ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 764 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
234-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"234-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 272-1), 272-2), 272-3), 272-4) және 272-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"272-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
272-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
272-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
272-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
272-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 758-71), 758-72), 758-73), 758-74), 758-75) және 758-76) тармақшалармен толықтырылсын:
"758-71) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;
758-72) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
758-73) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
758-74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
758-75) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
758-76) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".
3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 296-15), 296-16), 296-17), 296-18), 296-19) және 296-20) тармақшалармен толықтырылсын:
"296-15) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне арналған кәсіби стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
296-16) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
296-17) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
296-18) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
296-19) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
296-20) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді.".
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
262) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"262) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 323-26), 323-27), 323-28), 323-29) және 323-30) тармақшалармен толықтырылсын:
"323-26) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
323-27) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
323-28) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
323-29) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
323-30) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".
5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) кәсіптік біліктілікті тану;";
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27) білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;";
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 229-17), 229-18), 229-19), 229-20), 229-21), 229-22), 229-23), 229-24), 229-25), 229-26), 229-27) және 229-28) тармақшалармен толықтырылсын:
"229-17) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын, сондай-ақ олардың үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;
229-18) кәсіптер тізілімін қалыптастыру, өзектілендіру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-19) кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-20) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қолданылуын қайта бастау және тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын әзірлеу және бекіту;
229-21) біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
229-22) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-23) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдауғы және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-24) Қазақстан Республикасының өңірлері арасында кәсіптік біліктілікті тануға арналған бір жолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-25) ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануда қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
229-27) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында бекітілген кәсіби стандарттардың тізбесін жүргізу;
229-28) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қызметін үйлестіру;".
6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 789-12), 789-13), 789-14), 789-15), 789-16) және 789-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"789-12) энергия аудиторларына арналған кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;
789-13) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
789-14) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
789-15) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
789-16) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
789-17) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".
7. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
"72-1) діни қызмет саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 259-25), 259-26), 259-27), 259-28) және 259-29) тармақшалармен толықтырылсын:
"259-25) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
259-26) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
259-27) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
259-28) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
259-29) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".
8. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
49) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 177-17), 177-18), 177-19), 177-20), 177-21), 177-22) және 177-23) тармақшалармен толықтырылсын:
"177-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;
177-18) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
177-19) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
177-20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
177-21) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
177-22) кәсіптік біліктілікті тану, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
177-23) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".
9. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"76) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 235-30), 235-31), 235-32), 232-33), 235-34), 235-35) және 235-36) тармақшалармен толықтырылсын:
"235-30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;
235-31) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
235-32) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
235-33) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
235-34) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
235-35) кәсіптік біліктілікті тану, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
235-36) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".