ұйым үшiн салынады, қандай Пайдалы қазбалар орналасқан алаңда және қандай кәсiпорын аумағында салу көзделiп отыр;
      құрылыс салынатын алаңның қысқаша сипаттамасы және өлшемi;
      аталған объектiнiң құрылысына арналған жобалық құжаттаманы әзiрлейтiн жобалау ұйымының аты;
      ауданның қысқаша геологиялық сипаттамасы (геологиялық құрылымы, орынның тереңдiгi, негiзгi кен және олармен бiрге орналасқан Пайдалы қазбалардың құрылысы, қордың саны мен сапасы), гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық жағдайлар;
      Пайдалы қазбалар алаңдарындағы құрылыс объектiлерiн орналастыру негiздемесi, олардың орналасу алаңына құрылыс салумен байланысты пайдалы қазбалардың күтiлетiн зиянынан келетiн экономикалық шығын есебiн қоса есептегенде;
      б) қорлардың саны мен сапасы туралы, көзделiп отырған құрылыс салынатын алаң астындағы негiзгi компоненттерiнiң және олармен бiрге Пайдалы қазбалардың зерттелу дәрежесi туралы Өкiлеттi органның қорытындысының көшiрмесi;
      в) құрылыс салу көзделген алаңның астында орналасқан Пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының есебi, онда тау-кен жұмыстарын дамыту болашағы күтiлетiн шығын немесе Пайдалы қазбалар қорын сақтаудың көлемi, сондай-ақ жер бетiн қозғау мүмкiн болатын процестер туралы мәлiметтер келтiрiлуi тиiс;
      г) техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiгiндегi Қазақстан Республикасының жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу және тау-кен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi органдарының қорытындыларының көшiрмелерi;
      д) мыналардан тұратын графикалық бөлiк:
      кәсiпорындардың көзделiп отырған құрылыс салу алаңының топографиялық жоспарының немесе негiзгi жоспардың көшiрмесiнен, елдi мекендердiң құрылыс салуға iргелес аумақтарымен тау-кен-геологиялық жағдайларының элементтерiн, қолданылып жүрген және жобаланған құрылыс салу контурлары, құрылыс салу объектiлерiне тау-кен өндiрулерiнiң зиянды әсерiнiң аймақ шекарасы. Жоспар көшiрмесiнiң бос бөлiгiнде тiркеу жазбасы мен Х.Ү координаты көзделiп отырған құрылыс салу алаңынан бұрыштық нүктелерi үшiн орын қалдырылады;
      геологиялық карталардан пайдалы қазбалардың құрылыс салу көзделген алаңдағы жер астындағы орындардан барлық қабаттардың, жарықтардың және басқа да шөгiндiлердiң гисометриялық жоспарларының көшiрмесi, осы орын бойынша геологиялық кенiштердiң көшiрмелерi (мұнай және газ кен орындары үшiн құрылымдық карталар және кескiндер).
      Түсiндiрме жазба және графикалық құжаттамаға құрылыс салудың тау-кен-геологиялық негiздемесiн әзiрлеушi ұйымның басшысы қол қояды, қол мөрмен бекiтiледi.

            IҮ. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс
           салудың белгiленген тәртiбiнiң орындалуына жауаптылық
                           және бақылау жасау

      21. Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда Рұқсатсыз салу жұмсалған шығындар өтеусiз және аумақты қалпына келтiру мен басталған құрылысты бұзу жөнiндегi келесi шығын жұмсаумен тоқтатылады.
      22. Өз бетiнше құрылыс салуға кiнәлi және Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде жер асты құрылыстарын өз бетiнше салған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
      23. Осы Ереженiң талаптарын сақтауға мемлекеттiк бақылау жасауды

Өкiлеттi орган жүзеге асырады.
     24. Жер қойнауын қорғаудың жобаларында көзделген құрылыстық
шаралардың толық әрi сапалы болуына өңделiп жатқан аумақта құрылыс
жүргiзушi ұйым жауапты болады.
     25. Ғимараттар мен құрылысты тау-кен жұмыстарының зиянды
әсерiнен қорғаудың жобада көзделген шараларын орындау үшiн жер
қойнауын пайдаланушы жауап бередi.
     26. Өңделiп жатқан аумақта орналасқан ғимараттар мен құрылысты
пайдаланудың техникалық жағдайларының дұрыстығына осы объектiлерге
иелiк етушi ұйым жауап бередi.

                                             1-ҚОСЫМША

            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
              Қазақстан Республикасының Геология және жер
                      қойнауын қорғау министрлiгi

            Құрылыс салу алаңының астында Пайдалы қазбалар
                    жоқ екендiгiн куәландыратын
                               АКТ
     ______________________________________________________________
                   (актiнi берушi органның аты)
     ______________________________________________________________
                   (кәсiпорынның, ұйымның аты)
     Құрылыс салуға арналған алаңның астында ______________________
     ______________________________________________________________
                          (объектiнiң аты)
     орналасқан ___________________________________________________
                           (елдi мекен, аудан, облыс)
     топографиялық жоспар көшiрмесiнде белгiленген Пайдалы қазбалар
     ______________________________________________________________
          (Х,Ү координаттарымен бұрыштық нүктелердiң тiзбесi)
     қорының жоқ екендiгiн хабарлайды.

     Мөрдiң орны
                   Министрдiң орынбасары __________________________
                                                   (қолы)

                                             2-ҚОСЫМША

            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
              Қазақстан Республикасының Геология және жер
                      қойнауын қорғау министрлiгi

          Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға
                      Рұқсат берудi куәландыратын
                                 АКТ
     "____"________________ 199__ж.      _______________ қаласы
     ______________________________________________________________
                     (рұқсат берушi органның аты)
     Ерекшелiк тәртiпте ___________________________________________
                         (рұқсат алатын кәсiпорынның, ұйымның аты)
     қоса берiлiп отырған топографиялық жоспар көшiрмесiнде
     ______________________________________________________________
                      (қазбаның атауы және кен орны)
     бұрыштық нүктелермен белгiленген және - гектарға тең кен орны
     ______________________________________________________________
          (Х,Ү координаттарымен бұрыштық нүктелердiң тiзбесi)
     алаңында құрылыс салуға рұқсат етедi__________________________
     ______________________________________________________________
     Көрсетiлген алаңға мына шарттарды сақтай отырып ______________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
                      (құрылыс объектiсiнiң атауы)
     құрылыс салуға рұқсат етедi.

     Мөрдiң орны
                   Министрдiң орынбасары __________________________
                                                   (қолы)


                                             3-ҚОСЫМША

            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
              Қазақстан Республикасының Геология және жер
                      қойнауын қорғау министрлiгi

       Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде Пайдалы қазбаларды
           өндiрумен байланысты емес жер асты объектiлерiн
              орналастыруға Рұқсат берудi куәландыратын
                                АКТ
     "____"________________ 199__ж.      _______________ қаласы
     ______________________________________________________________
                     (рұқсат берген органның аты)
     Пайдалы қазбаларды Өндiрудi жүзеге асыратын __________________
     ______________________________________________________________
                (рұқсат алған кәсiпорынның, ұйымның аты)
     аумақта Пайдалы қазбаларды Өндiрумен байланысты емес объектiлердi
     ______________________________________________________________
             (пайдалы кендi өндiру жөнiндегi кәсiпорынның аты)
     салуға ерекшелiк тәртiпте рұқсат бередi.
     Көрсетiлген объектiлердiң орналасу орыны тiк кесiндiлермен және
     топографиялық жоспарда бұрыштық нүктелермен жердiң бетiне
     проекция түрiнде көрсетiлген _________________________________
     ______________________________________________________________
          (Х,Ү координаттарымен бұрыштық нүктелердiң тiзбесi)
     және -м3 тең.
     Құрылыс мына шарттарды:_______________________________________
     ______________________________________________________________
                      (құрылыс объектiсiнiң атауы)
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     сақтаған жағдайда рұқсат етiлдi.

     Мөрдiң орны
                   Министрдiң орынбасары __________________________
                                                   (қолы)

                                                    4-ҚОСЫМША

          Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға
              немесе Пайдалы қазбалар орналасқан жерлерде
                 жерасты объектiлерiн салуға берiлген
                          Рұқсаттарды тiркеу
                                 КIТАБЫ
____________________________________________________________________
Тiркеу|Рұқсат|Рұқсат  |Құрылыс|Құрылыс  |Кен орнының|Жер асты құры.|
нөмiрi|беру  |алған   |объек. |объек.   |аты және   |лысы салынатын|
      |уақыты|кәсiп.  |тiсiнiң|тiсiнiң  |Пайдалы    |құрылыс алаңы |
      |      |орнының,|аты    |орналас. |қазбалардың|(га), көлемi  |
      |      |ұйымның |       |қан жерi |сақталатын |(м)3          |
      |      |аты және|       |(әкiмшi. |қоры       |              |
      |      |оның ме.|       |лiк бөлу)|           |              |
      |      |кен-жайы|       |бойынша) |           |              |
______|______|________|_______|_________|___________|______________|
   1  |   2  |   3    |   4   |    5    |     6     |      7       |
______|______|________|_______|_________|___________|______________|
_____________________________________
Рұқсат алынған|Жер қойнауын |Ескерту |
   шарттар    |пайдаланушы  |        |
              |кәсiпорынның,|        |
              |ұйымның аты  |        |
              |және оның    |        |
              |мекен-жайы   |        |
______________|_____________|________|
      8       |      9      |   10   |
______________|_____________|________|