Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 14 сәуірдегі
№ 307 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 85-1) және 85-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "85-1) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;

      85-2) мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;".

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 229-12), 229-13), 229-14), 229-15) және 229-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "229-12) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекіту;

      229-13) жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      229-14) уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

      229-15) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын келісу;

      229-16) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын келісу;".

      4. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 117-1), 117-2), 117-3), 117-4) және 117-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "117-1) жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;

      117-2) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;

      117-3) жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      117-4) уақытша бос жүрген жастармен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;

      117-5) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 225-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "225-1) мемлекеттік органдардың уақытша бос жүрген жастар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;".