Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы<*> ЕСКЕРТУ. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен.~P98005s

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1992 жылғы 18 желтоқсан N 6 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 2 том, 3 бет)

Қолданыстағы
      Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына, абыройына, іс атағына кір келтіретін әр түрлі өтірік-өсек қауесеттерден сақтап қорғаудың ең бір басты түрі - сот арқылы ар-намысты және абыройды қорғау.
      Соттардың іс тәжірибесін зерттеп қарағанда, мұндай істерді соттар негізінде дұрыс шешеді. Бірақ олардың тәжірибесінде кемшіліктер де бар. Судьялар кей жағдайларда ар-намысты және абыройды қорғау туралы талап арыздарды негізсіз қабылдамайды. Көп жағдайларда арызды қабылдаған кезде, сот мәжілісінде талаптың сипаты және жауапкер ретінде қатыстыратын жақтар анықталмайды. Талапкердің ар-намысына және абыройына кір келтіретін жағдайлар шындығында таратылған ба сот мәжілісінде жан-жақты және толық тексерілмейді. Келтірілген рухани зиянды өндіру талабын қараған кезде материалдық заңды қолдануға қателіктер жіберіледі. Бекерге шығаруға жататын нақты мәліметтер, оны қандай тәсілмен және қай мерзімде бекерге шығару керектігі биліктерде көп жағдайларда көрсетілмейді. Биліктің орындалуы жөнінде көп істер бойынша уақытында нақты шара қолданылмайды. Сонымен қатар ешбір себепсіз талаптарды қарамай тастау және істерді өндірістен қысқарту жағдайлары да көп кездеседі.
      Ар-намысты және абыройды қорғау жөніндегі заңдылықты қолданудан туындайтын сұрақтарға түсінік беру қажет ететіндіктен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
      1. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар танылады: баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды.
      Қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау, моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастары бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындыққа жатпайтын мәліметтер олардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, семьяда, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс-шаруашылық жұмысын жаманатты ететін мәліметтер). Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мәліметтер шындыққа жатса талапкердің ондай мәліметтерді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді деп есептеуге болмайды.
      Ар-намыс деген - азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы.
      Абырой деген - өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.
      Жұмыскерлік атақ деген - адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделдеріне қоғам пікірі бойынша дұрыс берілген баға.
      2. Азаматтық Кодекстің 7 бабы бойынша қозғалған азаматтық істерді қарағанда соттар мынадай жағдайларды толық анықтау керек: талап бойынша бекерге шығару туралы көрсетілген мәліметтер таратылған ба, олар ұйымның атағына, азаматтың ар-намысына және абыройына кір келтіре ме, мәліметтер шындыққа жата ма.
      Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.
      3. Соттың биліктерінде, үкімдерінде, тергеу органдарының қаулыларында және басқа да ресми құжаттарда көрсетілген мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар заң жүзінде шағым бойынша басқа тәртіппен қаралатын болғандықтан, ондағы мәліметтерді Қазақстан Республикасы АК-нің 7 бабындағы тәртіппен қаралмайды.
      4. Егерде жариялауда аты-жөні көрсетілмеген оның мағынасында кім жөнінде айтылып тұрғаны анық көрініп тұрса, сонымен қатар кір келтіретін мәлімдеме сол әулеттің қайтыс болған мүшесі жөнінде немесе заң жүзінде мұрагерге жататын жақын туысы жөнінде болса, мүдделі адам АІЖК-нің үшінші бабы бойынша сот арқылы ар-намысты және абыройды қорғау туралы талап қоюға құқылы.
      5. Кір келтіретін мәлімдеме кәмелетке толмаған немесе заң жүзінде ешбір қабілеті жоқ деп танылғандар жөнінде таратылған болса, олардың заңды өкілдері ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде талап қоюға құқықты (мысалы, бала қылып алушы, қамқоршы, тәрбиеші) немесе АІЖК-нің 31-бабының 1 бөлімі, 38-бабының 1-бөлімі бойынша прокурор.
      6. АК-нің 7 бабының мағынасы бойынша, егерде біреуді өсектеп, кір келтіретін мәлімдемені таратқан адамның іс әрекетіне Қылмыс Кодексінің 118 бабының 1-бөлігінде немесе 119 бабында көрсетілген қылмыстық белгі болса, жәбірленуші оны қылмыстық іс жүргізу тәртібі бойынша қылмысқа тарту туралы (ҚІЖК-нің 89 бабы) және азаматтық іс жүргізу тәртібімен ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде талап қоюға құқықты.
      Кір келтіретін мәлімдемені таратушыны қылмысқа тарту жөнінде қылмыстық іс қозғаудан сот, алдын-ала тергеу, анықтама органдары бас тартса да, ақтау үкімі шығып немесе қылмыстық іс қысқартылса да, бұл жағдайлар азаматтық іс қозғауға кедергі бола алмайды.
      7. Егер де кір келтіретін мәлімдеме баспада немесе басқада жаппай тәсілмен хабарланса (радио, теледидар т.б.), жауапкер ретінде автор және сол жаппай хабарлау мекемесі тартылады (редакция, баспа т.б.), себебі ҚР АК 9, 143-баптарына сәйкес талапкерге кір келтіретін мәлімдеме таратылғандығы анықталған жағдайда, ондай мәлімдемені теріске шығару міндетін сот сол мекемеге жүктеуге құқысы бар. Егерде жарияланған немесе басқаша таратылған мәліметте автордың аты көрсетілмесе (мәселен, баспадағы тақырыпта) іс бойынша сол жаппай хабарлау мекемесі жауапкерлікке тартылады.
      Мінездемелерде көрсетілген ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәлімдемелерді теріске шығару туралы талаптар бойынша жауапкерлікке сол мінездемелерге қол қойған адамдар және мінездемені берген мекеме, ұйымдар тартылады.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15.
               N 5 қаулысымен. P98005s_
      8. ҚР АК 143-бабының талабы бойынша таратылған мәлімдеменің шындығын дәлелдеу жауапкерге жүктеледі. Талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар ол ар-намысына және абыройға кір келтіретін мәлімдеменің жалған екендігін анықтайтын дәлелдер келтіруге құқылы. Егерде дәлелдер жеткіліксіз болса, сот жақтарға қосымша дәлел келтірулеріне ырық береді немесе оларды өз ынтасымен алдырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15.
               N 5 қаулысымен. P98005s_
      9. Егерде талапкердің дауласып отырған мәлімдемесі аппарат агенстводан немесе ресми түрде жаппай хабарлау құралдарынан, жиналыстарда сөйленген әлде автордың сөзінен алынып эфирге шықса /Қазақстан Республикасының "Баспа және басқада жаппай хабарлау мекемесі туралы" Заңының 41 бабы/, сот АІЖК-інің 26 бабының ыңғайына қарай іске жауапкер ретінде, жаппай хабарлау мекемесімен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы керек. Мұндай жағдайда таратылған мәлімдеме шындыққа жататындығын аталған мекеме және жеке адам дәлелдеуге міндетті.
      АК- 143-бабы бойынша ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдеменің баспада немесе басқаша түрде хабарланғаны (радио, теледидарда, т.б.) сот билігімен жалған деп табылса бұл теріске шығару туралы мәлімдемені оны жариялаған баспа немесе жаппай хабарлау мекемесі жасайды. Соттың шешіміне қайшы келетін өз талқысын іс бойынша жауапкер болған жаппай хабарлау мекемесі хабарлауы тиіс емес. Егер ондай талқыламалар жіберілсе, онда сот билігі орындалмаған болып есептеледі. <*>
      Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін шындыққа жатпайтын мәлімдемелерді таратқан бірнеше жаппай мекемелер, ұйымдар және азаматтар болса ондай мәлімдемелерді сот арқылы теріске шығару туралы талапты олардың барлығына бірден бір мезгілде талап қоюға болады (АІЖК-нің 25 бабы).
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15.
               N 5 қаулысымен. P98005s_
      10. Заңда көрсетілген реттерді қоспағанда, талапкердің талабы бойынша ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәлімдемелердің таратылғанын теріске шығару үшін ҚР АК 187-бабында көрсетілген заңды талап мерзімі қолданылмайды. <*>
      Қазақстан Республикасының "Баспа және басқада жаппай хабарлау мекемесі туралы" Заңның 27, 28 баптарының амалы бойынша егерде жаппай хабарлау мекемесі ар-намысқа және абыройға кір келтіріп таратылған мәлімдемелерді теріске шығарудан бас тартса немесе жарияланған мәліметке жауап беруден бас тартса, не ондай хабарларды жариялауға белгіленген бір айлық мерзімді бұзған болса, мүдделі азаматтар немесе ұйымдар жалған мәліметтер жарияланған уақыттан бастап бір жыл ішінде сот арқылы редакциядан мәлімдеменің жалған екенін жазалауды немесе жауап беруді талап етуге құқықты. Егерде талап қою мерзімі себепті жағдайларға байланысты өтіп кеткендігі анықталса сот ол өткен мерзімді бұрынғы қалпына келтіреді.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15.
               N 5 қаулысымен. P98005s_
      11. Егерде талапкерге кір келтірді деген мәлімдемені сот шындыққа жатқызса, сондай-ақ егерде таратылған мәлімдеме оған кір келтірмейтін болса, ондай теріске шығару туралы талапты қанағаттандыруға болмайды.
      12. Талаптарды қанағаттандыруда сот шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек.
      Терiске шығару азаматтардың ар-намысы абыройына және iскерлiк беделдiлiгiне немесе заңды тұлғаға таратылған мәлiметтердiң шындыққа жатпайтындығын көпшiлiкке хабарлау деп түсiндiрiледi.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдар құжаттарынан шыққан, кiр келтiретiн мәлiметтердi терiске шығару тәртiбi ҚР АК K941000_ 143-баптың 2-тармағының 1-2-тармақшаларында анықталған.
      Басқа жағдайларда терiске шығару жолын сот белгiлейдi.
      Терiске шығару тәртiбiн анықтай отырып, сот барлық жағдайларда кiр келтiру мәлiметтерiнiң шындыққа жатпайтынын жариялы түрде хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi (шешiмдi еңбек ұжымы жиналысында хабарлау, шешiм шығару туралы ақпарат құралдары, радио, теледидардан т.с.с. хабарлау). <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
               1998.05.15. N 5 қаулысымен. P98005s_
      13. Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талабымен бірге талапкер одан келтірілген мүлік зиянды өндіру туралы талап қоюға құқы бар.
      Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талапты қарағанда онымен қатар азаматтардың немесе заңды құқы бар мекемелердің ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдемелердің таратуынан келтірілген рухани зиянды, (мүлікке жатпайтын), не басқада мүлікке жатпайтын зиянның орнын толтыру талаптарында қарауға соттың мүмкіндігі бар. Билік шығарылғанда рухани зиянның (мүлікке жатпайтын) мөлшері кір келтіретін мәлімдеменің мағынасына қарай (қылмыс жасады деуі, әкімшілік-құқықты, азаматтық құқықты бұзуды, адамгершілікке жатпайтын қылық жасады, т.б), оның қаншама жарияланғанына, жауапкердің кінәсінің түріне, оның тұрмыс жайына және басқа еске алуға жататын жағдайға байланысты ақшалай есептеледі.
      Рухани зиянды (мүлікке жатпайтын) қалпына келтіру туралы талапқа заңды талап мерзімі жатпайды (ҚР АК 187 бабы).
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15.
               N 5 қаулысымен. P98005s_
      14. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорлауды болдырмау және ескерту мақсатында, соттар шындыққа жатпайтын кір келтіретін мәлімдемелерін таратқан адамдар және ұйымдар жөнінде жеке ұйғару шығару мәселесін талқылау қажет.
      15. Егерде талапкердің ар-намысына және абыройына кір келтірген мәлімдемені теріске шығару туралы сот билігі белгіленген мерзімде орындалмаса немесе дұрыс орындалмаса, сот оны бұзушыға АІЖК-нің 406-бабында көрсетілген шамаға сәйкес мемлекет пайдасына өндірілетін штраф (жаза) салады.

     Талапкерге кір келтірген мәлімдемені бекерге шығарған сот билігінің 
орындалуы бұзушының салынған штрафы төленгенімен тоқтатылмайды.
     16. Осы қаулының қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасында 
бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Сотының N 2 
1989 жылғы наурыздың 2 жұлдызындағы "Ар-намысты және абыройды қорғау 
жөнінде Советтік Социалистік Республикалар Одағының және Одақтас 
Республикалардың азаматтық заңдар негізінің 7 бабын сот тәжірибесінде 
қолдану туралы" Пленум қаулысы қолданылмайды. 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж.