Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 мамыр N 553

Қолданыстағы
      Төтенше жағдайларда алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнен қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия құрылсын.
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық бiрлестiктердiң авариялардың, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнiң алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн консультациялық-кеңесшi орган болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.28. N 390
               қаулысымен. P980390_

      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмi облыстық (қалалық, аудандық) Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң орынбасарларына, ал ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі аумақтық органдарына жүктейтiн болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. N 671

              қаулысымен.  

P000671_

 
     4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық
және атқарушы органдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
жөнiнде тиiстi салалық және объектiлiк комиссиялар құрып, оларға
басшылық етудi өздерiнiң бiрiншi орынбасарларына (бас инженерлерiне)
жүктейтiн болсын.
     5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi қосымшаға сәйкес
күшiн жойды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 3 мамырдағы
                                      N 553 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

         Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
            ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
                              ЕРЕЖЕ



      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультациялық-кеңесшi орган болып табылады және авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылып отыр.
      2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық және атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады.
      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу;
      авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардан, халықты, елдiң аумағын қорғауға және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге шаралар жүйесiн жасау;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құралдарын құру және дамыту саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу;
      төтенше жағдайларда алдын алу және iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру мен одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау;
      төтенше жағдайлардың алдын алуға халықты және елдiң аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге бағытталған мемлекеттiк нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың авариялардың, апаттардың, зiлзала және басқа нәубеттердiң салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiру;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      4. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы iс-қимылын үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заң және басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын жасауға қатысуға;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша есебiн тыңдауға;
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық және атқарушы органдардан, меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден комиссияның қажеттi қызметi жөнiнде ақпарат сұратуға;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның iшiнде бағдарламалық шараларды iске асыруға бюджеттен бөлiнген қаражатты, мақсатты пайдалануға талдау жасау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларды орындауына талдау жүргiзуге;
      Қазақстан Республикасының кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшылары мен келiсiм бойынша) төтенше жағдайларды алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi талдау жасалатын, сараптық және басқа жұмыстарды орындау үшiн тартуға құқылы.
      5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң төрағасы комиссияның төрағасы болып табылады (лауазымы бойынша). <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.04.28. N 390
               қаулысымен. P980390_
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. N 671
               қаулысымен. P000671_

      6. Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң аппаратына жүктеледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.28. N 390
               қаулысымен. P980390_
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. N 671
               қаулысымен. P000671_

      7. Комиссия өзiнiң қызметiн төраға бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      Комиссияның мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі арқылы белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныстар енгiзедi. <*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.28. N 390
              қаулысымен.  

P980390_

 
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. N 671           
              қаулысымен.  

P000671_

 

     8. Комиссияның құзыретiне сәйкес қабылданған шешiмдерiнiң
нұсқаулық сипаты болады.
     9. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiн Комиссия
қарайтын және шешетiн неғұрлым маңызды мәселелер жөнiнде үнемi
хабардар етiп отырады.

                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 3 мамырдағы
                                      N 553 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

         Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
            ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы

     Макиевский Н.М.    - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                          орынбасары - Қазақстан Республикасы
                          төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетiнiң Төрағасы (Комиссия төрағасы)
     Бижанов Н.Қ.       - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Төрағасының
                          бiрiншi орынбасары (Комиссия төрағасының
                          орынбасары)
     Некипелова Л.К.    - Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар
                          жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiнiң Төтенше
                          жағдайлардың алдын алу жөнiндегi Бас
                          басқармасының бас маманы (Комиссияның
                          хатшысы)
     Алесин В.И.        - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                          министрiнiң орынбасары
     Әлиғожинов С.К.    - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                          коммуникациялар министрiнiң бiрiншi
                          орынбасары
     Әлиев Е.Ә.         - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты
                          қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен
                          қадағалау комитетi төрағасының орынбасары
     Әмiров К.М.        - "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг
                          компаниясының бiрiншi Вице-президентi
     Алтынбеков С.А.    - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                          орынбасары
     Андрющенко А.И.    - Қазақстан Республикасының Экономика
                          министрiнiң орынбасары
     Арғымбаев Е.К.     - Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай
                          және Қызыл Жарты Крест қоғамы Ұлттық
                          комитетiнiң бас директоры (келiсiм бойынша)
     Асқаров Ә.А.        - Қазақстан Республикасының Баспасөз iстерi
                          және бұқаралық ақпарат жөнiндегi Ұлттық
                          агенттiгi төрағасының орынбасары
     Байболов С.М.      - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй
                          және аумақтарда құрылыс салу министрiнiң
                          орынбасары
     Балин В.Ф.         - Қазақстан Тұтынушылар Одағы басқармасы
                          төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм
                          бойынша)
     Досмағамбетов Б.Ф. - Қазақстан Республикасының Жоғары және
                          орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола
                          қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк
                          компаниясы төрағасының бiрiншi орынбасары
     Дробжев В.И.       - Қазақстан Республикасының ғылым министрiнiң
                          Ғылым академиясының орынбасары
     Дүйсекеев А.       - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Душимов Д.А.       - "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк
                          авиакомпаниясының президентi
     Ержанов С.Е.       - Қазақстан Республикасының Жоғары және
                          орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола
                          қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк
                          комиссиясы аппаратының құрылыс, инженерлiк
                          және көлiк инфрақұрылымы бөлiмiнiң
                          меңгерушiсi
     
<*>

     Жаркенов М.И.      - Қазақстан Республикасының Экология және
                          биоресурстар министрiнiң орынбасары
     Желтиков О.И.      - "Разноимпорт" мемлекеттiк акционерлiк
                          компаниясының президентi
     Жүнiсов Т.Ж.       - Қазақ сейсмикаға төзiмдi құрылыс және
                          сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-тәжiрибе
                          институтының директоры
     Қиынов Л.К.        - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                          өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары
     Қалабаев К.Б.      - Қазақстан Республикасының Геодезия және
                          картография бас басқармасының бастығы
     Қайдаров Р.Е.      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          тергеу комитетi төрағасының бiрiншi
                          орынбасары
     Коробейников А.И.  - Қазақстан Республикасының Еңбек
                          министрiнiң орынбасары
     Кравчук А.В.       - Қазақстан Республикасының Төтенше
                          жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                          Төтенше жағдайлардың алдын алу бас
                          басқармасының бастығы
     Куликеев Ж.А.      - Қазақстан Республикасының Статистика және
                          талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                          төрағасының бiрiншi орынбасары
     Құлназаров А.Қ.    - Қазақстан Республикасының Жастар iсi,
                          туризм және спорт жөнiндегi министрiнiң
                          бiрiншi орынбасары
     Курскеев А.К.      - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
                          академиясының сейсмология институтының
                          директоры
     Медеуов Е.У.       - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                          министрiнiң орынбасары
     Молғаждаров А.А.   - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                          азаматтық қорғау бас басқармасының бастығы
     Москаленко Б.Н.    - Қазақстан Республикасының Геология және
                          жер қойнауын қорғау министрiнiң бiрiншi
                          орынбасары
     Мұқашев Ж.Д.       - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң
                          бiрiншi орынбасары
     Мұртазаев М.О.     - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                          сауда министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Наурызбаев Н.Е.    - Қазақстан Республикасының кеден комитетi
                          төрағасының орынбасары
     Нұрбеков М.Н.      - Қазақстан Республикасының Әдiлет
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Оразбаев Б.Э.      - "Қазақстанэнерго" Мемлекеттiк энергетика
                          жүйесiнiң президентi
     Петров В.В.        - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бас
                          жедел басқармасының бастығы
     Романов А.Ф.       - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Романов В.И.       - Қазақстан Республикасының Халықты
                          әлеуметтiк қорғау министрiнiң бiрiншi
                          орынбасары
     Сағындықов Е.Қ.    - "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк
                          компаниясының президентi
     Сәрсембеков Т.Т.   - Қазақстан Республикасының Су ресурстары
                          жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
     Сембин Б.А.        - Қазақстан Республикасының Бас прокурорының
                          орынбасары
     Сыйқымбаев Д.Д.    - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                          қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi
                          орынбасары
     Симачев В.В.       - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Сытов Ю.Н.         - Қазақстан Республикасының Геология және
                          жер қойнауын қорғау министрiнiң орынбасары
     Тиесов С.А.        - Қазақстан Республикасының Энергетика
                          және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң
                          бiрiншi орынбасары
     Толымбеков К.Ш.    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          материалдық резервтер жөнiндегi 
                          комитетiнiң төрағасы
     Үмбетбаев Т.Ә.     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
     Черная О.В.        - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология
                          жөнiндегi Бас басқармасы төрағасының
                          орынбасары
     Щербаков Ф.И.      - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Язиков В.Г.        - "КАТЭП" Атом энергетикасы жөнiндегi
                          ұлттық акционерлiк компаниясының президентi

     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.03.20. N 242 қаулысымен.
               

P980242_

 

                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 3 мамырдағы
                                      N 553 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн
                    жойған шешiмдерiнiң
                        ТIЗБЕСI



      1. "Қазақ ССР-iнiң Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 11 қыркүйектегi N 525 қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 мамырдағы N 476 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 345 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қаңтардағы N 82 қаулысы.
      5. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 сәуiрдегi N 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 210-бап).
      6. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1119 қаулысы.
      7. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 желтоқсандағы N 1379 қаулысы.
      8. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1453 қаулысы.
      9. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 223 қаулысы.
      10. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 718 қаулысы.