Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
2. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар:
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну;
2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу;
3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады".";
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.3. "Мемлекеттік фильмдер қорының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 551 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.