Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1992 жылғы 18 желтоқсан N 6.

Жаңартылған

      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 , бүкіл мәтін бойынша "ҚР" деген сөздер алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 4 Нормативтік қаулысымен.

      Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңмен көзделген әдістер жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғаудың әсерлі құралы болып табылады.

      Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың біркелкі қолданылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      Ескерту. Атауы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      1. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар танылады: баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды.

      Қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау, моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастары бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындыққа жатпайтын мәліметтер олардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, семьяда, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс-шаруашылық жұмысын жаманатты ететін мәліметтер). Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мәліметтер шындыққа жатса талапкердің ондай мәліметтерді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді деп есептеуге болмайды.

      Ар-намыс деген - азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы.

      Абырой деген - өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.

      Жұмыскерлік атақ деген - адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделдеріне қоғам пікірі бойынша дұрыс берілген баға.

      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 141, 143-баптарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 24 және 152-баптарымен көзделген тәртіпте және негіздер бойынша қозғалған азаматтық істерді қарағанда соттар мынадай жағдайларды толық анықтау керек: талап бойынша бекерге шығару туралы көрсетілген мәліметтер таратылған ба, олар ұйымның атағына, азаматтың ар-намысына және абыройына кір келтіре ме, мәліметтер шындыққа жата ма. <*>

      Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      3. Соттың биліктерінде, үкімдерінде, тергеу органдарының қаулыларында және басқа да ресми құжаттарда көрсетілген мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар заң жүзінде шағым бойынша басқа тәртіппен қаралатын болғандықтан, ондағы мәліметтерді Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 24-бабында және АК-нің 143-бабында көзделген тәртіппен қаралмайды. <*>

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      4. Егерде жариялауда аты-жөні көрсетілмеген оның мағынасында кім жөнінде айтылып тұрғаны анық көрініп тұрса, сонымен қатар кір келтіретін мәлімдеме сол әулеттің қайтыс болған мүшесі жөнінде немесе заң жүзінде мұрагерге жататын жақын туысы жөнінде болса, мүдделі адам АІЖК-нің 8-бабы бойынша сот арқылы ар-намысты және абыройды қорғау туралы талап қоюға құқылы. <*>

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      5. Кір келтіретін мәлімдеме кәмелетке толмаған немесе заң жүзінде ешбір қабілеті жоқ деп танылғандар жөнінде таратылған болса, олардың заңды өкілдері ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде талап қоюға құқықты (мысалы, бала қылып алушы, қамқоршы, тәрбиеші) немесе АІЖК-нің 55-бабының үшінші бөлігі, 56-бабы, 150-бабының төртінші бөлігі бойынша прокурор. <*>

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      6. АК-нің 9 және 143-баптарының, егерде біреуді өсектеп, кір келтіретін мәлімдемені таратқан адамның іс әрекетіне Қылмыс Кодексінің 129 немесе 130-баптарында көрсетілген қылмыстық белгі болса, жәбірленуші оны қылмыстық іс жүргізу тәртібі бойынша қылмысқа тарту туралы (ҚІЖК-нің 390-бабы) және азаматтық іс жүргізу тәртібімен ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде талап қоюға құқықты. <*>

      Кір келтіретін мәлімдемені таратушыны қылмысқа тарту жөнінде қылмыстық іс қозғаудан сот, алдын-ала тергеу, анықтама органдары бас тартса да, ақтау үкімі шығып немесе қылмыстық іс қысқартылса да, бұл жағдайлар азаматтық іс қозғауға кедергі бола алмайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      7. Егер де кір келтіретін мәлімдеме баспада немесе басқада жаппай тәсілмен хабарланса (радио, теледидар т.б.), жауапкер ретінде автор және сол жаппай хабарлау мекемесі тартылады (редакция, баспа т.б.), себебі АК АК-нің 143-бабының 2-тармағына

      сәйкес талапкерге кір келтіретін мәлімдеме таратылғандығы анықталған жағдайда, ондай мәлімдемені теріске шығару міндетін сот сол мекемеге жүктеуге құқысы бар. Егерде жарияланған немесе басқаша таратылған мәліметте автордың аты көрсетілмесе (мәселен, баспадағы тақырыпта) іс бойынша сол жаппай хабарлау мекемесі жауапкерлікке тартылады. <*>

      Мінездемелерде көрсетілген ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәлімдемелерді теріске шығару туралы талаптар бойынша жауапкерлікке сол мінездемелерге қол қойған адамдар және мінездемені берген мекеме, ұйымдар тартылады.

      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      8. АК-нің 141-бабы 3-тармағының және 143-бабы 1-тармағының талабы бойынша таратылған мәлімдеменің шындығын дәлелдеу жауапкерге жүктеледі. Талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар ол ар-намысына және абыройға кір келтіретін мәлімдеменің жалған екендігін анықтайтын дәлелдер келтіруге құқылы. Егерде дәлелдер жеткіліксіз болса, сот жақтарға қосымша дәлел келтірулеріне ырық береді немесе оларды өз ынтасымен алдырады.<*>

      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      9. Егерде талапкердің дауласып отырған мәлімдемесі аппарат агенстводан немесе ресми түрде жаппай хабарлау құралдарынан, жиналыстарда сөйленген әлде автордың сөзінен алынып эфирге шықса, соттар АІЖК-нің 50 және 51-баптарына сәйкес іске жауапкер ретінде, жаппай хабарлау мекемесімен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы мүмкін. <*> Мұндай жағдайда таратылған мәлімдеме шындыққа жататындығын аталған мекеме және жеке адам дәлелдеуге міндетті.

      АК- 143-бабы бойынша ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдеменің баспада немесе басқаша түрде хабарланғаны (радио, теледидарда, т.б.) сот билігімен жалған деп табылса бұл теріске шығару туралы мәлімдемені оны жариялаған баспа немесе жаппай хабарлау мекемесі жасайды. Соттың шешіміне қайшы келетін өз талқысын іс бойынша жауапкер болған жаппай хабарлау мекемесі хабарлауы тиіс емес. Егер ондай талқыламалар жіберілсе, онда сот билігі орындалмаған болып есептеледі.<*>

      Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін шындыққа жатпайтын мәлімдемелерді таратқан бірнеше жаппай мекемелер, ұйымдар және азаматтар болса ондай мәлімдемелерді сот арқылы теріске шығару туралы талапты олардың барлығына бірден бір мезгілде талап қоюға болады (АІЖК-нің 50 бабы).

      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      10. Заңда көрсетілген реттерді қоспағанда, талапкердің талабы бойынша ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәлімдемелердің таратылғанын теріске шығару үшін АК 187-бабында көрсетілген заңды талап мерзімі қолданылмайды.<*>

      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      11. Егерде талапкерге кір келтірді деген мәлімдемені сот шындыққа жатқызса, сондай-ақ егерде таратылған мәлімдеме оған кір келтірмейтін болса, ондай теріске шығару туралы талапты қанағаттандыруға болмайды.

      12. Талаптарды қанағаттандыруда сот шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек.

      Терiске шығару азаматтардың ар-намысы абыройына және iскерлiк беделдiлiгiне немесе заңды тұлғаға таратылған мәлiметтердiң шындыққа жатпайтындығын көпшiлiкке хабарлау деп түсiндiрiледi.

      Бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдар құжаттарынан шыққан, кiр келтiретiн мәлiметтердi терiске шығару тәртiбi АК 143-баптың 2-тармағының 1-2-тармақшаларында анықталған.

      Басқа жағдайларда терiске шығару жолын сот белгiлейдi.

      Терiске шығару тәртiбiн анықтай отырып, сот барлық жағдайларда кiр келтiру мәлiметтерiнiң шындыққа жатпайтынын жариялы түрде хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi (шешiмдi еңбек ұжымы жиналысында хабарлау, шешiм шығару туралы ақпарат құралдары, радио, теледидардан т.с.с. хабарлау).<*>

      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .

      13. Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талабымен бірге талапкер одан келтірілген мүлік зиянды өндіру туралы талап қоюға құқы бар.

      Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талапты қарағанда онымен қатар азаматтардың немесе заңды құқы бар мекемелердің ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдемелердің таратуынан келтірілген рухани зиянды, (мүлікке жатпайтын), не басқада мүлікке жатпайтын зиянның орнын толтыру талаптарында қарауға соттың мүмкіндігі бар. Билік шығарылғанда рухани зиянның (мүлікке жатпайтын) мөлшері кір келтіретін мәлімдеменің мағынасына қарай (қылмыс жасады деуі, әкімшілік-құқықты, азаматтық құқықты бұзуды, адамгершілікке жатпайтын қылық жасады, т.б), оның қаншама жарияланғанына, жауапкердің кінәсінің түріне, оның тұрмыс жайына және басқа еске алуға жататын жағдайға байланысты ақшалай есептеледі.

      Рухани зиянды (мүлікке жатпайтын) қалпына келтіру туралы талапқа заңды талап мерзімі жатпайды (АК 187 бабы).

      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .

      14. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорлауды болдырмау және ескерту мақсатында, соттар шындыққа жатпайтын кір келтіретін мәлімдемелерін таратқан адамдар және ұйымдар жөнінде жеке ұйғару шығару мәселесін талқылау қажет.

      15. Егерде талапкердің ар-намысына және абыройына кір келтірген мәлімдемені теріске шығару туралы сот билігі белгіленген мерзімде орындалмаса немесе дұрыс орындалмаса, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтірген жауапкер заң актілерімен көзделген ретте әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. <*>

      Талапкерге кір келтірген мәлімдемені бекерге шығарған сот билігінің орындалуы бұзушының салынған штрафы төленгенімен тоқтатылмайды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      16. Осы қаулының қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасында бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Сотының N 2 1989 жылғы наурыздың 2 жұлдызындағы "Ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде Советтік Социалистік Республикалар Одағының және Одақтас Республикалардың азаматтық заңдар негізінің 7 бабын сот тәжірибесінде қолдану туралы" Пленум қаулысы қолданылмайды.