Төтенше жағдайларда алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру, министрлiктердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнен қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия құрылсын.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық бiрлестiктердiң авариялардың, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнiң алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн консультациялық-кеңесшi орган болып табылады деп белгiленсiн.
Ескерту. Кіріспеге, 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚРҮ-нiң 1998.04.28. N 390 қаулысымен .
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмi облыстық (қалалық, аудандық) Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң орынбасарларына, ал ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң аумақтық органдарына жүктейтiн болсын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. N 671 қаулысымен , 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
4. Министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде тиiстi салалық және объектiлiк комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң бiрiншi орынбасарларына (бас инженерлерiне) жүктейтiн болсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi қосымшаға сәйкес күшiн жойды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 мамырдағы
N 553 қаулысымен
Бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультациялық-кеңесшi орган болып табылады және авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылып отыр.
2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн министрлiктермен, өзге де орталық және атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу;
авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардан, халықты, елдiң аумағын қорғауға және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге шаралар жүйесiн жасау;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құралдарын құру және дамыту саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу;
төтенше жағдайларда алдын алу және iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру мен одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау;
төтенше жағдайлардың алдын алуға халықты және елдiң аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге бағытталған мемлекеттiк нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың авариялардың, апаттардың, зiлзала және басқа нәубеттердiң салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктің барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, адамдардың жұқпалы аурулары iндетi мен жаппай улануының, мал эпизоотиясы мен өсімдiктер ауруының алдын алуға, оқшаулауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауіпті аурулар мен карантиндiк жұқпалы аурулар әкелуден және олардың таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестіру. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.07. N 1112 қаулысымен , 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
4. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен:
министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы iс-қимылын үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заң және басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын жасауға қатысуға;
министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша есебiн тыңдауға;
министрлiктерден, өзге де орталық және атқарушы органдардан, меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден комиссияның қажеттi қызметi жөнiнде ақпарат сұратуға;
министрлiктердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның iшiнде бағдарламалық шараларды iске асыруға бюджеттен бөлiнген қаражатты, мақсатты пайдалануға талдау жасау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларды орындауына талдау жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшылары мен келiсiм бойынша) төтенше жағдайларды алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi талдау жасалатын, сараптық және басқа жұмыстарды орындау үшiн тартуға құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi комиссияның төрағасы болып табылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1998.04.28. N 390 қаулысымен , 2000.05.05. N 671 қаулысымен , 2003.11.07. N 1112 қаулысымен , 2004.02.02. N 123 қаулысымен , 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
7. Комиссия өзiнiң қызметiн төраға бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Комиссияның мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша Комиссия Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1998.04.28. N 390 қаулысымен , 2000.05.05. N 671 қаулысымен , 2005.02.09. N 122 қаулысымен .
8. Комиссияның құзыретiне сәйкес қабылданған шешiмдерiнiң нұсқаулық сипаты болады.
9. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiн Комиссия қарайтын және шешетiн неғұрлым маңызды мәселелер жөнiнде үнемi хабардар етiп отырады.
10. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
Ескерту. Ереже 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. Ереже 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 мамырдағы
N 553 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн
жойған шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақ ССР-iнiң Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 11 қыркүйектегi N 525 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 мамырдағы N 476 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 345 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қаңтардағы N 82 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 сәуiрдегi N 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 210-бап).
6. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1119 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 желтоқсандағы N 1379 қаулысы.
8. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1453 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 223 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 718 қаулысы.